Текст
24.12.2026
#дебат #өзін_өзі_басқару
01.06.2026
1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні және «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау; «Күншуақ» жазғы лагерінің жұмысын салтанатты түрде бастау, балалардың жазғы демалысын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру; Балаларды достыққа, ауызбіршілікке және ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Балалар арасында «Көңілді эстафета» ойыны ұйымдастырылды. «Менің бақытты балалық шағым» тақырыбында асфальтқа түрлі-түсті борлармен сурет салып, өз қиялдарын көрсетті. Мерекелік іс-шараның соңында балаларға тәтті таратылды.
29.05.2026
9-сыныптың алғашқы мемлекеттік емтиханы басталды.
25.05.2026
Мектебіміздің ұстазы Байдаулетова Р.Е. "БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ" төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз!
25.05.2026
25 қоңырау мерекесіне орай «Білім – Отаныма» атты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Салтанатты жиынға мектептің 10, 20, 30 жылдық түлектері арнайы қатысып, ұстаздарымен жүздесіп, балалық шақтың жарқын естеліктерін еске алды. Кеш барысында түлектер жылы лебіздерін білдіріп, мектеп қабырғасында алған білімнің өмір жолындағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, жас түлектерге ақ тілектерін арнап, болашақтарына сәттілік тіледі. Мерекелік концерт ұйымдастырылып, оқушылар ән айтып, би билеп, әсерлі көріністер қойды. Іс-шара соңында мектеп ұжымына және ұстаздарға алғыс айтылып, естелік суреттер түсірілді. Бұл кездесу ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, туған мектепке деген ыстық ықыласты арттырған тағылымды кеш болды. ДТІЖО: ХОЛГАНАТ Д.
25.05.2026
"Өндіріс ауылының ЖОББМ"КММ Сынып сағаты:Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде білім беру ұйымдарында оқушыларына арналған «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» 11-сынып Сынып жетекшісі: Қалдыбек А.Б.
25.05.2026
"Өндіріс ауылының ЖОББМ"КММ Сынып сағаты:Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде білім беру ұйымдарында оқушыларына арналған «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» 6-сынып Сынып жетекшісі: Жапаров А.Қ.
25.05.2026
Сынып сағаты:Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде білім беру ұйымдарында оқушыларына арналған «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» 5-сынып Сынып жетекшісі: Тынысбекова Ж.О.
25.05.2026
Сынып сағаты:Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде білім беру ұйымдарында оқушыларына арналған «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» 1,3-сыныптар Сынып жетекшісі: Байдаулетова Р.Е. Иманжүсіп Б.Т.
25.05.2026
Сынып сағаты:Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде білім беру ұйымдарында оқушыларына арналған «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» 4-сынып Сынып жетекшісі: Байдаулетова А.И.