«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балақай мектебі

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

 

Жоспардың құрылу кезеңі      12 – 16  ақпан   2023-2024 оқу жылы

 

Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

 

Бейсенбі

Жұма

 

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің  толық аты - жөнін  атап сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту, бүгінгі ауа райы туралы балалардың ойын білу

 

Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдеріменкеңес ,әңгімелесу

 

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

 

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

 

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме:  «Дұрыс тамақтануға баулу»

 

 

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс- әрекеті, кітаптарды қарау және  басқалар)

Шарлармен жаттығулар орындау.            

Мақсаты: жаттығуларды орындайды.  қызығушылығын білдіреді. (Топпен)

 

Дидактикалық ойын

«Кімде не бар?»

Мақсаты: Заттардың (шкаф,орындық т.б) аттарын дұрыс атай біледі.

Дидактикалық ойын

"Ғажайып қапшық"

Мақсаты: балалар

 ойыншықтардың атауларын айтады.

Әңгімелесу   

:"Менің ойыншығым"

Мақсаты: Балалар тәрбиешінің сұрағына жеңіл сөздермен жауап береді.

Дидактикалық ойын

"Атын атап бер"

Мақсаты:түсі мен көлеміне қарамастан таныс заттарды таниды жəне көрсетеді.

 

Ертеңгілік жаттығу

 

 жаттығу кешені

 

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі-ҰІӘ)

 «Аспан»

 Асапан ашық,көгілдір,

Күн шуағын төгіп тұр!

Қол ұстасқан біздерді,

Тереземнен көріп тұр

 «Ақ тілек»

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тiлеп.

Жарып шыққан жүректен,

Сөздiң бәрi – Ақ тiлек!

«Сиқырлы таяқша»                                           

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

 «Қыс»

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Суық өтер қолғаптан.

«Шана»

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт, сарт, сарт

Алақанды соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз

Етік киіп аламыз.

Топ, топ, топ

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз

Тонды киіп аламыз

Зу, зу, зу

Шанаменен зулаймыз

 

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша  ҰІӘ

 

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

 

Сөйлеуді дамыту 

МіндетіӘңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға баулу

Мақсаты :Қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.

 

–Қыс мезгілінде неше ай бар?

–Балалар, қыс мезгілінің үш айы да қарлы, аяз, ызғарлы суықпен өтеді.

–Балалар, сендер қар қайтіп жауатынын білесіңдер ме?

–Дұрыс, қар жапалақтап, түйіршектеніп те жауады.

–Кәне, бәріміз бірге «жапалақтап», «түйіршектеніп» деген сөздерді қайталайық.

–Балалар, қардың түсі аппақ, жер бетінде күмістей, жып-жылтыр болып жалтырап жатады. Қар – жұмсақ ұлпа

 

Педагог өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді.

 

Қаңтар

 

Лебі мұздай ызғарлы, Алып келді қыс қарды. Қысқы түндер ұзарды, Ұзақ күндер қысқарды. Аяз сүйіп қарсы алған, Жердің аппақ тұлғасы. Басталады қаңтардан, Қыс айының ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауат ашу негіздері

 Міндеті:- Түрлі ойындар арқылы балалардың алдыңғы тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау

Мақсаты Сөздерді буынға бөлу, буындарды ретімен

айту жəне сызбамен белгілей алу дағдыларын бекіту.

 

«Бір буыннан басталатын бірнеше сөз» дидактикалық ойыны

Педагог балаларды екі топқа бөледі. Педагог бір буынды айтады, балалар жалғастырып,

келесі буынды табады. Бір буыннан бірнеше сөз құрауға жарысады. Сөз айтқан балаларға

жұлдызшы беріліп отырады. Қай топ бір буыннан ең көп сөз айтады екен.

Мысалы: (те-) те-(геш) , те-(рек), те-(мір), те-(тік), көр-(пе), (ор-) ор-(та), ор-(ман),

о-(рақ), (өр-) өр-(мек), өр-(кеш), өр-(ле), өр-(мек-ші), өр(т), (да-) да(мыл-да), да(был),

да(қыл), да(уыс), Да(риға), Дə(рия).

 

Сауат ашу негіздері

 Міндеті  .Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау

Мақсаты Берілген буынға сөз құрай алу дағдыларын бекіту

 

«Сөзді аяқта» дидактикалық жаттығуы

Мен сендерге сөздің ең соңғы буынын айтпай аяқталмаған сөздер айтамын, сендер

соңғы буынды қосып, сөзді аяқтап қайтадан айтасыңдар.

Мысалы: аққа...ла, ба...ла, ба...нан, бан...тик, асқа...бақ, сə...біз, домбы...ра, қам...шы,

балмұз...дақ, аялда...ма, дəріха...на, емха...на, балабақ...ша, бағдар...шам, қа...лам, қыза...нақ,

бұл...ақ, көзілді...рік, тоңазыт...қыш, тоқыл...дақ, тер...ек, ша...тыр, ал...қа, апель...син, ау...ыл,

ас...пан, қарын..дас, кер...ует, қа...зан, шаныш...қы, ба...лық, қал...қан, қаң...бақ, қа...мыр,

шал...бар, кі...лем, жү...рек, жүге...рі, жұл...дыз.

Əр дұрыс айтылған сөзге педагог жұлдызша беріп отырады

 

 

Сауат ашу негіздері

 МіндетіДыбыстық талдау жасай алу дағдыларын бекіту

МақсатыОйындар арқылы шапшаңдық, төзімділік секілді

қасиеттерін дамыту.

 

.«Кім көп сөз ойлап айтады?» дидактикалық ойыны

Н дыбысынан басталатын сөздер ойлаңдар, сөздерді шапалақпен буынға бөліндер,

қанша буын атасындар.

– Нан, нар, ну, нарын, немене, не, неге, нағыз, Нұрлан, Нұргүл, неке, нақ, неліктен.

– Р дыбысынан басталатын сөз ойлаңдар. Кім көп сөз ойласа, соған бір фишкадан беріліп

отырады.

– Радио, рауғаш, рас, рет, резеңке, рең.

Ойын соңында фишкаларды санап, жеңімпазды анықтайды.

Көркем әдебиет

Міндеті: - -Белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру

Мақсаты:театрландырылған ойындарға оң көзқарасын

қалыптастыру.

.Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар:

– Ертегі ұнады ма?

– Ертегі не туралы?

– Анасы тиінді жұмсап, қыздарын не үшін шақырды?

– Тиін үлкен қызды неге айналдырды? Не үшін?

– Тиін ортаншы қызды неге айналдырды? Не үшін?

– Тиін кіші қызды неге айналдырды? Не үшін?

– Қай қыздың əрекеті ұнады?

Рөлге бөліп ойнау

 

Үзіліс:Қимылды ойындар «Әуедегі атыс»

 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР

Мен қандай адаммын ? 
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым - қатынастың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу тәсілдерін меңгеру;

Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі . 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын:«Әуедегі атыс» қимылды ойыны

Мақсаты: Топпен қарым-қатынасты  нығайту, тез  қимылдау.

Ойынның шарты: Бұл сайыста оқушыларды екі топқа тең бөлесіз. 1-топқа бірыңғай қызыл түс (өз қалауыңыз бойынша да таңдауға болады), 2-топқа жасыл түсті үрленген шар беріп, екі команданың арасын түзу сызық етіп бормен сызып қоясыз. Музыка ырғағымен екі команда өз шарларын қарсылас команда жаққа лақтыру керек. Қай топ жылдам сол жеңіске жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

 

 

Қоршаған орта

Міндеті: -Қазақстан аумағын мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін атау және олардың өздеріне тән белгілері бойынша ажырату

Мақсаты Жануарлардың бәрінің тірі жан иесі екендігі және олардың тіршілік етуіне белгілі бір жағдайлар қажеттігі туралы түсінікті пысықтау

 

«Жануарды қоректендір» атты дидактикалық ойынды ұйымдастырады. Балалар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда жануардың атауын атайды, екіншісі оның немен қоректенетінін айтады. Содан кейін керісінше ойнайды. Балалар өз қалауы бойынша ұнататын жануарына ас мәзірін дайындайды (муляж немесе суреттер пайдаланады).

Математика негіздері

 Міндеті:- Геометриялық денелерді тануды және атауды бекіту, заттардың белгілерін, салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылығын табу-

Мақсаты:қоршаған ортадан геометриялық пішіндегі заттарды табу қабілетін қалыптастыру

 

Ортаны модельдеу

Тақтада геометриялық фигуралардан бейнеленген ағаштар суреті ілінген, педагогтің үстелінде көлемді фигуралардан ғимараттар салынған.

Геометриялық пішіндер елінде ағаштар да ерекше пішінге ие.

 

 

 

 

Ағаштардың суреттеріне қараңдар. Қандай геометриялық пішіндерді көріп тұрсыңдар?

 

 

 

 

 

 

 

 

Математика негіздері

Міндеті: Қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табу, олардың пішіндерін анықтау.

Мақсаты:қоршаған ортадан геометриялық пішіндегі заттарды табу қабілетін қалыптастыру

Шағын топпен жұмыс

 «Затты тап» ойынын ойнайды. Балалар санамақ арқылы топтарға бөлінеді, топтарда талқылап, геометриялық денелерге ұқсайтын заттарды атайды. Әрбір дұрыс жауап үшін фишка алады.

Жинақтағы геометриялық денелерді кезек-кезек көрсетіп, қандай заттардың оларға ұқсайтыны (осындай пішінге ие) туралы сұрайды. Фишкаларды ең көп жинаған топ жеңімпаз атанады

 

 

Математика негіздері

 Міндеті: Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде

Мақсаты кеңістікте орналасуы туралы білімін қалыптсатыру.

«Қарама-қарсы бағдарды ата» дидактикалық ойыны

Педагог ұйымдастырады. Педагог кеңістіктік бағдарларды атайды, ал белгі (доп, көрсеткіш, фишка және т.с.с.) алған бала мағынасы бойынша қарама-қарсы бағдарды атайды. Мысалы, оң жақ – сол жақ, жоғары – төмен және т.б.

Балаларға мағынасы бойынша қарама-қарсы сөздерді айтады.

Топтық жұмыс. «Не өзгерді?» ойыны

Педагогтың үстелінде бірнеше зат жатыр. Балалар бір-біріне қатысты заттардың қалай орналасқанын есте сақтайды. Содан кейін олар көзін жұмады, осы кезде педагог бір немесе екі заттың орындарын ауыстырады. Балалар көзін ашып, қандай өзгерістер болғанын, заттар бұрын қайда тұрғанын және қазіргі тұрған жерін айтады.

Педагог балаларды заттардың бір-біріне қатысты орналасуын сипаттайтын сөздерді пайдалануға ынталандырады. Мысалы, қоян мысықтың оң жағында тұрды, ал қазір оның оң жағында тұр, т.б.

Қоршаған орта

Міндеті: -Бақылау арқылы төрт түліктің пайдасын білу

Мақсаты   Үй жануарлары мен олардың төлдері; олардың   

адамға әкелетін пайдасы туралы түсініктерін жинақтау

 

«Кездейсоқ бірігу» техникасының көмегімен бірнеше топқа бөлінуге шақырады. Геометриялық фигуралар бейнеленген карточкаларды тарату арқылы; өтіп жатқан тақырыпқа қарай, гүлдердің, жануарлардың атауларына қарай.

