Текст
20.04.2026
«Балалар жазушыларымен танысу» белгілі балалар жазушылары туралы танымдық сағаты өткізілді. Балалар жазушылары баланың қиялын оятып, тілі мен тәрбиесін қалыптастыратын қаламгерлер. Олар күрделі шындықты ертегі, өлең, әңгіме арқылы «баланың тілімен» жеткізеді. Қазақ балалар әдебиетінің алыптары: Ы. Алтынсарин, Қ. Баянбай, Б. Соқпақбаев, М. Әлімбаев, т. б. «Өндіріс ауылының ЖОББМ»КММ Кітапханашы: Жексембі К. Т. #балаларкітапханасы #адалазамат
20.04.2026
"ШЖМ-де цифрлық білім беру экожүйесі" тақырыбы бойынша ЖИ жетекшісі Қалдыбек Айсана Бейбітқызы мектеп мұғалімдерімен шеберлік сабағын өткізді. Сабақ мектебіміздің білім сапасын арттыру үшін цифрлық технологияларды жүйелі түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді. Негізгі міндеттер: • Педагогтерді цифрлық экожүйенің құрылымымен таныстыру; • Біріктірілген сыныптарда цифрлық платформаларды қолданудың тиімді әдістерін көрсету; • Мұғалімдердің АКТ-құзыреттілігін арттыру. -Шеберлік сабағы келесі кезеңдерді қамтыды: • Теориялық блок: «Цифрлық экожүйе» түсінігі және оның ШЖМ үшін маңыздылығы (ресурстарды үнемдеу, қолжетімділік). • Практикалық блок: Қатысушылар OnlineMektep, Google Classroom және Canva сияқты сервистерде интерактивті тапсырмалар дайындап, «аралас оқыту» (Blended Learning) моделін ШЖМ форматында сынақтан өткізді. • Тәжірибе алмасу: Біріктірілген сыныптарда оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін цифрлық құралдар арқылы қалай ұйымдастыру керектігі талқыланды.
17.04.2026
«Қазіргі балалар және рухани құндылықтар» Мақсаты-ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ Кітапханашы: Жексембі К. Т. #балаларкітапханасы #адалазамат
17.04.2026
17 сәуір күні өткен «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында өткен «Ауыл мектебінің жаңа бағыты» форумына қатысты. Форумның 1 секциясында «Мектеп басқаруындағы заманауи менеджмент», бағыты бойынша мектебіміздің директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Холганат Данекер Тақырыбы: "Құндылықтарға негізделген білім беру тәрбие бағдарламасы бойынша жұмыстардың жүзеге асырылуы" » тақырыбында баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті. Нәтижесінде сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, мектебіміздің физика пәні мұғалімі Қалдыбек Айсана облыстық мұғалімдерге арналған пәндік олимпиадаға қатысты. Бұл қатысу — педагогтеріміздің үздіксіз даму жолында екенінің, білімді өмірмен байланыстыра оқытуға бағытталған нақты қадамдарының дәлелі. Форум ұйымдастырушыларына кәсіби алаң ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да нәтижелі ынтымақтастық жалғасады деп сенеміз. #АуылМектебі #ФункционалдықСауаттылық #Педагогтар #БілімСапасы МұғалімДамуы
17.04.2026
Қайреден Карбаев 1936 жылы Ақмола облысының Новочеркасс ауылында дүниеге келген. Қайреден Кәрібайұлының өткен өміріне тарихи шегініс жасайтын болсақ, соғыс жылдары және одан кейінгі қиын-қыстау заманда жоқшылықтың ащы дәмін татып, күнкөрістің қаншалықты қиын екенін жан-тәнімен түсінген Қайреден Кәрбаев еңбекке ерте араласты. «Әркімнің өз тағдыры- өз қолында» деген қағиданың шындыққа қаншалықты жақын екендігін қайдам, дегенмен, Қайреден Карбаевтің өміріде өз жолын табарда ешкімге иек артпай, тек өзіне