«Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ ұйымының ресми сайтының заңнама талаптарына сәйкестендіру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есебі.
(2026 жылғы қаңтар айындағы жағдай бойынша)
Ресми интернет-ресурстарды талапқа сәйкестендіру жөніндегі тапсырмаға сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарына орналастырылған ақпараттың сәйкес келмеуіне байланысты анықталған ескертулердің нәтижелері бойынша «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ ұйымының ресми сайтының мазмұнын өзектендіру және жүйелеу жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстың мақсаты:
мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттың толықтығын, өзектілігін және дұрыстығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сайттың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқалары арасындағы сәйкессіздіктерді жою.
Қойылған міндеттер аясында келесі жұмыстар атқарылды:
1. Мемлекеттік кызметтер тізбесін өзектендіру
- ұйым көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесіне талдау жүргізілді;
- ресми сайтта қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтердің толық тізбесі орналастырылды.
2. Нормативтік құқықтық базаны жаңарту
сайтта орналастырылған мемлекеттік кызметтер көрсету қағидалары мен
нормативтікқұқықтық актілер тексерілді;
мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларындағы соңғы өзгерістерді
ескере отырып, құжаттар жаңартылды;
ескірген құжаттардың редакциялары алынып тасталып, қолданыстағы
нұсқалары орналастырылды.
3. Ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын тексеру
- әрбір мемлекеттік қызмет бойынша ақпарат белгіленген талаптарға
сәйкестендірілді;
мәліметтердің толықтығы қамтамасыз етілді (қызмет сипаттамасы, алу
тәртібі, көрсету мерзімдері, нәтижелері, нормативтік негіздері);
анықталған дәлсіздіктер мен техникалық қателер түзетілді.
4. Сайттың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларын сәйкестендіру сайт беттерінің қазақ және орыс тілдеріндегі мазмұны салыстырылды;
мәтіндер мен құрылымдағы анықталған айырмашылықтар жойылды;
екі тілдік нұсқаның мазмұнының сәйкестігі және аударманың
дұрыстығы қамтамасыз етілді.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша:
- ұйымның ресми сайты мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарына сәйкестендірілді;
барлық мемлекеттік қызметтер бойынша өзекті, толық және шынайы ақпарат орналастырылды;
сайттың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларының сәйкестігі қамтамасыз етілді;
- бұрын анықталған ескертулер толық көлемде жойылды.
Қорытынды:
«Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ ұйымының ресми сайтын белгіленген талаптарға сәйкестендіру бойынша қойылған міндеттер толық көлемде орындалды. Ресми сайт мемлекеттік қызметтерді алушылар үшін ақпараттың ресми және сенімді көзі ретінде пайдалануға дайын.