Педагог сұрақтар немесе ескертпелердің көмегімен балалардың топтағы жұмысына бағыт сілтеп отырады. Сол арқылы мәліметтерді дұрыс қабылдауға, дұрыс сөйлеуге үйретеді: Қандай дыбыс шығарады? Не жейді? Қандай пайда әкеледі?

Балалардың назарын иттердің үйде және аулада өсірілетініне аударады. Үйде ұстайтын иттің астына төсем төселеді, ал аула иттері үйшікте жатады. Үйшіктің жанында ылғи ыдыс тұрады. Ол – иттің итаяғы. Қосымша мәлімет береді: әдетте, үйшіктің қасында екі итаяқ тұрады: біріне су, екіншісіне тамақ салынады. Қожайын итке тамақты белгілі бір уақытта құйып отырады.

Сұрақтарға жауап береді: Иттің өзіне тән белгілері қандай? Сиырдың ше? Олардың арасында ұқсастық бар ма?Айырмашылықтары қандай?

 

Үзіліс: Аз қимылды ойындар «Жалауша»

 

   

 

« Өкпені еріту » жаттығуы

Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін, көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз . Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз . Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз . 

 

 

 

 

 

 

Ойын: «Жалауша»
Ойынның мақсаты: жарысып тез жүгіруге,қарсыласынан бұрын жалаушаны алуға жаттықтыру. 
Керекті құралдар: ысқырық,жалауша,бор,таяқша. 
Мазмұны. 
Сыныптағы балалар санау арқылы екі командаға бөлінеді.Олар ойын алаңының екі шетінде қарама-қарсы сап түзеп тұрады.Ойыншылардың дәл ортасынан диаметрі 1 метрлік шеңбер сызылады.Шеңбердің ортасына жалауша тігіледі.Жалаушаның қасында қолына ысқырық ұстаған ойын жүргізуші тұрады. 
Ойынның басталуына белгі берілгеннен кейін әр командадағы бірінші тұрған ойыншылар тез жүгіріп келіп, жалаушаны алдымен алуға тырысады.Егер ала алса, ол ойыншы команда есебіне ьір ұпай қосады. 
Ал шеңберге екі бала да қатар келсе, олар өте сақ болулары керек, өйткені қай ойыншыға қарсыласының қолы бұрын тисе, оның жалаушаны алуға қақысы жоқ. 
Ойын осылай бірнеше рет жүріп,жеңіске жеткен команда анықталады. 
Ойынның ережесі. 
1.Ойыншылар тұрған қатарларынан бір мезетте шығуын мұқият қадағалау қажет. 
2. Шеңбердің сызығын басуға болмайды. 
3. Шеңбер ішінен алған жалаушаны ойын жүргізушіге беріп, ойыншылар қайтадан тұрған орындарына жүгіріп кетеді. 
Әдістемелік нұсқаулар. 
Ойын қызықты өту үшін командаларды бір түзудің бойына тұрғызу керек. Ойын жүргізуші етіп сабаққа қатыса алмайтын оқушыларды немесе арнаулы төрешілерді тағайындауға болады. 
 

 

 

 

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

 

 

Қазақ тілі

 Міндеті:-- Мемлекеттік Рәміздердің қазақша атын үйрету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру

МақсатМемлекеттік Рәміздердің қазақша атын үйрету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру..

Постермен жұмыс.

Педагог шағын мәтінді оқиды. Мынау – Мемлекеттік Елтаңба. Елтаңбамызда шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген. Төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Мемлекеттік Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

– Мемлекеттік Елтаңбада не бейнеленген?

– Мемлекеттік Елтаңбада шаңырақ, күн шуақтары, тұлпар, жұлдыз бейнеленген.

– Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кім?

– Мемлекеттің Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.

Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді, мәтінді қайталайды

Қазақ тілі

 Міндеті -  ,- Мемлекеттік Елтаңбаны сипаттай  білу үйрету, тақпақты жаттау

МақсатыМемлекеттік Рәміздердің қазақша атын үйрету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

«Мнемо кестесі» бойынша Мемлекеттік Елтаңбаны сипатта, сөйлем құра.

– Елтаңбада шаңырақ бейнеленген.

– Елтаңбада тұлпар бейнеленген.

– Елтаңбада жұлдыз бейнеленген.

2.Тақпақ жатта.

Мемлекеттік Елтаңба

Елтаңбамыз – ел беті,

Төрге ілінер көрнекі.

Анам таққан шолпыдай

Дөп-дөңгелек, өрнекті.

Сөйлеуді дамыту

 Міндеті: -Қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу

МақсатыҚыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Мақал-мәтелдер

1. Қысына қарай – көктемі, Диқанына қарай – егіні. 2.Қар жауды деп қуанба, Артынан келер аязы. 3.Қыс қамыңды жаз ойла. Дидактикалық ойын:

«Дауыссыз дыбыстарды анықта».

Ойын шарты: «Қаңтар» өлеңіндегі «мұздай», «ызғарлы», «қарлы», «түндер», «ұзарды»,

«қысқарды» сөздерінің ішінен дауыссыз дыбыстарды педагогтің көмегімен табу. Мысалы:

«мұздай» сөзіндегі «д» дыбысы – дауыссыз дыбыс. «Ызғарлы» сөзіндегі «з» дыбысы –

дауыссыз дыбыс. Тапсырма ауызша орындалады

Көркем әдебиет

 Міндеті: -Белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру -

Мақсаты .театрландырылған ойындарға оң көзқарасын

қалыптастыру.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

– Өмірдегі ең жақын, аяулы жан кім?

– Ана сөзін естігенде, ойларыңа не келеді?

– Аналарың сендерді қандай сөздермен еркелетеді?

Ана – ең аяулы жан. Анамызды сыйлап, ренжітпей жүруіміз керек. Анамыз ауырып

қалса, дəрі-дəрмек беріп, күтіп, көмектескеніміз жөн. Бүгін біз ана туралы «Үш қыз»

атты татар халық ертегісімен танысамыз.

Ертегі – əдеби жанрдың бір түрі екенін естеріне түсіру. Ертегінің əңгімеден

айырмашылығы – ойдан, қиялдан шығарады.

Ертегіні оқып, мазмұнын ашу

 

 

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

 Міндеті:-- Қаршақыздың достарымен танысып, олардың суретін сала білуге үйрету

-- Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін мүсіндеу, композицияларды қосымша заттар мен элементтердің көмегімен көркемдеп жеткізу

-Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару

-Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару

Мақсаты:- Қаршақыздың сүйікті достарын салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         Үзіліс:  «Торғайлар мен тор»  қимылды ойыны.

 

Тіл гимнастикасы

«Р»-ға тілің келе ме?

 

Қаламқасқа «тұр», - деші,

Қарындашқа «жүр», - деші.

«Қара қарындашты

Қаламқас алып тұр», - деші,

Ал енді өзің-ақ

«Р-р-р-р», - деші.

 

 

 

 

Ойын:«Торғайлар мен  тор» қимылды ойыны

Мақсаты:Топпен қарым-қатынасты  нығайту, тез  қимылдау.

Ойынның шарты:Балалар екі  топқа  бөлінеді.  Бір топ  алаңның  ортасында қол ұстасып  шеңбер  құрып  айналып  жүреді.  Сол  топ  тор  болып  саналады.  Екінші  топ- торғайлар. Тәрбиеші  торды  ашыңдар  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  көтереді.( Қол  ұстасып  айналып  жүреді) Торғайлар  шеңбердің ішіне  кіреді, тез  қайта  шығуға  тырысады. Тәрбиеші «торды  жабыңдар»  дегенде 1-ші  топтың  ойыншылары  қолдарын  түсіреді. Тордың   ішінде  қалып  қойған   балалар  шеңберге  қосылады.  Сөйтіп 1-3  торғай  қалғанша  ойнайды.

 

 

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

 

 

Дене шынықтыру

Міндеті: -- Аяққа арналған жаттығулар: аяқтың ұшына көтерілу, қолды алға созып, жартылай отырып-тұру (2-3 рет);

Мақсаты:. Сапта тұрып бір-екі санаққа санауға және сапта тұрып түзелуге үйрету. 30 см биік заттар арқылы кезекпен секіруге үйретуді жалғастыру.

II.            «Қатып қал!» ойын жаттығуы. Шашырап жүру, жүгіру. «Қатып қал!» бұйрығы бойынша бір орындарында қатып қалады.

 

Топтарға бөлініп, негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды. Нөмірлері бойынша топ болып сапқа тұрады.

30 см биік заттар арқылы кезекпен секіруге үйретуді жалғастыру. Нұсқау – екі аяқпен ширақ серпіліп, қолды алға шығарады.

Заттардың жанында екі тізбекке тұрады. Топтарға ат қояды. Поролон текшелерден секіріп, құрсауды айналып өтіп, таяқшаны келесі балаға алып келіп, өзі тізбектің соңына тұрады. Келесі жолы топ болып секіріп барып, қайтарда жүгіріп қайтып келеді. Екі аяқпен ширақ серпіліп, қолды алға шығарады. Саптан шықпай, бір-біріне кедергі келтірмеуге тырысады.

 

Музыка

Міндеті:-- Музыка тыңдай отырып сол музыканың мағынасын ұғынуға үйрету

МақсатыМузыка тыңдай отырып сол музыканың мағынасын ұғынуға үйрету

 

Музыка тыңдау:

«Бесік жыры» (Ш. Мұхамеджанов)

Ән айту:

«Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев)

«Айнала ақша қар» (И. Мамақов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Қоян», «Аю» (Е. Тиличеева) Билер: «Полька» хорват х.ә. (өңдеген В. Герчик) Ойындар, хороводтар:

«Көлеңке» (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Құлыншақ» (С. Урбах)

Дене шынықтыру

Міндеті:.- Қолды тізеге қойып отырып-тұру; аяқтың ұшымен ұсақ заттарды жылжыту

Мақсаты -

. Сапта тұрып бір-екі санаққа санауға және сапта тұрып түзелуге үйрету. 30 см биік заттар арқылы кезекпен секіруге үйретуді жалғастыру.

 

«Ержүректілікке жаттықтыру»

«Бұлтқа қол жеткізу»

Гимнастикалық қабырғада қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіріп өрмелеуге жаттықтыруды жалғастыру. Тапсырмаларды бұлжытпай орындап, өздерін ержүрек екендіктерін көрсетуге тырысады

Дене шынықтыру

Міндеті: - - Шанамен сырғанау. Бір-бірін шанамен сырғанату

Мақсаты  Дене қимыл жаттығуларын біртіндеп көбейте отырып, төзімділік пен жаттыққандықты арттыру. Бір аяқпен мейлінше ұзақ сырғи білуді

Жалғастыр

 

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Алшақ бас!».

Нұсқау – алшақ адымдар тек аяғымен жақсы итерілу, қолын екпінмен дұрыс сермеу, аздап бүгілген аяқпен барынша ұзаққа сырғығанда ғана мүмкін болатынына басты назар аудару керек.

15 метр қашықтықты ойыншылар қанша қадам жасап жүріп өтетінін есептеп байқау. Ойыншылар шаңғы жолымен 15 метр жүріп өтеді. Әр аяғымен мүмкіндігінше алысқа сырғуға тырысады.

Қайтадан орнына жай жүріп қайтады.

