Текст

Құрметті қонақтар!
Біз сіздерді біздің мектептің сайтында қарсы алуға қуаныштымыз. Мұнда сіз біздің мектеп туралы біле аласыз және көп ақпарат ала аласыз. Егер сіз біздің сайттың тұрақты келушілері болсаңыз, біз қуаныштымыз.
Құрметпен, мектеп директоры: Сатемиров Серік Кәрібайұлы
24.12.2026
#дебат #өзін_өзі_басқару
22.06.2026
“Күншуақ” жазғы демалыс лагерінің 16-күні. 22.06.2026
19.06.2026
Лагерьдің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 19-маусым күні балалардың белсенділігі мен шығармашылығын қолдау, сахна мәдениетіне баулу және өзін-өзі еркін ұстауын қалыптастыру мақсатында «Биле, балақай!» атты би байқауы өткізілді. Байқау барысында лагерь тәрбиеленушілері заманауи, спорттық би бағыттарында өз өнерлерін көрсетті. Лагерь жетекшісі: Қалдыбек А.Б.
18.06.2026
«Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ-де 11-сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестаттарды табыстау рәсімі өтті. Құрметті түлектер! Алдарыңыздан ашылатын жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктерге толы жолдарыңыз болсын! Білімге деген құштарлықтарыңыз артып, армандарыңыз орындала берсін! Жас түлектерімізге ақ жол тілейміз! Өз ісінің маманы болуларына тілектеспіз! #жастүлек2026 #adal_azamat
18.06.2026
“Күншуақ” жазғы демалыс лагерінің 14-күні
17.06.2026
«Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ-де 9-сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестаттарды табыстау рәсімі өтті. Құрметті түлектер! Алдарыңыздан ашылатын жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктерге толы жолдарыңыз болсын! Білімге деген құштарлықтарыңыз артып, армандарыңыз орындала берсін! Ақ жол, жас түлектер!
17.06.2026
«Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ-де 9-сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестаттарды табыстау рәсімі өтті. Құрметті түлектер! Алдарыңыздан ашылатын жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктерге толы жолдарыңыз болсын! Білімге деген құштарлықтарыңыз артып, армандарыңыз орындала берсін! Ақ жол, жас түлектер!
17.06.2026
“Күншуақ” жазғы демалыс лагерінің 13-күні
16.06.2026
16 маусым күні лагерь жоспарына сай «Суретшілер шеруі» атты шығармашылық шара ұйымдастырылды. Балалар тақырыптық дайын суреттерді өз талғамдарымен бояп, сонымен қатар жазғы демалысқа арналған жеке суреттерін салды. Әр қатысушы өзіндік қиялы мен шығармашылық шеберлігін көрсетті.
16.06.2026
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп жанындағы лагерьде “Біз есірткіге қарсымыз” тақырыбында ойын өткізілді. Ойынның мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің, соның ішінде есірткі заттарының ағзаға және болашаққа тигізер залалы туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларды спортқа, белсенді өмірлік позиция ұстануға тәрбиелеу. Лагерь жетекшісі: Қалдыбек А.Б. #бізесірткігеқарсымыз