«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

семинар

«Ұлттық құндылықтарымыз-тәрбиенің түп қазығы» атты аудандық семинар.

Айзира:

Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар, ата-аналар!

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Отбасы күніне орай сөйлеген сөзінде отбасы институтын күшейту бойынша міндеттер жүктеп, «Мықты және бақытты отбасы – еліміздің әл-ауқаты мен гүлденуінің негізі» деп атап көрсетті.

Ерлан:

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖОБА

  •  

Позитивті ата-ана мәдениетін дамыту арқылы қазақстандық балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету.

  •  

Ұлттық құндылықтар негізінде ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беруді жүйелі ұйымдастыру

Қазақстанның бақытты және табысты азаматтарын тәрбиелеу бойынша ата-аналардың құзыреттерін дамыту

Позитивті ата-ана мәдениетін дамытуда әлеуметтік серіктестердің күштерін біріктіру

АТА-АНАЛАРҒА БІЛІМ БЕРУДІҢНӘТИЖЕЛЕРІ

  • Қазақстан отбасыларында ата-аналар мен балалар қарым-қатынасын жақсарту.
  • Ата-аналар қауымдастығында психологиялық-педагогикалық білім мен дағдыларға деген сұраныс.
  • Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелерінде педагогтер мен ата-аналар және жұртшылық өкілдерін шоғырландыру.
  •  
  • Айзира:

Даналық мектебінің мақсаты:

Ұлттық тәрбие мектептерін ашу арқылы, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ бойына сіңіру, салт-дәстүрімізді дәріптеу. Халқымыздың сан ғасырлық мәдени жәдігері мен құндылықтарын тәрбиенің өзегіне айналдыру.

«Даналық мектебі» клубында Ата өсиетін, Әже даналығын, жеңгесінің кеңесін, ағаның қамқорлығын жан-жақты түсіндіретін

4 мектеп жұмыс жасайды.

Аталар мектебі

«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер»

Бір атадан тараған туыстар әулеттің татулығын бірінші орынға қояды. Өйткені олар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта бірге өседі. Мұндай туыстардың арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйтке­ні тәртіп бойынша туыстар бір-біріне қиянат қылмайды, керісінше, сырттай бір-біріне қамқор, жанашыр боп жүреді. Қазақтың «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы бірлік, татулық, сыйластық мәселесі терең қарастырылған. Жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ қан тазалығына ерекше мән берген.

Клуб жетекшісі Калиев Мұқтар Әменұлына сөз береміз

ШЕЖІРЕ -Көпбай ата

 ҮШ ЖҰРТ- Мырзағұл ата

САЛТ-ДӘСТҮР-  Қыпшақбай ата

БАТА БЕРУ-КӘРІБАЙ АТА

Ерлан:

Әжелер мектебі

Ертегі танымның көзі

Ертегінің бала тәрбиесінде, оның танымдық қасиетінің жан-жақты жетілуіне, сөздік қорын байытып, тілін дамытуда маңызды орын алатынын ұмытпаған абзал. Ұлы Абай «... қандай адам баласы болсын, ол кішкене күнінде ауыз әдебиетімен сусындаса, онда ол адам өз тілін, елін, жерін сүйеді» - деп текке айтпаса керек. Ертегі тек қазақ емес, әлем, әсіресе түркі жұртшылығында бағасы жоғары тәрбие құралы. Алайда оның бүгінгі бағасы биік деуге келмейді. Б. Момышұлының «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын.

Клуб жетекшісі Жексенбі Гүлбағдат Төлегенқызын сөз береміз

ӘКЕ МЕН АНАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

«ДЕДІМ АЙ АУ» ӘНІ

Айзира:

Ағалар мектебі

Ағасы бардың жағасы бар

Аға – өзінің соңынан ерген інілері мен қарындастарына тірек, қорғаныш. Аға әр отбасындағы жол бастайтын, өзінен кейінгілерге бағыт бағдар беретін тұлға. Іні мен қарындасы ағасына қарап бой түзейді, қиналғанда ағасын арқа тұтады. Сондықтан да «Ағасы бардың жағасы бар», «Ағаның үйі ақ жайлау» деп арқаны кеңге салып жүреді. Өз кезегінде аға да іні-қарындастарының қуанышына ортақтасып, жығылғанда демейді. Ал іні ағаның артынан ерген із. Бауырым деп бағалайтын қазынасы. Қазақ халқында аға мен іні арасындағы қарым-қатынас - ең ізгі, берік туыстық қатынас.