Музыка

 Міндеті:  -Бесік жыры арқылы балаларды имандылыққа тәрбиелеу

Мақсаты Музыка тыңдай отырып сол музыканың мағынасын ұғынуға үйрету

 

 

Музыка тыңдау:

«Бесік жыры» (Ш. Мұхамеджанов)

Ән айту:

«Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев)

«Айнала ақша қар» (И. Мамақов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Қоян», «Аю» (Е. Тиличеева) Билер: «Полька» хорват х.ә. (өңдеген В. Герчик) Ойындар, хороводтар:

«Көлеңке» (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Құлыншақ» (С. Урбах)

 

 

 

Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

 

 

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

 

 

 

 

 

Серуен

 

Серуен-Бақылау №1

Бақылау: Қыстап қалатын құстарды бақылау.

Мақсаты: Қыстап қалатын құстардың түрлерімен танысты

ру, қыстап қалатынқұстар  туралы мағлұмат беру.қамқор

лықпен қарауға үйрету.

Еңбек: Құстарға жем шашу.

 Мақсаты: Қыста құстарға аштықтың қатерлігін түсіндіре

отырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:

Қыс келгенде торғайым

Үй алдына қон дәйім.Ойна,жүгір желкілде,

Тисем саған оңбай

мын.

Мақсаты: Тақпақ жаттата отырып, балалардың сөздік                           қорларының белсенді

лігін арттыру,   тіл

мәдиниетін жетілдіру.

Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Балалардың бойында

ғы  зейінділік, сезім

талдық қабілеттерін дамыту.

 

Серуен-Бақылау №2

Бақылау: Қарды бақылау.

 Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелік

терін айту.Қар-түсі ақ, ұстасаң қолың тоңады, жылыға ериді.Ойлау қабілетін дамыту.

 Тақпақ:

Аппақ көше, бар дала,                   Аппақ ой мен қыраттар.

Ақ шатырлы қар қала,

Ақ жамылып тұр бақтар.

 Еңбек: Ағаштар түбіне қар үю.

 Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып,

үйілген қардың маңызы туралы түсінік беру.Сөздік

қорын дамыту, ойын

 жүйелеп жеткізе білуге үйрету.

Ойын: «Қардан түрлі бейнелер жасау».

Мақсаты: Ойынға қызығушылығын арттыру.

 

 

Серуен-Бақылау №3

Бақылау:Ауа-райын  бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын  бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: «Таза алаң».

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік».

Мақсаты: Ү дыбысының айтылуына жаттықтыру.Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.

Е.Өтетілеуов. «Күшік».

Үреді  үйшікте

Аулада күшіктер

Біреуі оның қап-қара,

Біреуі сары ала

Біреуі  қардай ақ,

Біреуі сұр жолақ

Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ:

Үреді абалап

Ойын: «Қасқыр мен қаздар».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи».

 

 

Серуен-Бақылау №4

Бақылау: Аязды бақылау.

 Мақсаты: Қыс мезгіліндегі күннің суықтығы-аяз. Аяздан бетіміз бен қолымыздың тоңатынын, үсіріп жібе

руі де мүмкін екенін, сол үшін де колғап,  мойын

 орауыш тағатынымызды түсіндіру.

Еңбек: Ауладағы қарды күреу.Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгіштікке, бірлесіп жұмыс  жасауға үлкенге көмек беруді үйрету. Күректі дұрыс  ұстауға үйрету.

 Қим.ойын«Сырғанақ тебу».

Мақсаты: Балаларды  ұйымшыл тату ойнауға, шанамен  ойнауға шақыру, таудан төмен сырғанау әдісін үйрету.

Жеке жұмыс: Жұмбақ. Терезеге қонады,

 Әсем ою ояды.(Аяз).

Мақсаты: Жұмбақ жаттату арқылы есте сақтау, ойлау қабілет

терін дамыту, сөздік қорларын молайту.

 

 

Серуен-Бақылау №5

Бақылау: Күнді бақылау.

 Мақсаты: Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі.  Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру.             

Еңбек: «Қыс қызығы».

Мақсаты: Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу, қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің  еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Ақ сандығым ашылды,                                   Ішінен жібек шашылды.

(Күн)

Мақсаты: Балаларға жұмбақтарды жаттата отырып, тіл байлықта-

рын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Қимылды ойын: «Айгөлек».

Мақсаты:  Денені шынықтыру, шапшан-

дыққа , ептілікке баулу.

 

 

Балалардың үйге қайтуы

 Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 

  Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 

Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

 

Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

 

 

Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
                                                       

 

 

 

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

 

Жоспардың құрылу кезеңі     19– 23  ақпан   2023-2024 оқу жылы

 

Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

 

Бейсенбі

Жұма

 

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің  толық аты - жөнін  атап сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту, бүгінгі ауа райы туралы балалардың ойын білу

 

Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдеріменкеңес ,әңгімелесу

 

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

 

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

 

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме:  «Дұрыс тамақтануға баулу»

 

 

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс- әрекеті, кітаптарды қарау және  басқалар)

Үстел үсті  театры:

«Өсімдіктер» және т.б. тақырыптар бойынша сюжетті картиналар қарастыру.

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Әңгіме құрастыру «Өзін жақсы қөретін гүлдерін  туралы әңгімелеп бер.»

Мақсаты: баланың сөздік қорын туысқандарының атауларын білдіретін сөздермен байыту.

Ойын– жаттығу:  «Топтағы өсімдіктерге күтім жасау»;

Альбомдар,сюжетті картиналар қарастыру,

Ірі құрылыс материалдарымен ойындар.

 

Ойын:«Гүлдерді   тауып, оларды атап бер»

Топтағы өсімдік бұрышы   туралы әңгімелесу

 

«Менің тобымдағы өсімдіктер» картиналар топтамасынан суреттер қарастыру

 

Ертеңгілік жаттығу

 

Таңғы жаттығу кешені № 9

 

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі-ҰІӘ)

Шаттық шеңбері:

 Асапан ашық,көгілдір,

Күн шуағын төгіп тұр!

Қол ұстасқан біздерді,

Тереземнен көріп тұр

Шаттық шеңбері:

«Ақ тілек»

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тiлеп.

Жарып шыққан жүректен,

Сөздiң бәрi – Ақ тiлек!

Шаттық шеңбері:

«Сиқырлы таяқша»

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Шаттық шеңбері:

«Қыс»

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Суық өтер қолғаптан.

Шаттық шеңбері:

  «Шана»

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт, сарт, сарт

Алақанды соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз

Етік киіп аламыз.

Топ, топ, топ

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз

Тонды киіп аламыз

Зу, зу, зу

Шанаменен зулаймыз

 

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша  ҰІӘ

 

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

 

Сөйлеуді дамыту 

МіндетіНегізгі ойды дұрыс жеткізе білу

Мақсаты Көліктер, олардың түрлері туралы түсінік беру

 

–Суда жүзетін қандай көлік түрлерін білесіңдер?

–Кемеде матростар жұмыс істейді, оларды капитан басқарады.

–Кемелер жүзу үшін не керек?

Педагог ыдысқа су құйып, қағаз кемені суға жібереді.

–Кеме не үшін керек?

Кеме тез жүзу үшін үрлеп толқын жасайық. Енді кемеге ат қояйық. Өзімізді кемеде отырмыз деп елестетейік те, Ермек Өтетілеуұлы ағамыздың «Кеме» өлеңінмен танысамыз. Өлеңді мәнерлеп оқып береді.

 

Міне, Кеме, Мінем, Мен де.

Сапарға алыс шығамын, Теңіз сырын ұғамын.

Жолсеріктей, жан достардай бізден қалмай, Шағалалар шаршамастан шарқ ұрады: Сағымданған, бұлдыраған түзде шалғай.

Кемемізді жағалаулар шақырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауат ашу негіздері

 МіндетіСөзге дыбыстық талдау жасау дағдыларын жетілдір

Мақсаты дыбыстық талдау туралы алған білімдерін

пысықтау

Дидактикалық ойын «Үйшігін дұрыс тап»

Балалар, мен сендерге суретті карточкалар таратып беремін, сендер карточкадағы

суретті атайсыңдар. Сол сөз дауысты дыбыстан басталса, тақтада тұрған қызыл үйшікке, ал

дауыссыз дыбыстан басталса, көк үйшікке саласыңдар.

Балалар жеке-жеке түсіндіріп, суреттерді өз үйшіктеріне салады.

Дидактикалық ойын: «Кері сөзді ата»(доппен)

– Балалар мен сендерге допты лақтырып сөз айтамын, сендер сол сөзге кері сөзді тауып

айтасыңдар да, допты кері лақтырасыңдар.

Мысалы: жаман-жақсы, ақ-қара, ақылды-ақымақ, білімді-білімсіз, қайырымды-

қайырымсыз, биік-аласа, жылады-күлді, отырды-тұрды, ашты- тəтті, жапты-ашты, кір-

шық, таза-лас, ыстық-суық, көрікті-көріксіз, жұмды-ашты, қатты-жұмсақ, ұзын-қысқа,

жалпақ-жіңішке т.б.

Сауат ашу негіздері

 Міндеті Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау

Мақсаты

дыбыстық талдау туралы алған білімдерін

пысықтау

 

Дидактикалық ойын: «Буынға бөл»

Мен сендерге суреттер көрсетем, сендер суретті атап, атуын шапалақпен буынға

бөліңдер.

Мысалы: жа-пы-рақ, жү-зім, ке-ру-ет, тү-йе, та-бақ, ке-рік, пи-яз, ө-рік, жыл-қы, ши-

е, мы-сық, а-ғаш, ал-ша, қа-ла, үс-тел, шал- ма, тек-ше, те-ре-зе, са-ғат, са-ғыз, қой, қо-ян,

түл-кі, піл, ке-се, ша-ныш-қы, ти-ін, и-не, пи-ма, ли-мон, ал-мұрт, қар-быз, қа-лам, ше-лек,

қы-за-нақ, а-рыс-тан, жол-ба-рыс, тас-ба-қа, ба-қа, қай-мақ, кө-бе-лек т.б.

 

Сауат ашу негіздері

 Міндеті:Сөйлем құрай білулерін, сөйлем сызбасын сыза білулерін жетілдіру

МақсатыСуреттер бойынша сөйлемдер құрай білу

дағдыларын жетілдіру

.– Мен сендерге сөздің ең соңғы буынын айтпай аяқталмаған сөздер айтамын сендер

соңғы буынды қосып сөзді аяқтап қайтадан айтасыңдар.

Мысалы: аққа...ла, ба..ла, ба..нан, бан..тик, асқа..бақ, сə..біз, домбы..ра, қам..шы,

балмұз..дақ, аялда..ма, дəріха..на, емха..на, балабақ..ша, бағдар..шам, қалам...сап, қыза..нақ,

бұл..ақ, көзілді..рік, тоңазт..қыш, тер..ек, ша..тыр, ал..қа, апель..син, ау..ыл, ас...пан,

қарын..дас, кер...ует, қа..зан, шаныш...қы, ба..лық, қал..қан, қаң..бақ, қа..мыр, шал..бар, кі..лем,

жү..рек, жүге..рі, жұл..дыз.

Əр дұрыс айтылған сөзге педагог жұлдызша беріп отырады. Ойын соңында жұлдызша

саналып, жеңімпаз анықталады.

Көркем әдебиет

Міндеті-  Сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолдануға баулу

Мақсаты:Ертегіні баяндауда эпитет, теңеу сөзді қолдануға үйрету

Мақалдың мағынасын түсініп ал.

Берместің асы піспес,

Қазаны оттан түспес.

Мақалдың мағынасын педагог ешкімге өзінің асынан татқызбайтын, дайын тамақты

ешкімге бермейтін адам деп түсіндіреді.

Ойын-жаттығу: «Өз көңіліңмен бөліс».