ғана сенгені ақиқат. Еңбек жолын Толқынкөл ауылында мектеп интернатында тәрбиеші болып бастап, «Путь к коммунизму» кеңшарында бөлімше басқарушысы, Астрахан аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Жарсуат кеңшарының директоры, Макин аудандық атқару комитетінің төрағасы, Теңіз және Атбасар ауданы партия комитеттерінің бірінші хатшысы, өзінің біліктілігі мен іскерлігі, табандылығы мен қайсарлығы обылыс басшысы қызметіне дейін көтерілген. Әрине, мына жалған дүниенің аз күндік қана жарық айдынында кімнің де болсын, жақсы атанып, халықтың көз алдында жүргісі келетіні мәлім . Бірақ осы мақсатқа жетудің күнгейлі- көлеңкелі сандаған жолдары және бар. Дұрысы - еңбігіңмен, бейнетіңмен, адалдығыңмен, жұртыңа тигізген пайдаңмен оңды азамат, жақсы кісі атану ғой. Күпсініп, кеуде керіп, малына киініп, маңсабыңды міндетсіген жағдайларың – жалған, уақытша, шалшыққа түскен аспан суреттері секілді, күн шыққанда бу болып ұшып, жоқ болады. Талайлар азды-көпті қызметінің қызуына елтіп, ел үстінде жүремін деп те шатасады. Халық – мұхит! Ондайларды жағалауға кезі келгенде, оп-оңай шығарып тастай салады. Ал, әлгінде айтқанымыздай , жұртың үшін жаныңды аямай атқарған адал қызметің, кіршік шалмаған, қиянаты жоқ, кісілік кескінің ғана жақсы атандырып жұртыңнан жадында есіміңді , игі істеріңді ұзаққа қалдырады. Мектебімізде Қайреден Карбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай "Ер есімі-ел есінде" іс-шара ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлері бойынша ашық турнир өтті.Іс-шараға қатысқан қонақтарымыз Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Барахоева Полина Юнусовна, аудандық ақсақалдар кеңесі төрағасы Орман Жаңбырбай Аубайұлы, Новочеркасск ауылдық округі әкімі Жанабеков Нурлан Аблайұлы Ерекше қонақ ретінде жиені Камитов Олжабай атамыз бен досы Сатемір Кәрібай қатысты.
16.04.2026
«Шығармашылық интеллигенция-Қазақстан балаларына» Ә. Қастеев-қазақ даласын, еңбек адамдарын, тарихты бояумен «сөйлеткен» суретші. Қойшы баладан халық суретшісіне дейін көтерілген тұлға. Ол қазақтың бейнелеу өнерін кәсіби деңгейге шығарды. Оқушыларды әйгілі суретшінің өмірімен және оның шығармаларымен таныстыру сағаты өткізілді. «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ Кітапханашы: Жексембі К. Т. #балаларкітапханасы #адалазамат
14.04.2026
«Балалар басылымдары-кітапқа бастайтын жол». Оқушыларды «Айгөлек»,«Балдырған» журналдарымен таныстыру, насихаттау. Балаларды кітап, журнал оқуға қызығушылықтарын арттыру. «ӨндірісауылыныңЖОББМ»КММ Кітапханашы: Жексембі К. Т. #балаларкітапханасы, #адалазамат
14.04.2026
Ұлттық кітап күні қарсаңында өткізілген іс-шараның тақырыбы: «Яссауидің рухани мұрасы». Мақсаты: Яссауидің өмірі, еңбектері, кесенесі туралы айтып түсіндіру. «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ Кітапханашы: Жексембі К. Т.
14.04.2026
«Балалар әдебиеті-рухани тәрбие бастауы» Ұлттық кітап күні қарсаңында өткізілетін онкүндіктің ашылуы. «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ Кітапханашы: Жексембі К. Т.
13.04.2026
Тақырыбы: «Мамандық таңдау – маңызды іс» Сыныбы: 10-сынып Сынып жетекшісі: Ахметов Д.С. 10-сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт беру, болашаққа саналы көзқарас қалыптастыру.