Текст
04.05.2026
#адалазамат
01.05.2026
Бір шаңырақ астында,бірлігіміз жарасқан". Бұл күн – әртүрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп, бір-бірімізге деген сыйластық пен достықты нығайтатын күн. Әр ұлттың өзіне тән тілі, өнері, киімі, салт-дәстүрі бар. Бірақ бәрімізді біріктіретін ортақ құндылықтар – бейбітшілік, достық және өзара түсіністік. Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ұлттар күні құтты болсын! Достығымыз нығая берсін, бірлігіміз арта берсін! "Балақай" шағын орталығының тәрбиеленушілері. Тәрбиешісі: Мауленова Г.С
30.04.2026
Таза Қазақстан эко-сағатынан кейінгі оқушылармен жүргізілген сұхбат. ДТІЖО: Холганат Д. #тазақазақсстанэкосағат
30.04.2026
11-сынып түлектері ағаш отырғызды.
30.04.2026
«Суды үнемде – болашақты сақта» мектептер мен колледждерге арналған эко-сағаттың сценарийлік жоспары Тақырыбы: «Суды үнемде – болашақты сақта» Өткізу күні: 2026 жылғы 30 сәуір Уақыты: 10:00 - 11:30 Өткізу форматы: YouTube платформасы арқылы онлайн Қатысушылар: Оффлайн: Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері, жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен волонтерлері; Онлайн: еліміздің колледждері мен мектептері қосылады. Құрметті қонақтар: - Нұржігітов Нұржан Молдиярович – Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі; - Скакова Айжан Амангелдіевна – эколог, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның сарапшысы, «Қазақ табиғатты қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы; - Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басқарма төрағасы – ректоры. Мектебіміздің 10-11-сынып оқушылары қатысты. ДТІЖО: Холганат Д.
30.04.2026
"Жас Ұлан","Жас қыран"ұйымына қабылданған оқушыларымызды құттықтаймыз.Антына адал азамат пен азаматшалар болсын. Тәлімгер: Иманжүсүп Б.Т.
29.04.2026
Бастауыш сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.(Қауіпсіздік, өрт, тәртіп) ДТІЖО: Холганат Д.
29.04.2026
Бүгін 1-сынып оқушылары «Кодтау жинағы Pro» ойынын үлкен қызығушылықпен ойнады. Балалар ойын барысында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, тапсырмаларды шапшаң әрі ынтамен орындады. Әрбір оқушы белсенділік танытып, жаңа білім алуға деген құштарлығын көрсетті. Осындай қызықты ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеті артып, технология әлеміне алғашқы қадамдарын нық басып келеді. Сынып жетекшісі: Иманжүсүп Ботагөз Темірбекқызы
28.04.2026
Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылдың 29 сәуір күні Республикалық ағаш егу челленджі өткізіледі. Челледжіге 9-сынып түлектері қатысты. Сынып жетекшісі: Келденбек Д. #Таза_Қазақстан
28.04.2026
27.04.2026 жылы 4-сынып оқушыларымен «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға адамдар арасындағы теңдік, өзара құрмет, достық пен татулық ұғымдарын түсіндіру, әр адамның ерекшелігін сыйлауға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылармен әртүрлі тапсырмалар мен ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар «әртүрлілік» ұғымы туралы өз ойларын айтып, пікір алмасты. Сонымен қатар, түрлі жағдаяттар арқылы бір-бірін түсіну, көмектесу, сыйлау сияқты қасиеттердің маңызы түсіндірілді. Сынып жетекшісі:Байдаулетова А.И.