– Балалар, біз Алдаркөсені көргенде не істейміз? (Қуанамыз)

– Ал сараң бай Шығайбайды көргенде не істейміз? (Ашуланамыз)

Педагог ертегіні музыкалық театр арқылы сахналауды ұсынады. Ертегі кейіпкерлері

бойынша рөлдерге бөледі. Басқа балалар көрермен болады. Музыкалық театр аяқталған

соң көрермендерге бас иеді. Көрермендер қол шапалақтайды

 

Үзіліс:» 

 

Қимылды ойын:

« Күн мен түн »

Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.

Ойын мазмұны: 

Балалар бірі « Күн»,екіншісі « Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір-бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші « Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма-кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.

 

 

Қимылды ойын:« Көги-гөк »

Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Ойын мазмұны: Тақпақ айтып, бір қызды « кемпір» етіп сайлайды. Қалғандары қаз болады. « Кемпір» шетке шығып тұрады, басқа ойыншылар қаздай тізіліп, бірінің соңынан бірі ұстап:

Гөк, гөк, көги көк,

Гөк, гөк, көги гөк.

Гөк, гөк, көги гөк,-деп қаздың жүрісіне еліктей ақырын оң мен солға шайқалып, « кемпірдің» қасына келеді.

Бірінші келген балаға беріп: « Жоғалтпаңдар!»-деп тапсырады.

Балалар айнала жүріп, қайтадан қаздай тізіліп « кемпірге» келеді.

« Кемпір»

Әлгің қайда?

Қалды сайда!-деп сұрайды.

Балалар бәрі бірдей.

Әлгің қайда?-

Қалды сайда!-деп жауап береді. Олай болса сендердің біріңді алып қаламын, деп « кемпір» балаларға бас салады. Балалар тізбегін жазбай қаша жөнелуі керек. Қолға түскен біреуін « кемпір» қасына алып қала береді. Ойын барлық балаларды түгел ұстап болғанша қайта жалғаса береді.

 

 

Қимылды ойын:

« Аққу-қаздар »

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.

Ойын мазмұны: Алаңның бір шетіне қаздар тұратын үй белгіленеді, қарсы шетіне бақташы тұрады. Үйдің бір жақ бүйірінде қасқыр тұратын үңгір болады. Алаңның қалған жері жайылым болады. Бақташы қаздарды жайылымға қуып шығады, олар жайылып жүреді.

Бақташы: Қаздар, қаздар, қаңқылдап,

Барасыңдар қай жаққа.

Қаздар: Айна көлі жалтылдап,

Жатқан жасыл аймаққа.

Бақташы: Біздің жерге түсе кет,

Түсіп сусын іше кет.

Қаздар: Сіздің жерге түсеміз

Түсіп сусын ішеміз.

Бақташы: Болсын онда жол жайлы!

Қаздар: Бізге ол жаққа болмайды,

Жолды тосып тұр сұр қасқыр.

Бақташы: Олай болса, қалаған,

Жақтарыңа бар аман.

Қаздар қанаттарын жайып, жайылым арқылы үйлеріне ұшады, ал қасқыр үңгіршек жүгіріп шығып, оларды ұстауға тырысады. Ұсталған қаздар қасқырдың үңгіріне қарай жүреді. Бірнеше рет жүгірістен кейін қасқырдың ұстаған қаздарфын санайды. Ойын 3-4 рет қайталанады.

 

 

 

 

 

 

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

 

 

Қоршаған орта

Міндеті: -Жануарлардың тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және себеп-салдарлық байланыстарды ажырату

Мақсаты Табиғатты бағалай білуге, оған адамгершілік қарым-қатынас жасауға үйрету

«Ой-пой-пой» дидактикалық ойыны.

Педагог мынадай жағдайларды мысалға келтіреді: Үй жануарлары орманда тіршілік ете алады. Адам үй жануарларын бағады. Шошқа бағушы жылқыға күтім жасайды.

Жылқыларға арнап жылқы қора салады. Сіздерге бүгінгі ҰОҚ ұнады ма? Балалар ойынға қосылады. Егер балалар педагогтің айтқанымен келіссе: «Ой-пой-пой, дәл солай!» – деп жауап береді. Егер келіспейтін болса: «Ой-пой-пой, олай емес!» – деп жауап береді.

 

Математика негіздері

 Міндеті:- Қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа-

Мақсаты:Талдау, салыстыру, қарапайым тұжырымдар жасау; зейін, есте сақтау, сөйлеуді дамыту

.Топпен жұмыс: Санамақ арқылы балалар топқа бөлінеді. Балалардың әрқайсысында өрнекті сурет (алаша) бар.

Ойын жаттығуы. «Өз өрнегің туралы айтып бер». Балалар пішіндерді қарап, олардың орналасуын атауы тиіс

 

 

 

Балалар топтасып жұмыс істейді. Өрнектің элементтері қалай орналасқаны туралы айтады: оң жақтағы жоғарғы бұрышта – дөңгелек, сол жақтағы жоғарғы бұрышта шаршы, сол жақтағы төменгі бұрышта –сопақша, оң жақтағы төменгі бұрышта – тіктөртбұрыш, ал ортада үшбұрыш орналасқан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Математика негіздері

Міндеті: Кеңістікте және қағаз бетінде бағдарлау білімін қалыптастыру

Мақсаты:кеңістікте және қағаз бетінде бағдарлау білімін қалыптастыру.

 

«Суретті тап» дидактикалық ойыны

Карточкалармен жұмыс ұсынады:

Әрбір топта суреттері бар карточкаларды қараңдар.

Одан кейін, мысалы, оң жақтағы жоғарғы бұрышта орналасқан суретті көрсетуді (фишкамен жабуды) ұсынады. Жаттығу бірнеше рет қайталанады. Мұқият тыңдап, заттардың орналасуын атайды. Карточкаларды қарайды. Педагогтің нұсқауы бойынша іс-қимыл жасайды

Талқылап, сұрақтарға жауап береді.

Математика негіздері

 МіндетіҚағаз бетінде (жоғары, төмен, оң жақ, сол жақ, ортада) бағдарлауға, суретті сипаттау бойынша табуға үйрету

Мақсаты кеңістікте және қағаз бетінде бағдарлау білімін қалыптастыру.

1-тапсырманы орындауды ұсынады.

Суретке қарайды. Сөреде тұрған ойыншықтардың орналасуын айтады.

– Маймыл қандай сөреде отыр? ( Оң жақтағы жоғарғы.)

– Оның жанында қандай заттар бар? (Бұл сөреде басқа заттар жоқ.)

– Кітаптардың үстіңгі жағында, астыңғы жағында нелер тұр?

Жоғары – төмен, оң жақ – сол жақ сөздеріне сұрақ құрастыру. Педагог балалардан досының сұрақтарына жауап беруін сұрайды.

Қоршаған орта

Міндеті: -Жануарларды әртүрлі белгілері бойынша: құстар, балықтар, жануарлар, аңдар, жәндіктер,  топтастыруМақсаты ) Балалардың балықтар, бақалар мен су жәндіктері  1

және олардың тіршілігі жайлы түсініктерін кеңейту

 

суқоймасы мен оны мекендейтіндердің суреті мұқият қарап шығуды сұрайды. Балалардан суқоймаларында тіршілік ететін балықтар, бақалар мен жәндіктер туралы қызықты фактілер айтып берулерін өтінеді.

Балалар педагогтің жетекші сұрақтарының көмегімен суда балықтар, бақалар мен жәндіктер тұратынын айтады. Балық – суда тіршілік ететін жануар. Оның денесі қабыршақпен қапталған. Олар тек қана суда тіршілік етеді. Балықтар су астында желбезегінің көмегімен тыныстайды. Судағы ауа да ерекше. Суда тіршілік ететін бақалар да, жәндіктер де ондағы ауаны «аулауға» әбден үйренген. Ал, мысалы, жүзгіш қоңыз ауа көбіршіктерін кеуде қуысына салып алып, суға сүңгиді. Суқоймаларын мекендейтіндердің де пайдасы көп. Олар суды тазартады, оның мөлдір болуына ықпал етеді, қурап қалған өсімдіктерді жейді, судың түбін тазалайды

 

Үзіліс:   

 

Қимылды ойын:

« Шарлармен алмасу »

Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.

Ойын мазмұны: 

Балалар орындықтарда дөңгеленіп отырады. Тәрбиеші қатар отырған екі балаға бір-бірден шар береді де ары қарай басқаларға ауыстырады ( біреуі оңға, біреуі солға ұсынады ). Шарлар бір-бірімен екі жақтан кездескенде балалар « Соқтығысты» деген сөзбен оларды соқтықтырады. Одан кейін балалар орындарынан тұрып, дөңгелекті айналып, қарсы жаққа барады, қалғандары орындықтарынан тұрып: « Жүгірдік, жүгірдік...,» деп дауыстайды. Балалар өз орындықтарына жүгіріп келіп: « Ол шарды басқа балаларға береді де ойын қайталанады.

Бұл ойынды даладағы сазды алаңда өткізуге болады, онда балалар көк шөптің үстінде отырады

 

Қимылды ойын:

« Кішкене өзен арқылы »

Мақсаты:

Балаларды қырағылыққа, байқампаздыққа үйрету,бірлікке,татулыққа тәрбиелеу

Ойының шарты: 

Ойынға бір топ (6-8 адамнан) бала тартылады. Алаңда бір-бірінен 1,5-2м қашықтықта екі сызық сызылады. Бұл өзен.

Ойнаушылар сызықтың жанында-өзеннің жағасында тұрады. Олар өзеннен анық сызылған дөңгелектер арқылы аяғын суламай, тастан-тасқа секіріп өтуі керек. Дөңгелектердің арасының қашықтығы балалардың оларға бірінен-біріне секіре алатындай болуы керек. Өзеннен қатарынан 2-3 бала өтеді, ал қалғандары тәрбиешімен бірге оларды бақылап тұрады. Секіре алмай, аяғын сулап алғандары оны күнге кептіруге кетеді-орындыққа отырады. Кейін олар ойынға қайтып араласады, тәрбиеші оларды қалай болса да мақтап, жағаның екінші жағына өтуге көмектеседі.

 

 

 

 

 

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

 

 

Қазақ тілі

 Міндеті:,Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білу

МақсатыНұр-Сұлтан қаласы туралы сөйлем құрап айтуға үйрету.

Нұр-Сұлтан қандай қала?

– Нұр-Сұлтан – астана.

Қуыршақ Сәуле: Мен сендерге Нұр-Сұлтанның көрікті орындарын көрсете аламын.

Интербелсенді тақтада көрсету. Нұр-Сұлтан – біздің астана. Мынау – Нұр-Сұлтан қаласы. Мынау – көше. Астанада көшелер көп.

– Көше таза. Көшелер таза.

– Мынау – үй. Үй – үйлер.

– Биік үй. Биік үйлер.

– Әдемі үйлер.

– Мынау – Бәйтерек. (Түсінік беріледі).

Бәйтерек әдемі.

Мынау – ескерткіш.

Мынау – үш би ескерткіші.

Нұр-Сұлтан – жаңа қала.

Нұр-Сұлтан қандай қала екен? (Балалар «әдемі», «таза», жаңа сөздерін қолданып, жауап береді).

Нұр-Сұлтан – жаңа қала. Нұр-Сұлтан – әдемі, таза қала

Қазақ тілі

 Міндеті - Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, тақпақ жаттау,

МақсатыНұр-Сұлтан қаласы туралы сөйлем құрап айтуға үйрету.

 

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).

Ә-ә-ә-ә – бә-ә-ә й-те-рек – бәйтерек.

