Текст
27.04.2026
«Көктемгі мейірім апталығы» #izgilik_tolqyny #QamqorBol
24.04.2026
Кеше Астрахан агротехникалық колледжінде баласының болашағына алаңдайтын ата-аналар үшін арнайы «Ашық есік» күні мен танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып, колледж өнерпаздары дайындаған мерекелік музыкалық нөмірлерді тамашалады. Шара соңында ата-аналар жайылған дастарқан басында еркін сұхбат, тамаша көңіл күй сыйлады.
23.04.2026
Оқушылармен ерте жүктіліктің алдын -алу тақырыбында кеңестер өткізілді. Психолог: Абдибаева А.Н. ДТІЖО: Холганат Д.
22.04.2026
«Кітап әлемінде» квест. Квест- балаларды кітап оқуға қызықтыратын ойын-сабақ. «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ Кітапханашы: Жексембі К. Т. #балаларкітапханасы #адалазамат
22.04.2026
«Кітап-білім бұлағы» Зияткерлік күн-жарыс емес, мереке. Бала «ұтылдым» деп емес,«бүгін жаңа сөз білдім» деп қуанып қайтуы керек. Кітапханашы: Жексембі К. Т. #балаларкітапханасы #адалазамат
20.04.2026
Буллингтен қорған! Біздің қауіпсіз әлеміміз. 1-сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Иманжүсүп Б.Т. #адал_азамат
20.04.2026
Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ 11-сынып оқушыларымен «Ұлттық құндылықтарға негізделген» тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие бере отырып, олардың бойында отансүйгіштік, адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты қасиеттерді қалыптастыру. қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау арқылы ұлттық сана-сезімін ояту, тарихи мұраға деген құрметін арттыру және қазіргі қоғамда ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға тәрбиелеу. Оқушыларға ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие бере отырып, олардың бойында отансүйгіштік, адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты қасиеттерді қалыптастыру. қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау арқылы ұлттық сана-сезімін ояту, тарихи мұраға деген құрметін арттыру және қазіргі қоғамда ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға тәрбиелеу.
20.04.2026
"Буллингтен қорған!" тақырыбында Қалдыбек Айсана 11сыныппен сынып сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға буллинг (қорқыту, кемсіту, қысым көрсету) түсінігі және оның түрлері (физикалық, вербальды, кибербуллинг) туралы ақпарат беру. Жәбірленушінің, агрессордың және куәгерлердің психологиялық жағдайын талдау. Буллингке қарсы тұру және өзін-өзі қорғау әдістерін үйрету. Сыныпта достық, сыйластық және өзара көмек атмосферасын қалыптастыру.
20.04.2026
«Отбасымен кітап оқу-игі дәстүр»отбасылық оқу күні. Мақсаты: жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғыртуда, адамзаттың ой-өрісін, шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін арттырудың қуатты құралы болып табылатын кітап оқудың отбасылық құндылыққа айналдыру. «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ Кітапханашы: Жексембі К. Т. #балаларкітапханасы #адалазамат
20.04.2026
«Кітап және цифрлық әлем » Лабораториялық тәжірибелер жасау. Кітап-терең ойдың, тұлға қалыптастырудың негізі. Цифрлық әлем ақпараттың, жылдамдықтың көзі. Білімді адам екеуін де қолданады: жаңалықты телефоннан оқып, мәнін кітаптан іздейді. «Өндіріс ауылының ЖОББМ»КММ Кітапханашы: Жексембі К. Т. #балаларкітапханасы #адалазамат