Текст
13.04.2026
8-сынып тәрбие сағаты Тақырыбы: 12-сәуір -ғарышкерлер күні"Байқоңырдан басталған сапар" сынып жетекшісі: Нурдхан А.
13.04.2026
"Мамандық таңдау - маңызды шешім" тақырыбында Қалдыбек Айсана 11сыныппен сынып сағатын өткізді. 11-сынып түлектері үшін мамандық таңдау тек болашақты жоспарлау емес, бұл — ҰБТ-да таңдау пәндерін нақтылау және алдағы өмірлік жолын белгілеу. Сынып сағаты оқушылардың кәсіби таңдаудағы сенімділігін арттыруға бағытталған. #адал_азамат
13.04.2026
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілген бұл іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл аумағын қоқыстан тазарту арқылы қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және оқушылар мен тұрғындардың экологиялық санасын арттыру. Сонымен қатар, тазалыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, бірлескен еңбек арқылы ұйымшылдық пен белсенді азаматтық ұстанымды дамыту да маңызды мақсаттардың бірі болып табылады. Акцияға мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары өз үлестерін қосты. ДТІЖО: Холганат Д. #таза_қазақстан2026 #адал_азамат
13.04.2026
Тікелей эфир "Оқушыларға ҰБТ кезіндегі психологиялық кеңес беру " Психолог: Абдибаева А.Н.
10.04.2026
Жас мамандар онкүндігі аясында мұғалімдер мен оқушылардың арасында волейболдан достық кездесу ұйымдастырылды.Оқушылардың командасы жеңіске жетті. #жасмаманонкүндігі
10.04.2026
09.04.2026ж 5-сынып Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында ата-анамен тәрбиесі, тәртібі, сабаққа деген ынтасы және болашағы жайлы айтылды, ата-аналармен түрлі ойын ойнатылды, психологиялық өз балаңызды тану атты сұрақ жауап қа жауап берілді.Қорытындылай келе, «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбындағы жиналыс барысында бала тәрбиесі – баршамызға ортақ жауапкершілік екені атап өтілді. Ата-ана мен ұстаздың өзара тығыз байланысы, түсіністігі және бірлесе әрекет етуі – оқушының дұрыс қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Сондай-ақ, мектептің қауіпсіз әрі қолайлы орта болуы – баланың өзін еркін сезінуіне, білімге деген қызығушылығының артуына ықпал ететіні айтылды. Әрбір балаға мейіріммен қарап, оның пікірін құрметтеу, қолдау көрсету – басты міндеттердің бірі екені ескертілді. Алдағы уақытта ата-ана, ұстаз және мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәрбие жұмысын жүйелі түрде жалғастыру, қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында нақты жұмыстар жүргізу қажеттігі белгіленді. Сынып жетекшісі: Тынысбекова Ж. #адал_азамат
10.04.2026
«Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында сынып жетекші Қалдыбек Айсана Бейбітқызы 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен ашық есік күнін өткізді. Мақсаты: Ата-аналармен тығыз байланыс орнату, оқушылардың оқу-тәрбие процесінде бірлескен жұмыс жүргізудің маңыздылығын түсіндіру. Қаралған мәселелер: 1. Мектеп пен ата-ана арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту жолдары. 2. Оқушылардың оқуына ата-аналардың қолдау көрсетуі. 3. Ата-аналармен кері байланыс орнату (пікір алмасу, ұсыныстар). #адал_азамат
08.04.2026
Жас мамандар онкүндігіне орай мұғалімдер арасында Мафия ойыны ұйымдастырылды. Өткізген: Қалдыбек А. #жасмамандаронкүндігі
08.04.2026
БІЛІМ - МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА АЙҚЫНДАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР "Өндіріс ауылының ЖОББМ" КММ 08.04.2026ж күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 7 сәуірдегі N 2-20-06/2474-И хатына сәйкес "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде 11-сынып оқушыларына арналған "Білім - мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар" тақырыбында сынып сағатын өтті. Білім саласындағы мемлекеттік саясат қағидасы — білім саласындағы мемлекеттік саясат негізгі ережеге негізделеді. Білім мекемелерінің дербестігі - тәрбиеленушілердің жүйелі бағалануы аралық аттестациясының мерзімді және тәртіптік, оқу жоспарының бекітілуіндегі және өнделуіндегі өзіндік білім мекемелерінің ұсынылуы. Білім беруді гуманистік сипаттамасы – білім беру бағдарламасының және оқу-тәрбие мекемесі жүйесінің кұрылуы. Олар кез–келген деңгейдегі білім алудың түрлі тұрғын топтарының шектеусіз құқықтарының кез-келген білім беру сұраныстарын қанағаттандыра алады. Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Сабаққа директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Холганатқызы Дәнекер қатысты. Сынып жетекшісі: Қалдыбек А. #адал_азамат
07.04.2026
«Өмірге салауатты қадам» тақырыбында 11-сыныппен Қалдыбек Айсана сынып сағатын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, денсаулықты сақтаудың жолдарын үйрету және зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында оқушылармен денсаулық туралы әңгіме жүргізіліп, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, дене белсенділігі және күн тәртібін сақтау жөнінде мәліметтер берілді. Сонымен қатар, темекі шегу, алкоголь және басқа да зиянды әдеттердің адам ағзасына тигізетін кері әсері түсіндірілді. #адал_азамат