І -і-і, іс, ін, іні, іш-кіш – мынау – ескерткіш.

Ойын: «Жалғастыр». Сөздерді, сөйлемдерді бекітіп, қайталау.

Қа...(қала)

Кө... (көше)

Та... (таза)

Нұр-Сұлтан – жаңа... (Нұр-Сұлтан – жаңа қала.)

Нұр-Сұлтан – ... ( Нұр-Сұлтан – таза қала. Нұр-Сұлтан – әдемі қала.)

Сөйлеуді дамыту

 Міндеті: Зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру

 

МақсатыӨлең арқылы көлік түрлерінің маңызын түсіндір

Педагог өлең мазмұнын сұрақ қою арқылы сұрайды.

Өлең не туралы?

–Кемеге жол серік – деп нелерді айтып отыр?

–Алыс шалғайда не көрінеді?

–Енді осы өлеңді суретке қарап отырып, қайталап жаттап алыңдар.

–Балалар, бүгінгі оқу қызметінде нелер жайлы айтылды? Педагог екі тілде аудармаларды айтып өтеді.

Сөздік жұмыс.

Бұл жердегі «Сағымданған, бұлдыраған түзде шалғай» деген өлең жолдары «өте алыста, көз ұшында» деген мағынада

Ойын шарты: Суреттегі көлік түрлерінің жолдарын салу. Құрлықта жолмен жүретін болса астына жол, аспанда ұшатын болса бұлттар, суда жүзетіндерге көл салып беру керек.

Көркем әдебиет

 Міндеті: -Айналасында болып жатқан оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге құлшынысын дамыту

Мақсаты .ертегіні ым-ишарамен сахналауға дағдыландыру

 

Алдаркөсенің басынан кешкен бір оқиғасы туралы қызықты ертегімен танысамыз.

Алдаркөсе қулығымен, айласымен адамдарға жақсылық жасап, көмектесіп отырған.

Ол əрдайым əн айтып, көңілді жүреді.

Ертегі – əдеби жанрдың бір түрі екенін еске түсіру. Ертегіде шындық пен қиял-ғажайып

оқиға аралас келіп отырады. Қиялдан туындайды.

Педагог «Шықбермес Шығайбай» ертегісін оқып береді

Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар:

– Ертегі ұнады ма?

– Ертегі қалай аталады?

– Шықбермес Шығайбай қандай адам?

– Алдаркөсе Шығайбайды алдау үшін қандай қулық ойлап тапты?

– Алдаркөсе жабықтан сығалағанда не көрді?

– Алдаркөсе үйге кіргенде, үйдегілер қандай əрекет жасады?

– Шығайбай Алдаркөседен не туралы сұрады?

– Алдаркөсе не деп жауап берді?

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

 Міндеті:-- балалар бойында байқағыштық, қысқы табиғат құбылыстары ерекшелігін сезіне білуге үйрету

-- Біртекті заттардан сюжеттер құру, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыру

-Қайшы мен желімді дұрыс қолдану, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақта

-Дайын үлгілермен және қарапайым сызба бойынша жұмыс істеу, бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану

Мақсатықысқы табиғатты салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         Үзіліс:   .Секіруге арналған қозғалмалы ойын: «Сызықтан секіру»

 

 

Тіл дамытуға арналған жаттығулардың мақсаты:

Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету, тілін дамыту

1.Т: Күй сандықты ашайық

Б до- до- до

Т: тілдерін біз бастайық

Б: ре - ре - ре

Т: бас дыбысты бастайық

Б: ми - ми - ми

Г Жайлап әнге салайық

Б: до - до - до

2. Шалқып шығар сонда күй

Б: фа - фа - фа

Т: Бәрі до - дан басталар

Б: до- до -до

Т: До -ны қоштар басқалар

 Б: До, ре, ми, фа, соль,ля , си, до

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Секіруге арналған ойын: «Сызықтан секіру»
Ойынның мақсаты: Қос аяқтап секіру тәсілдерін үйрету. 
Мазмұны: Ойын алаңының бір шетінен түзу сызық сызылады. Сыныптағы оқушылар санау арқылы төрт командаға бөлініп, олардың біріншілері сол сызықтың үстінде тұрады. Осы сызықтан 4-5 қашықтықта бір-бірінен ара қашықтығы 40-50 см болатындай өзара параллель 8-10 сызық жүргізіледі. 
Мұғалімнің белгісі бойынша әр команданың бірінші тұрған ойыншысы бірінші сызыққа дейін жүгіріп келіп , аяқтарын біріктіріп ұстап, паралелль сызықтардан қос аяқтап секіріп өтеді де, қайтып келіп, тізбектің артына барып тұрады. 
Мұғалім секіріп өткен балалардың секіру әдістерін бағалап, басқа ойыншыларды көмекке шақырады. Бұдан соң келесі қатардағы төрт ойыншы секіріп өтеді. 
Ойын осылай барлық ойыншылар секіріп өткенше жалғасабереді. Ойынның соңында әр қатардағы қос аяқтап жақсы секіретін балалардың аты аталады. 
Ойынды бірнеше рет қайталап ойнатуға болады. 
Ойынның ережесі 
1. Ойыншылардың тез секіргені емес, дұрыс секіргені бағаланады. 
2. Секіру кезінде балалар арасындағы ара қашықьтықтар сақталуы керек. 
3. Оқулықта көрсетілген секіру техникасы орындалуға тиіс. 
Әдістемелік нұсқаулар. 
Ойынды 1-2 рет өткізгеннен кейін, сыныптағы қос аяқтап секіру техникасын жақсы меңгерген екі-үш баланың секіргенін басқа ойыншыларға көрсетіп , басқа ойыншылардан солар сияқты секіруді талап ету керек. 
Ойынның педагогикалық маңызы. 
Секіру жаттығулары бала аяқтарының бұлшық еттерінің ,қарын, арқа,бұлшық еттерінің жетілуіне ықпалын тигізеді. Қимыл-қозғалыс әдістерін көбейтіп, қимыл сапаларының үйлесімі артады. Бала өз күшіне сенуге үйренеді. 
 

 

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

 

 

Дене шынықтыру

Міндеті:-- Сырғанау. Өз бетінше мұзды жолмен сырғанау, жүгіріп келіп сырғанау

Мақсаты:Сапты бұзбай бірінші-екінші деп саналуға үйрету. Бір қолмен допты еденге соғуды үйретуді жалғастыру, допты алақанды ашып қағып алу,

кеудеден саусақтардың басымен итеріп лақтыру және аяқтың қасында еденге қырындап бір қолмен соғуға дағдыландыру

.

«Түрлі түсті ғаламшар» – бұл ғаламшардың тұрғындары түрлі түсті доптарды жақсы көреді. Допты еденге бір қолмен соғып, алақан жайып қайта саусақтың басымен қарсы алып, қайтарып, аяқтың жанына қарай еденге соғу.

Себеттен түрлі доптарды алып, қалауынша тұра қалады. Допты еденге бір қолмен соғып, алақан жайып, саусақтың басымен қарсы алып, қайта қайтарып аяқтың жанына қарай

еденге соғуға тырысады.

Допты соққанда күш мөлшерін есептеп, дұрыс пайдалануға тырысады.

Педагогтің белгісімен келесі ғаламшарға ұшады – (көзді жұмып) қараңғыда залмен қозғалысын жалғастырады

Музыка

Міндеті:-- - Әуенге ілесе отырып, ырғақты сақтап аспапта ойнауға дағдыландыру

Мақсаты:  Әуенге ілесе отырып, ырғақты сақтап аспапта ойнауға дағдыландыру

.Музыка тыңдау:

«Жан анам» (Е. Өміров)

Ән айту: «Екеуміз әйбат баламыз»

(И. Нүсіпбаев)«Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Шеңберге тұр» (Л. Бетховен)

Билер:

«Тырналар биі» (Д. Абиров)

Ойындар, хороводтар:

«Төлдер» (Д. Ботбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Атқа мініп шабамыз»

(В. Агафонников)

Дене шынықтыру

Міндеті: - Велосипед, самокат тебу. Шеңбер бойымен және тура жолмен өз бетінше екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және солға бұрылу

Мақсаты -Сапты бұзбай бірінші-екінші деп саналуға үйрету. Бір қолмен допты еденге соғуды үйретуді жалғастыру, допты алақанды ашып қағып алу,

кеудеден саусақтардың басымен итеріп лақтыру және аяқтың қасында еденге қырындап бір қолмен соғуға дағдыландыру

 

.  «Жорғалаушылар ғаламшары» – бұл ғаламшардың тұрғындары тек еңбектеп, жорғалап қозғалады. Модульдерден аттап шынтақтап, тізерлеп, еңбектеп жүруге жаттығу.

Шынтақтап, тізерлеп, еңбектеп залдың келесі жағына модульдерден асып өтеді.

Қолдары мен аяқтарының жұмысын үйлестіруге, бағытын сақтап қозғалуға, басқа балаларға соғылмауға тырысады

 

Дене шынықтыру

Міндеті: - Баскетбол элементтері. Кеуде тұсынан екі қолымен допты бір-біріне лақтыру

Мақсаты  Сапты бұзбай бірінші-екінші деп саналуға үйрету. Бір қолмен допты еденге соғуды үйретуді жалғастыру, допты алақанды ашып қағып алу,

кеудеден саусақтардың басымен итеріп лақтыру және аяқтың қасында еденге қырындап бір қолмен соғуға дағдыландыру

 

«Сиқырлы ғаламшар» – бұл ғаламшардың тұрғындары алыптардан қортықтарға айнала алады. «Алыптар мен қортықтар» қимыл-қозғалыс ойыны.

Залға шашырап бытырыңқы жүрісті орындайды. Әртүрлі музыка әуенімен сәйкес қимылдар жасайды: шапшаң әуенге үлкен адымдап, қолын жоғары көтеріп жүреді. Баяу әуенге кішкентай қадамдар жасап, қолдарын беліне қойып жүреді.

Музыка

 Міндеті: Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту

Мақсаты Әуенге ілесе отырып, ырғақты сақтап аспапта ойнауға дағдыландыру. 

 

)Музыка тыңдау:

«Жан анам» (Е. Өміров)

Ән айту: «Екеуміз әйбат баламыз»

(И. Нүсіпбаев) «Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Шеңберге тұр» (Л. Бетховен)

Билер:

«Тырналар биі» (Д. Абиров)

Ойындар, хороводтар:

«Төлдер» (Д. Ботбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Атқа мініп шабамыз

 

 

 

 

 

Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

 

 

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

 

 

 

 

 

Серуен

 

Серуен-Бақылау №5

Бақылау:Торғайларды бақылау

Мақсаты:

  • Қыстап қалатын құстар жайлы білімдерін толықтыру;
  • Қыс мезгіліндегі құстардың мінез-құлықтарындағы өзгешеліктер туралы түсініктерін қалыптастыру;

—  құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Көркем сөз

Торғайларды қорға.

 Ө. Ақыпбекұлы

Шыр-шыр еткен торғайды                                               Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

Тәрбиеші балармен әңгімелесу өткізеді.