Клуб жетекшісі Калиев Мұқтар Әменұлын сөз береміз

«ЖІГІТКЕ ЖЕТІ ӨНЕР ДЕ  АЗ»

Ерлан:

Жеңгелер мектебі

Қыз ғұмырдың құпиялары

«Қыз өссе елдің көркі», «Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілінер», «Қызсыз үйдің жүгі жиылмас», «Қыз арынын сынамас болар, қыздың сырын сұрамас болар» дейтін қазақ халқы қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген. Өйткені ол – болашақ ана, шаңырақтың берекесі. Алайда қазіргі қыздар тәрбиесіне көпшіліктің көңілі тола бермейді. Әлеуметтік желіде де көп талқыланатын мәселенің бірі – қыз бала тәрбиесі. Киім киісінен бастап, сөйлеуі, тамақ дайындауы, тіпті атқарып жүрген қызметі де талқыға түсіп жатады.

Клуб жетекшісі Сатемір Айзира Қаржауқызын сөз береміз.

Айзира:

«Жеңгенің кеңесі» Қыз тәрбиесіне немқұрайлы қарай алмайтын қасиет қазақтың қанына сіңген . Ал қыз балаға қыз ғұмырдың құпияларын ашып,жол көрсететін бірден бір жанашыр жан –жеңгесі.  Сол себепті жеңгелер мектебінің жұмысын оң жолға қою кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Қыздың әзілді түсінуі, адаммен дұрыс қарым-қатынас жасауы, сөйлесе білуі,ұрыс-керістен қашуы, сыр бөлісу, сыр тыңдауы, өз ойын жеткізе алуы,көптің алдында сөйлей алуы,өзін ұстай алуы, күлкісі, жүріс-тұрысы, осының барлығы қылықтардың аясына сыяды. Арулы қыздарымыз осылардың барлығын жеңгелердің кеңесінен үйренбек.

Көрініс:  Сахнада жеңгелері отырады.

Айгүл жеңеше :

Жеңеше – ағаның сүйіп қосылған жары, қайыніні мен қайынсіңлінің сырласы. Көне заманнан бері қыз тәрбиесінде жеңгенің рөлі ерекше. Бұрындары қызға ана емес, жеңге тәрбие беретін. Ана ақылшы болса, жеңге жақын тұтар сырлас. Анаға айтуға қаймығатын сырды бүкпесіз жеңгеге ақтарып салатын. Оның ақылына құлақ асқан қыз қателіктен қашық жүреді. Олай болса біз ерке , қылықты қыздарымызды ортаға шақырып ақыл-кеңестерімізді берейік.

Шырайлым,Еркеқыз, Тәтті қыз, Аққыз, Ақмаңдайлым .

Ақсымбат  жеңеше :Қазақтың қыз-келіншектері қара киім кимеген, шашын жаймаған. Қазақ қызы үкілі тақия, құндыз бөрік киген.

Жарыса сөйлеуге

Жалғыз қыдыруға

Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге

Орынсыз сөйлеуге

Басқаларға қол тигізуге

Өтірік, өсекке

Айнұр жеңеше

Шалқайып жатуға

Тамақты обырлана асауға

Ұрлық-қарлыққа

Ұятты мүшелерін ашып жүруге

Бұраңдап қылымсуға

Суық жүріс, сумаң қылыққа

Динара жеңеше

Салт-дәстүрден аттауға

Елді ғайбаттауға

Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға

Беттен алып, бет жыртысуға

Түнде суға жалғыз баруға

Кісіге қарай керіліп есінеуге

Айзира: «Ас - адамның арқауы» демекші олай болса келесі кезекті «Жеңешем әзірлеген дастархан» бөліміне кезек берейік.
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым-дей отырып жеңешелер мен ару қыздарымыз дайындаған тағамдарымен таныстырып өтеді.

Гүлімжан жеңеше

Оксана жеңеше

Гүлназ жеңеше

Айжан жеңеше

Гүлжан жеңеше

Айзира:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен әсем күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» - деп кезекті өнерлі жеңгелерімізге береміз.

ӘН: «Қазақтың келіндері-ай»

Ерлан:

Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы.

Айзира:

Біздің ойымызша,сол құндылықтардың арқасында біз өзіміздің халықтық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз. Сондықтан да кешеден бүгінге сол құндылықтарымыз қалай жетті, ертеңгі күнге жеткізе аламыз ба деген сұраққа жауап таптық. Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошаққасынан басталады. Отбасы – тәрбиенің тамаша мектебі. Олай болса бүгінгі «Ұлттық құндылықтарды қастерлейік» атты семинарымызды қорытындылай келе сөз кезегін Астрахан ауданының білім бөлімі әдіскерлеріне береміз.

«Ұлттық құндылықтарымыз-тәрбиенің түп қазы» атты аудандық семинар.

Жаңартылған күні: 21.12.2023 11:33
Құрылған күні: 21.12.2023 11:38

Текст