Текст
05.06.2026
11-сыныпта математика пәнінен мемлекеттік емтихан өтті. ДОІЖО: Р.Ә.Рамазан
05.06.2026
Лагеріміздің 5-күні әдеттегідей таңғы жаттығумен басталды. Одан әрі қызықты ойындармен жалғасты.
05.06.2026
"Өндіріс ауылының ЖОББМ" КММ бос жұмыс орындары Химия 9 сағат, информатика 12,5 сағат, тарих 24 сағат, орыс тілі мен әдебиеті 25 сағат Сұрақтарыңыз болсы осы номерге хабарласыңыздар: +7 707 468 5437 Серік Кәрібайұлы
04.06.2026
4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осы айтулы мерекеге орай, «Күншуақ» демалыс лагерінің кезекті күні ерекше рухта басталды! • Балалар таңғы жиынды еліміздің Басты Әнін асқақтата шырқаумен ашты. • Балалар Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың шығу тарихы мен маңызы туралы қызықты видеоролик тамашалап, білімдерін толықтырды. • Кішкентай бүлдіршіндеріміз рәміздер бейнеленген суреттерді өз қолдарымен бояп, өздерінің Отанға деген ыстық ықыластарын шығармашылық арқылы жеткізді. Лагерь жетекшісі: Қалдыбек А.Б. #РәміздерРухы #КонституцияКүші #РәмізгеҚұрмет #МеніңТуымМеніңМақтанышым #ТуымызТөрімізде #МеніңТуым
03.06.2026
2025–2026 оқу жылында «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ жұмыс жоспарына сәйкес өзара ынтымақтастықты жүзеге асырды. Негізгі мақсат – педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын арттыру және кәсіби қауымдастық қызметін дамыту болды. Жыл бойы жоғары білім көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, мектептің қоғамдық өмірінде көшбасшылық танытып, пәндік олимпиадаларда, шығармашылық және спорттық сайыстарда жетістіктерге жеткені үшін «Үздік оқушы» номинациясымен 8-сынып оқушылары – Қайрат Ақерке Русланқызы мен Сакенова Балауса Мейржановна марапатталды. Оқушылардың жан-жақты дамуына үлес қосып, сынып ұжымын бірлікке, жауапкершілікке тәрбиелеген, ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, тәрбие жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Үздік сынып жетекшісі» номинациясымен Иманжүсүп Ботагөз Темірбекқызы марапатталды. Әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастырғаны, педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсеткені, тәжірибе алмасу мен инновациялық идеяларды енгізуге ықпал еткені, білім сапасын арттыру бағытындағы нәтижелі қызметі үшін «Үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі» номинациясымен Сатемір Айзира Қаржауқызы марапатталды. Оқу ісінің меңгерушісі: Р.Ә.Рамазан
03.06.2026
“Күншуақ” жазғы демалыс лагерінің 3-күні
03.06.2026
9-сыныпта география пәнінен мемлекеттік емтихан өтті. ДОІЖО: Р.Ә.Рамазан
02.06.2026
11-сыныптарды тарих пәнінен мемлекеттік емтихан өтті. ДОІЖО: Рамазан Р.Ә.
02.06.2026
“Күншуақ” жазғы демалыс лагеріміздің 2-күні біз үшін өте қызықты әрі мазмұнды өтті: • Күнді сергек бастау үшін Ташпан О.Б. оқушыларға ерекше таңғы жаттығу жасатты. Балалар бір серпіліп қалды! • Білімсіз күн өтпейді! Сагнаева Г.О. ағылшын тілінен танымдық әрі қызықты сабақ жүргізіп, балалардың тілге деген ынтасын арттырды. • Күннің ең көңілді бөлігін Қалдыбек А.Б. жалғастырды. Ол оқушылар үшін тартысты интеллектуалды ойын мен энергиясы тасыған көңілді би ұйымдастырды. Балалардың жүзіндегі күлкі мен алған әсерлері — біз үшін ең үлкен бақыт!
02.06.2026
«Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММде мамыр айында «Тірек мектеп пен серіктес шағын жинақты мектептердің өзара ынтымақтастығы – сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында тірек мектеп пен серіктес шағын жинақты мектептердің (ШЖМ) білім беру сапасын арттыру, тәжірибе алмасу және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында бірлескен дөңгелек үстел өткізілді. Жауапты: Р.Ә.Рамазан