  •  Біздерде жылы жаққа ұшпай қалған құстарды қалай атаймыз?(қыстап қалатын құстар)
  • Қыстап қалатын құстар мен ұшып кететін құстардың қандай айырмашылығы бар? (қыстап қалатын құстардың мамықтары қалың және тұмсықтары мықты борлады.)
  • Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер? (торғай, қарға, тоқылдақ, сауысқан,кептер)
  • Торғайлар қыста немен қоректенеді?(дәндермен, қалдықтармен.)
  • Қыстап қалған құстарды неге тамақтандыру керек? (қыста құстарға азық жетіспейді, ал, егер олар тоқ болса аязға тоңбайды.)
  • Құстарды бақылаған кезде олардың мінез-құлықтарынан нені байқадыңдар?. (өздерінің азықтарын нан ұсақтары мен қалдықтарды, дәндерді тез табады. Тұмсықтарын қанаттарының астына тығып суықтан қорғанады)
  • Торғайлар неге адамдарға жақын маңға қоныстанады? (себебі адамдар жанында азық көп болады)

Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын келіп қонғайсың.

Жем шашайын тере ғойғ

Сонда суыққа тоңбайсың.

Еңбек қызметі

Құстар қонақтайтын, жем шашатын жерді қардан тазалау.

Мақсаты: еңбекке деген ықыластарын арттыру.

 Қимылды  ойын «Нысанаға тигіз».

Мақсаты: қшып бара жатқан заттың бағытын бақылау, қозғалыстың дұрыс орындалуын есептей білу.

Жаттығу ойындары Қимылдарын дамыту

Қарды алыс нысанаға лақтыру

Мақсаты:қозғалыс координациясын дамыту.

 

Серуен-Бақылау №6

Бақылау: Қардың түсуін бақылау

Мақсаты:

 - Қардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • Қардың түсуі туралы білімдерін молайту;
  • әдемілікке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Қыс» Т. Молдағалиев

Жауа-жауа, қар жауып көп,

Шұқырларға толады.

Иығыңа қонады кеп,

Мойныңа да қонады.

Жауып бітер қарды тосып,

Үйіңе де сыймайсың,

Табиғаттың ақ көрпесін.

Басуға да қимайсың.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.

  • Ауа-райы қандай болғанда қар жабысқақ болады?
  • Аяқ астында қар неге сықырлайды?
  • Қар неге ұлпа болады?
  • Айналаға қараңдаршы, қандай әсем көрністерді көріп тұрсыңдар? (айнала аппақ, қар беті тап-таза т.б.)

Зерттеу жұмысы

Ұшып келе жатқан қарды парақ бетіне қондыру, қардың қасиеттерін анықтау (ұлпа, мамық).

Еңбек: өз алаңындағы ағаш түптерін қармен көму.

Мақсаты: бір мақсатта, бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту

Қимылды ойын

«Ыстық-суық».

Мақсаты: тәрбиешінің белгісі бойынша әрекет етуге  үйрету

Жаттығу ойындары

Қимылдарын дамыту.

Мақсаты: Қарды алысқа лақтыруға үйрету.

Халық болжамы: Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.

 

 

 

Серуен-Бақылау №7

 Бақылау: Ауладағы ағаштарды бақылау

Мақсаты :

    — ағаштар туралы білімдерін молайту;

    — ағаштардың қысқы бейнесін бақылауды жалғастыру

Бақылау барысы

Көркем сөз «Қыс» Р.Сәбитұлы

Қар жамылды бақтарым

Қыратым да, сайым да.

Тағыпты қыс ақ қарын,

Үкі етіп қайыңға.

Бүркеніп ақ желекті,

Жарқырайды маңайым.

Ойға шомып теректің,

Ақ шалыпты самайын.

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:.

  • Ағаштардың жазғы бейнесі қандай еді??
  • Күзде қандай болды?
  • Қазіргі бейнесі қандай?
  • Кімнің есінде, ағаштар жапырағын неге түсіреді?

Зерттеу жұмысы

Алма ағашы мен қайың ағашының қысқы тұрқын салыстыру

Еңбек

Жолды қардан тазалау.

Мақсаты: аула қараушыға көмектесу.

Қимылды ойын: «Кім аққалаға бұрын жетеді?»

Мақсаты: доға астынан еңбектеп өту дағдыларын жетілдіру.

Жаттығу ойындары Секіру

Мақсаты:орнында тұрып секіру техникасын меңгерулерін жетілдіру

Халық болжамы. Ағашты қырау басса аяз болады, тұман түссе күн жылынады.

 

 

 

Серуен-Бақылау №8

Бақылау:

Аула тазалаушы еңбегін бақылау

Мақсаты:

  • Аула тазалаушының еңбегін бақылауды жалғастыру;
  • Сөздік қорларын байыту;
  • Үлкендер еңбегіне деген сүйіспеншілік және құмет сезіміне тәрбиелеу;
  • Табиғатқа және айнала қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Бақылау барысы

 Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:.

  • Аула тазалаушы қыста балабақша ауласында не істейді?
  • Жұмыс үшін ол қандай құралдарды пайдаланады?

♦Ағаштарды аяздан қорғау үшін ол не істейді?

♦Аула тазалаушы жұмысы адамдар және табиғат үшін керек пе?

Еңбек

Қуыршақ үшін қардан құрлыс тұрғызу.

Мақсаты:

—бірлесе жұмыс істеуге үйрету;

—еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қимылды ойын

«Екі аяз»

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру;

  • Ойын ережесін сақтай білулерін тиянақтау

Жаттығу ойындары

Шаңғымен жүру.

Мақсаты :шаңғымен жүруге жаттықтыру, ептіліктерін, шыдамдылықтарын дамыту.

 

 

Серуен-Бақылау №9

Бақылау: Ауладағы  ағаштарды бақылау

Мақсаты:

  • Ағаштар туралы білімдерін бекіту;
  • Салыстыру, сараптау, қортынды жасай білулерін дамыту.

Бақылау барысы

Көркемсөз «Ағаштар» М.Әлімбаев

Қысында да шырайлы,

Жасыл шырша ұнайды.

Түні бойы жауды қар,

Салбырады сәнді тал.

Тау баурайы төменде,

Өседі жас емендер.

Ауыл сәні терек,

Терек егу керек.

Сырғалы қайың, ақ қайың,

Баптайын, күтіп, сақтайын.

Басқа ағашпен аралас,

Жайқалады қарағаш

Көк қарағай, қарағай,

Мейірбанды анадай,

Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады.

Балаларға сұрақтар:

  • Сендер тыңдаған өлең жолдарында қандай ағаштар туралы айтылған
  • Ағаштар не үшін керек?
  • Ол адамға не береді?
  • Қыста ағаштар бейнесі қандай болады?
  • Қысқы, жазғы түстері бойынша басқа ағаштардан айырмашылығы бар қандай ағаштарды білесіңдер?
  • Шырша мен қарағай туралы неге қысы-жазы бір түсте деп айтады?
  • Ағаштардың бір- бірінен қандай айырмашылықтары болады?

Зерттеу жұмысы:

Балалар алаңдағы әр ағаштың бұтақтары, діңдері және көрністері бойынша салыстырып, айырмашылықтарын анықтап қортынды жасайды.

Еңбек

Ағаш түптеріне қар үю.

Мақсаты: ағаштарға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу..

Қимылды ойын

«Аулада қандай ағаштар өседі?».   

Мақсаты:

  • Ағаштардың аттарын есте сақтауларын тиянақтау;
  • Сөздік қорларын байыту;
  • Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Жаттығу ойындары

Қозғалыстарын дамыту: Аңдар биі

Мақсаты: әртүрлі аңдар қозғалыстары арқылы ептілікке, жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу.

 

 

Балалардың үйге қайтуы

 Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 

  Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 

Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

 

Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

 

 

Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

 

Жоспардың құрылу кезеңі      26 – 29  ақпан 1 наурыз   2023-2024 оқу жылы

 

Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

 

Бейсенбі

Жұма

 

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Балаларға тәрбиешінің  толық аты - жөнін  атап сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту, бүгінгі ауа райы туралы балалардың ойын білу

 

Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдеріменкеңес ,әңгімелесу

 

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

 

Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

 

Ата-аналармен әңгіме:

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме:  «Дұрыс тамақтануға баулу»

 

 

Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс- әрекеті, кітаптарды қарау және  басқалар)

Д/ойын:  «Қарап ал

да есіңе сақта»

Мақсаты: балаларды көрген суреттерді есі

не сақтап,көз алдына елестете отырып ,әр қайсысын ретімен атап шығуға ,үй жану-

арларының,аңдардын және құстардың жал-

пы аттарын айтқызу.

Оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарлары,аңдардың,құстардың суреттері.

 

Д\ойын «Ғажайып қоржын»

Мақсаты: Балаларды заттарды тиісті қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты: Қоржындағы затты сипап біліп атау. Бала затты дұрыс сипаттап бергеннен соң ғана зат қаптан алынып, балаларға көрсетіледі, ал дұрыс аталмаса қаптан алынбайды.

қажетті құралдар: Ғажайып қоржын. Балалар санына сәйкес, таныс ойыншықтар.

 

Д/ойын:«Экологиялық пирамида».

Мақсаты: Балаларды логикалық ойлай білуге, әр сатыны таңдауын негіздей отырып, экологиялық пирамида құрастыруға үйрету. Табиғаттағы барлық нысандардың өзара байланысын көре білуге баулу.

 

 

Д/ойын: «Зоологиялық домино».

Мақсаты: Балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін бекіту; ұғымталдыққа, зейін қоюшылыққа баулу.

Ойын ережелері:

 Кімде-кім өз карточкаларын бірінші болып қойса, сол жеңімпаз болады. Жүрісті жіберіп алмай, карточканы дер кезінде қойып, мұқият болу.

 

Д/ ойын:Не артық?

Мақсаты: Балаларды суретке қарап,оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:әр түрлі құстар мен үй жануарлары бейнеленген суреттер.

 

 

Ертеңгілік жаттығу

 

Таңғы жаттығу кешені № 9

 

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық (бұдан әрі-ҰІӘ)

Табиғатым тамаша, 
Көз тоймайды қараса. 
Табиғатты аялап, 
Сәлем саған-Жер ана! 
Сәлем саған-Нұрлы күн! 
Аман-есен болайық, 
Бейбітшілік қалайық. 
Біз әдепті баламыз, 
Біз ерекше баламыз, 
Қонақтарды көргенде 
Амандасып аламыз.

Табиғат  қандай тамаша,

Тоймаймыз біз де тамсана.

Балықтар шіркін жүзеді,

Табиғаттың жыры  көп,

Табиғаттың сыры көп.

 

Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған.
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың.
Сен - бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған!

 

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Әдепті да, тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық.

 

 

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

 

 

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша  ҰІӘ

 

                                                                   1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

 

Сөйлеуді дамыту 

Міндеті:Шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру

Мақсаты :Сөздерде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру

.

–Сендер М.Төрежановтың өлеңдерін, әңгімелерін білесіңдер. Ол кісінің әңгімесімен, өлеңдерімен танысқанбыз. Ал қазір мен сендерге осы кісінің «Кім ақылды?» әңгімесін оқып, мазмұнын түсіндіремін.

 

Кім ақылды?

Ерден мен Еркебұлан жұптарын жазбай, жап-жақсы ойнап жүр еді. Бір кезде қолдан жасалған көпірдің үстінде біріне-бірі қарсы келіп, түйісіп қалды. Ерден:

–Мен саған жол бермеймін! – деп, қасқайып, безеріп тұрып алды. Ал Еркебұлан:

–Мен саған бола ерегескім де, ойынды да бұзғым келмейді, сен өте бер, – деді де, оған жол берді.

Педагог әңгіме мазмұнын балалардан сұрақ қою арқылы сұрайды.

–Балалар, сендерге әңгіме ұнадыма?

–Әңгіме кімдер туралы?

–Екі бала не істеп жүр еді?

–Олар неге таласты?

–Екі балаланың қайсысы ақылды екен?

–Неге ақылды, қай іс әрекетіне қарап ақылды екенін білдің дер?

әңгімедегі «ойнап», «көпір», «балалар» деген әр сөздерді буынға бөліңдерші?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауат ашу негіздері

 Міндеті:-  Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау

Мақсаты Дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін меңгеруге, сөз

ішінен дыбыстың орнын анықтауға жаттығулар жасату

 

Дидактикалық ойын: «Дауыссыз дыбыстан басталатын сөз қос»

– Мен сендерге сөздер айтамын сендер сол сөзге дауыссыз дыбыстан басталатын,

мағынасы ұқсайтын сөз ойлап айтуларың керек.

Мысалы: əдемі ... (қыз), ағаш ... (бесік), темір ... (қаламсап), ақымақ ... (бала), қу ... (түлкі),

қорқақ ... (қоян), терең ... (құдық), суық ... (қыс), жылы ... (көтем), дəмді ... (нан), жылы ...

киім), сүтті ... (сиыр), момақан ... (қозы), пайдалы ... (тамақ), тəтті ... (балмұздақ),

қалың...(кітап), жұқа...(мата), жұмсақ...(мақта), керек ... (балға), əнші ... (қыз), мықты ... (жігіт),

əдемі ... (көбелек), қызыл ... (шалбар), сары ... (өрік), өткір ... (пышақ), дарынды ... (бала) т.б.

Сауат ашу негіздері

 Міндеті Сызбаға сəйкес сөйлем құрауға, сөздер ішінен мағынасына қарай артық сөзді таба білу дағыларын жетілдіру.

,

Мақсаты  Сызбаға сəйкес дауыссыз дыбыстардан

басталатын сөйлемдер құрай білулерін жетілдіру

 

Дидактикалық ойын: «Сөздің бірінші дыбысын ата»

(Педагог суреттер көрсетеді).

– Мен сендерге сурет көрсетем, сендер суретті атап бірінші дыбысын анықтап

айтасыңдар. Педагог балаларды екі командаға бөледі, бірінші бір командамен содан кейін

екінші командамен ойнайды.

Мысалы: апельсин (а), оқтау (о), ұя (ұ), ыдыс (ы), уық (у), əткеншек(ə), өрмекші(ө),

ешк(е)і, элеватор(э), ірімшік(і), ине(и), үтік(ү), арыстан(а), оймақ(о), ұлу(ұ), əтеш(ə),

өшіргіш(ө), етік(е), экскаватор(э), ілгіш(і), ит(и), үкі(ү) т.б.

– Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар. Иə, дауысты

дыбыстардан басталатын сөздер. Дауысты дыбыс екенін қайдан білдіңдер? Дыбысты айтқанда

кедергіге ұшырамайды.

 

Сауат ашу негіздері

 Міндеті:Дыбыстық талдауды үйретуді жалғастыру-

Мақсаты төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауды

үйретуді жалғастыру

 

Дидактикалық жаттығуы: «Дауыссыз дыбыстан басталатын сөз жалға»Мен сендерге суретін көрсетіп сөз айтамын сендер тек дауыссыз дыбыстардан

басталатын мағынасына келетін сөздер жалғауларың керек. Мысалы: алма (қызыл), тон

(жылы), мысық ( сары), тышқан (кішкентай), қасық (темір), жастық (жұмсақ), кітап

(қызық), доп (жеңіл), ат (жүйрік), үстел (биік), кірпі (кішкентай), саңырауқұлақ (көп), алма

(үлкен), нан (жұмсақ), сабын (сопақ), арба (жалпақ), таңқурай (майда), құлпынай (дəмді),

банан (сары), кесе (əдемі), қалам (жасыл), етік (жылы), қозы (сүйкімді)...

Көркем әдебиет

Міндеті:Өлеңді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту

МақсатыЖыл мезгілдері туралы түсінігін қалыптастыру

Өлең не туралы?

– Авторы кім?

– Көктемде неге бəрі көңілді болады?

– Қандай жаңбыр жауады?

– Көктемде аспанның түсі қандай болады?

– Неліктен көктемді жақсы көресің?

Жұмбақты шеш.

Тал басында түндіксіз отау. (Құстың ұясы)

Есіңде сақта!

Торғай шырылдайды.

Тоқылдақ тоқылдатады.

Қарға қарқылдайды.

Дидактикалық ойын: «Тамаша»

Ойын шарты: тəрбиеші сөздер айтады. Жақсы, тамаша сөз болса, балалар жұдырығын

түйіп, басбармағын көтеріп көрсетеді. Ал жаман сөз болса, басбармақты төмен қаратып

жауап береді.

– Гүлдің иісі қандай?

– Лай суды ішуге бола ма?

– Құстардың даусы қандай?

– Құстарды таспен атуға бола ма?

– Жайқалып өскен көк шөп қандай?

 

Үзіліс:Затты лақтыру мен қағып алуға арналған ойындар 
                                                                                                                   «Допты қуып жет» 

 

Тынымсыз Тіл туралы ертегі жаттығулары:

Сыйқырлы айнаға қарап отырып, араның масаның , шегірткенің, жыланның дыбыстарын салып көр. Осы дыбыстарды Тынымсыз Тіл ұнатады ма соны байқа.

Ағайынды аралар.

Ағайында арарармыз,

Еңбек үшін жаралғанбыз.

-з-з-з-з-з

Шырын іздеп күні бойы

Гүл бақшаны аралаймыз

-з-з-з-з-з

(Үш саусағыңды түйістіріп, ұшып жүрген араларға ұқсат, әрбір екі жолдан кейін аралардың ызылдағанын сал.)

Жаман ара

Қалмай ұшып соңынан,

Ара қуды Мұратты.

-з-з-з-з

Шағып алып қолынан,

Досымызды жылатты.

-у-у-у-у

(Араның дауысы мен баланың ара шаққандағы дауысын сал)

 

 

 

 

 

 

Ойын: «Допты қуып жет»  

Мақсаты:  Балаларды ептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Тәрбиешінің берген белгісін мұқият тыңдай білуге үйрету. 
Ойынның шарты: 
Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады.
Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.

 

 

 

 

 

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет

 

 

Қоршаған орта

Міндеті:Қарапайым экологиялық ұғымдарды, адамның табиғаттың бір бөлігі екенін білу

Мақсаты Табиғатпен пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін бекіту.

 

Тәрбиеші балаларға түсіндіріп шығады. Біз бүгін табиғаттың не екенін білдік. Оны аялаудың, қадірлеудің қамқорлыққа алудың қажеттігін түсіндік. «Табиғат - Ана» деп бекер айтпаған. Сол себепті табиғатты қоршаған ортаны қорғап, қамқорлық көрсетіп аяласақ, ол біздің Отанды, елімізді, туған жерімізді қорғағанымыз екен.

 

Ойын: «Табиғатқа қалай көмектесе аламын»

Балалар шеңберге тұрып, доп арқылы сұрақтарға жауап береді.

Судағы жәндіктерге қалай көмектесе аласың?

Ауа таза болу үшін не істеу керек.

Ағаштарға қалай көмектесе аласың?

Гүлдерге қалай көмектесе аласың?

 

Математика негіздері

 Міндеті:-Талдау, салыстыру, қарапайым тұжырымдар жасауды бекіту

МақсатыҚағаз бетінде (жоғары, төмен, оң жақ, сол жақ, ортада) бағдарлауға, суретті сипаттау бойынша табуға үйрету. Талдау, салыстыру, қарапайым тұжырымдар жасауды бекіту.

-

Суретке қарайды. Сөреде тұрған ойыншықтардың орналасуын айтады.

– Маймыл қандай сөреде отыр? ( Оң жақтағы жоғарғы.)

– Оның жанында қандай заттар бар? (Бұл сөреде басқа заттар жоқ.)

– Кітаптардың үстіңгі жағында, астыңғы жағында нелер тұр?

Жоғары – төмен, оң жақ – сол жақ сөздеріне сұрақ құрастыру. Педагог балалардан досының сұрақтарына жауап беруін сұрайды.

Математика негіздері

Міндеті: - Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың ретін білу және атау

МақсатыЖыл мезгілдерінің реттілігі туралы білімдерін бекіту, әр жыл мезгілінің белгілерін атау, жұмбақтарды шешу, айлардың атауларын жыл мезгілдеріне қарай айту.

 

«Жыл бойы» (доппен) дидактикалық ойыны

Педагог допты лақтырып, сұрақ қояды:

Ақпан жыл ішінде нешінші ай?

Жылдың соңғы айы қандай?

Қазаннан кейінгі қандай ай?

Жаз айларын ата және т.б.

«Жыл мезгілі»

 

Математика негіздері

 Міндеті: Жыл мезгілдерінің реттілігі туралы білімдерін бекіту, әр жыл мезгілінің белгілерін атау, жұмбақтарды шешу

Мақсаты Жыл мезгілдерінің реттілігі туралы білімдерін бекіту, әр жыл мезгілінің белгілерін атау, жұмбақтарды шешу, айлардың атауларын жыл мезгілдеріне қарай айту.

Ойын жаттығуы: «Мен бастаймын, сен жалғастыр»

Педагог бастайды, балалар жалғастырады.

Алдымен көктем, содан кейін ... жаз

Алдымен бүгін, содан кейін ... ертең

Алдымен қаңтар, содан кейін ... ақпан.

Олар педагогті мұқият тыңдайды, сөйлемді мағынасы бойынша жалғастырады.

Мұндай тапсырмаларды балаларды өздері құрастыруға шақыра аласыз

Қоршаған орта

Міндеті:-Қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелері туралы; үйдегі, балабақша тобындағы міндеттері туралы түсініктерін кеңейту Мақсаты Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру

 

Ойынды оқу қызметінен бос уақытта да ойнатуға болады. Бір бала «қарт əженің »

рөлін ойнайды. Қалғандары «автобуста» келе жатқан «жолаушылар» болады. «Қарт əже»

автобусқа кіргенде балалардың біреуі орын береді.

Балалар қоғамдық көліктегі əдептілік ережелерді қайталайды.

Қоғамдық көліктегі тəртіп ережелері

1. Жол жүру билетін ал.

2. Қарт адамдарға, кішкентай баласы бар адамдарға орын бер.

3. Қоғамдық көлікте қоқыс тастама, сағызды лақтырма.

4. Қатты дауыстап сөйлеме.

5. Автобусты, трамвайды, троллейбусты алдынан да, артынан да айналып өтпе.

Жолды кесіп өту үшін жақын маңдағы жаяу жүргіншілер өткеліне бар.

6. Автобусқа алдыңғы есіктен кір, артқы есіктен шық

 

Үзіліс: Үстел үстінде ойналатын ойындар.

 

   

 

Қол  маторикасын  дамытуға  арналған  санамақ

Ойын:Жүретін саусақтар.

Мақсаты:Саусақтарын жүргізе отырып,саусақты шынықтыру және заттарды атау үшін логикалық есін ұлғайту.

Керекті құралдар: Суреттері бар кітапшалар.

Шарты:Суреті бар кітапшаны алып,ішін ашып,ішінде балалар білетін деген суреттерді парақ бетінде саусақтарды  жүргізе отырып (2 саусақпен),суретті нұсқап оның атын сұрайды.балалар жауап береді.Сол ереже бойынша қайталанады.

 

 

 

 

Ойын: «Сарбаздарға не керек?»(5-10 мин)

Мақсаты:Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Керекті құралдар:ойынға керек ресурстар.

Мазмұны:Ортаға 1 қатысушы шақырылады. Маңдайына сурет қойылады. Бұл суретті қарама – қарсы отырған бала  мимика арқылы қатысушыға көрсетіп, түсіндіреді. Ал ойынға қатысушы оны табу керек болады.

 

 

 

3  - ұйымдастырылған  іс-әрекет             

 

 

Қазақ тілі

 Міндеті:-,-Алған білімдерін тиянақтау

Мақсатысөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, мақал-мәтел, жұмбақ жаттау дағдыларын қалыптастыру.

І айналым: Педагогтің мақалын жалғастырады.

Отан – оттан да ... ( ыстық)

Жақсы – ... (өнеге)

Отан ... т.б

ІІ айналым: педагог жұмбақ жасырады.

Өскен жері бау-бақша,

Күрең қызыл шіркін-ай,

Жидектің аты – ... (құлпынай)

Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Күзде).

Қазақ тілі

 Міндеті -  -- Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, мақал-мәтел, жұмбақ жаттау дағдыларын қалыптастыру,

Мақсатысөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, мақал-мәтел, жұмбақ жаттау дағдыларын қалыптастыру.

 

ІІІ айналым: Жаңылтпаштарды қайталап айту арқылы жарысу. Педагог жаңылтпаштарды айтады, балалар жай, жылдам қайталайды.

Доп теп,

Дөп теп.

Жағажайды жағалай,

Жүгіреді Қамажай.

Пай-пай-пай,

Жайылып жүр тай.

Ай-ай-ай,

Ұшып кетті торғай.

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?

Сөйлеуді дамыту

 Міндеті: -Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру

МақсатыСөздерде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру

Енді, балалар, біз ақылдылық, батырлық жайлы мақал жаттайық.

 

Ақыл азбайды, білім тозбайды.

 

Дидактикалық ойыны: «Ойлап,тап!»

Ойын шарты: педагог буын айтады, балалар жалғасын ойлап тауып жалғастырады. мысалы: ал–

Кір–

Көркем әдебиет

 Міндеті: -- өлеңді жаттату арқылы мəнерлеп оқуға дағдыландыру

МақсатыЖыл мезгілдері туралы түсінігін қалыптастыру

Педагог жұмбақ жасырады:

Күн күледі,

Жер түлейді. (Көктем)

– Енді, балалар, ақын Төлеген Айбергеновтің «Көктем» өлеңімен танысамыз.

Өлең – əдеби жанрдың бір түрі екенін естеріне түсіру. Өлең сөз адамның жан тебіренісін

əсерлі етіп жеткізеді. Ұйқас сөздермен суреттейді.

Педагог өлеңді мəнерлеп оқиды, мазмұнын түсіндіреді.

Көктем

Көктем қандай көңілді,

Көктен жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді

Шығармашылық бейнелеу әрекеті

 Міндеті:-- Қазақ оюларының элементтерімен қамзолды әшекейлеу,

-аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдану, олардың бетіне бедерлер жаса

-- Қайшыны қолдануды бекіту: жолақтардан тікбұрышты пішіндер, шаршылардан үшбұрышты пішіндер, шаршы немесе тікбұрыштың бұрыштарын қию арқылы дөңгелек және сопақша пішіндерді қиып алу

-- өзбетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу

Мақсаты-қуыршақ камзолын салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         Үзіліс:   .       Қозғалмалы зерек ойындар  «Өзен»ойыны

 

Еліктеу ойындары:
“Кім жақсы айтады”

Р-р-р-ррр                                               Ы-ы-ыы-ыыы

 

 

 

Гүлдерді иіскейік. Балалар, біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік. Гүлдер әдемі және хош иісті болады. Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші. Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

 

 

Ойын: «Өзен»

Кішкене өзен арқылы.

Мақсаты: балаларды   ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Бірі бәрі  үшін, Бәрі  бір  үшін. Сезімін  қалыптастырады  және  достыққа  тәрбиелейді.

Көрнекіліктер:тақтай,жіп.
Шарты: Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.

 

4  - ұйымдастырылған іс-әрекет

 

 

Дене шынықтыру

Міндеті: -Допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру

Мақсаты:Зейінді шоғырландыра білу дағдыларын қалыптастыру, талдау мен біріктіру жүйелерін үйлестіре білуін дамытуға жағдай жасау

 

II.«Көктемге саяхат»

1.«Жылы жаңбыр» (жерді сулап, ағаш жапырақтары мен ауаны тазартып, жауын тамшыларымен ойнаймыз). Жауыннан кейін ауа тап-таза. Балаларға осы таза ауамен дем алу ұсынылады.

2.«Түрлі түсті кемпірқосақ» (түрлі түске боялып, өлкемізге сән берді).

3.«Жан біткен жасыл желек» (ағаштар, гүлдер, күн көзіне ұмтылады).

4.«Құстар-құстар» (әдемі құстар сиқырлы қанаттарын жайып, аспанға көтеріліп, қалқиды).

5.«Аңдар оянды» (оянып бой жазып, керіледі).

6.«Көбелектер» (гүлдің үстінде қалбалақтап, қалқиды да, қонады. Гүл шырынын татқан соң қайта ұшып, басқа гүлге кетеді).

7.«Шөпте жатып демалайық!» (Жасыл шөпте жатып, айналамыздағы кереметтерді тамашалаймыз).

Музыка

Міндеті:- Музыкалық-ырғақты қимылдарды бірге жасау дағдыларын қалыптастыру

МақсатыМузыкалық-ырғақты қимылдарды бірге жасау дағдыларын қалыптастыру

 

Музыка тыңдау:

«Ақ әжем» (К. Қуатбаев)

Ән айту:

«Әже тілегі» (Т. Қоңыратбай)

«Екеуміз әйбат баламыз»

(И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Сағат» (Е. Андосов)

Билер:

«Полька» эстон халық биі

Ойындар, хороводтар:

«Қоянды ұстаңдар» (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Янка» беларусь халық биі

Дене шынықтыру

Міндеті: Футбол элементтері. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен тебу –

Мақсаты -Тік баспалдақ сатыларымен жорғалауға жаттығу. Қол мен аяқтың қимыл үйлесімдігін дамыту

«Ең ептілер». Баспалдақ сатыларының арасымен жорғалау. (2рет)

Белгі бойынша алғашқы ойыншы баспалдақ сатыларының арасымен жорғалайды, модульды айналып өтіп дәл сол тәсілмен қайта қайтып, қолындағы қамшыны келесі ойыншыға береді. Ойын жалғаса береді

Дене шынықтыру

Міндеті: - Допты заттарды айналдыра жүргізу

Мақсаты  Тік баспалдақ сатыларымен жорғалауға жаттығу. Қол мен аяқтың қимыл үйлесімдігін дамыту

 

«Қаңбақтар» (3 рет)

Фитболды заттардың арасынан ирек жолмен алып жүру.

Белгі бойынша алғашқы ойыншы заттардың арасымен модульды айналып фитболды алып жүреді де, қажетті жерге жеткен соң дәл сол тәсілмен қайта қайтып, қолындағы фитболды келесі ойыншыға береді. Ойыншылар екі аяқпен бірдей екпіндеп сырғып жүруге тырысады.

Музыка

 Міндеті:  * Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру

Мақсаты Музыкалық-ырғақты қимылдарды бірге жасау дағдыларын қалыптастыру

 

 

Музыка тыңдау:

«Ақ әжем» (К. Қуатбаев)

Ән айту:

«Әже тілегі» (Т. Қоңыратбай)

«Екеуміз әйбат баламыз»

(И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Сағат» (Е. Андосов)

Билер:

«Полька» эстон халық биі

Ойындар, хороводтар:

«Қоянды ұстаңдар» (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Янка» беларусь халық биі

 

 

 

Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

 

 

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

 

 

 

 

 

Серуен

Бақылау:Аязды бақылау.

Мақсаты: Қыс мезгіліндегі күннің суықтығы-аяз. Аяздан бетіміз бен қолымыздың тоңатынын, үсіріп жібе

руі де мүмкін екенін, сол үшін де колғап,  мойын

 орауыш тағатынымызды түсіндіру.

Еңбек: Ауладағы қарды күреу.Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгіштікке, бірлесіп жұмыс  жасауға үлкенге көмек беруді үйрету. Күректі дұрыс  ұстауға үйрету.

 Қим.ойын«Сырғанақ тебу».

Мақсаты: Балаларды  ұйымшыл тату ойнауға, шанамен  ойнауға шақыру, таудан төмен сырғанау әдісін үйрету.

  Жеке жұмыс:

( Нұрали, Бекарыс, Тілекжан, Аяулым)

Жұмбақ. Терезеге қонады,

 Әсем ою ояды.(Аяз).

Мақсаты: Жұмбақ жаттату арқылы есте сақтау, ойлау қабілет

терін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Бақылау: Мұзды бақылау.

Мақсаты: Мұзды көрсете отыра сипаттау. Қыс мезгілінде  өзендер мен   көлдердің бетін мұз басатындығы жөнінде түсінік беру.

Еңбек: Тайғанақ жерге құм себу.

Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Өздеріне беріл

ген тапсырманы   тия-

нақты орындауларын қадағалау.

Жаңа жыл туралы тақпақ жаттату.

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда-жаңа нұр.

 

Бақылау:Ауа-райын  бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын  бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: «Таза алаң».

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік».

Мақсаты: Ү дыбысының айтылуына жаттықтыру.Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.

Е.Өтетілеуов. «Күшік».

Үреді  үйшікте

Аулада күшіктер

Біреуі оның қап-қара,

Біреуі сары ала

Біреуі  қардай ақ,

Біреуі сұр жолақ

Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ: Үреді абалап

Ойын: «Қасқыр мен қаздар».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи».

 

Бақылау: Қарды бақылау.

 Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелік

терін айту.Қар-түсі ақ, ұстасаң қолың тоңады, жылыға ериді.Ойлау қабілетін дамыту.

 Тақпақ:

Аппақ көше, бар дала,                   Аппақ ой мен қыраттар.

Ақ шатырлы қар қала,

Ақ жамылып тұр бақтар.

  Еңбек: Ағаштар түбіне қар үю.

 Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып,

 үйілген қардың маңызы туралы түсінік беру.

 Жеке жұмыс: «Қыс қызығы»тақырыбында әңгіме  құрату.

(Абдубақыт, Айару, Данагүл, Дильназ)

  Мақсаты: Сөздік қорын дамыту, ойын

 жүйелеп жеткізе білуге үйрету.

Ойын: «Қардан түрлі бейнелер жасау».

 Мақсаты: Ойынға қызығушылығын арттыру.

 

Бақылау: Күнді бақылау.

 Мақсаты: Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі.  Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру.               Еңбек: «Қыс қызығы».

Мақсаты: Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу, қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің  еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Ақ сандығым ашылды,                                   Ішінен жібек шашылды.

(Күн)

Мақсаты: Балаларға жұмбақтарды жаттата отырып, тіл байлықта-

рын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Қимылды ойын:«Айгөлек».

Мақсаты:  Денені шынықтыру, шапшан-

дыққа , ептілікке баулу.

 

 

Балалардың үйге қайтуы

 Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 

  Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.
 

Ата –аналарға кеңес

- үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

 

Ата –аналарға кеңес

Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке  келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.

 

 

Ата –аналарға кеңес

- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
                                                   

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 06.03.2024 18:22
Құрылған күні: 06.03.2024 18:22

Текст