«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңесі

Хаттама №2

«Өндіріс орта мектебі» ММ

2018-2019 оқу жылы

19.12.2018 жыл

Уақыты 15.00-16.00

 

 

Күн тәртібінде: 1.Мектептегі мерекелік іс-шараларға қатысу,көмек көрсету.

2.Жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен,аз қамтылған жанұяның балаларының тұрмыс жағдайымен танысу.

Қатысқандар: 9

Қатыспағандар: 0

Тыңдалды: Отырысты қамқоршылық кеңесінің төрағасы К.Сатемір ашып,күн тәртібімен таныстырып өтті.

1-мәселе бойынша кеңес мүшесі Иманжүсүп А.сөз алды.  Мектептегі келе жатқан мерекелік іс-шара жаңа жылдық шырша мерекесі.Осы іс-шараға орай кеңес мүшелерінің ақылдасуымен көмек көрсетілсе,оқушыларға,жалпымектепке.Осы ойымды сіздер құптайды деген ойдамын.Безендіру жұмыстары және Ақшақармен Аяз атаның киіміне,қоржынына қаржылай көмек көрсетілсе.Сонымен бірге жартылай жетім,көпбалалы отбасы оқушыларына көмектер көрсетсек. Осы мәселеге байланысты Әбілхайыр К.сөзсөйледі,мектеп шыршасына сыйлықты ата-аналар өздері көмек көрсетіп,ұйымдастыру жұмыстарына атсалысамыз. Ендігі кезекте осы мектепке көмек ұйымдастырсақ нұр үстіне нұр болар еді.

2-мәселе бойынша жартылай жетім және көпбалалы отбасыларының тұрмыс жағдайымен таныссақ.Сондай отбасылар ауылымызда бар. Сол отбасыларға көмек көрсетілсе, қалай ойлайсыздар.Сіздердің пікірлеріңіз маңызды,себебі сіздер қамқоршылық кеңесінің мүшелерісіздер.

Ұсыныс:1.Шырша мерекесіне безендіру жұмыстарына қаржылай көмек көрсетілсін.

2.Жартылай жетім,көпбалалы отбасы балаларының түрмыс жағдайымен танысу қаңтар айының аяғына жоспарлансын.

 

 

 

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:                        К.Сатемір

 

Хатшысы:                                                                  А.Байдаулетова

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңес

«Өндіріс орта мектебі» ҚК комиссиясы отырысының

№3 ХАТТАМАСЫ

«02» «ақпан» 2019 жыл Өндіріс ауылы

Қатысқандар: 20

Басталуы: 17 00

Күн тәртібі:

  1. Мектеп басшысы«Өндіріс орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2018-2019оқу жылының І жарты жылдығында атқарған жұмыстарының есебі
  2.   «Қамқорлық» айлығында жиналған заттар,киімдерді бөлу туралы.

Тыңдалды:

Байдаулетова Р. (мектеп басшысы): «Өндіріс орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығында атқарған жұмыстары, білім беру қызметін ұсыну сапасы жөнінде айтып өтті.

А. Байдаулетова: 25.08.2018 жыл күні «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету» атты ұранымен «Мектепке жол» акциясы өткізілгендігін,   акцияның негізгі мақсатын айтты. Биылғы оқу жылында мектепте оқитын оқушылар саны анықталып, олардың тұрмыстық жағдайларымен танысып, барлық оқушылардың тегін оқулықтармен қамтамасыз етілгендігін, акция барысында Өндіріс орта мектебінде оқитын жартылай жетім оқушыға мектеп формасын, мектеп сөмкесімен қоса оқу құралдарын қамтамасыз етіп өз үлестерін Мектеп ұжымы  қосқандығы айтылды. Қайырымдылық акциясының жалғасын табатындығын хабарлады.

Сөйлеу:Сатемиров К.  мектеп ішіндегі атқарылған жұмыстармен танысып, өз пірікін білдірді. Жағдайы төмен, аз қамтылған оқушылар, ата-анасы жоқ, жартылай жетім балаларымызды қорғау барлық мүмкіншілігі бар адамдардың қолынан келетін жұмыс екенін айтып өтті. Яғни, қайырымдылық көмектің көп болуын қолдады. Жағдайы жоғары санаттағы азаматтардың қол ұшын берулерін өтінді.Ата-ана тарапынан Иманжүсүп А. қамқорлық акциясының көп өтуін қолдады. Сол мақсатта оқушыларды білім  алу үшін мектептің техникалық базасын көбейтуді сұрады. Ата-ана ретінде оқушылардың әлеуметтік жағдайын да атап өтті.

Шешім: «Өндіріс орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығында атқарған жұмыстары, білім беру қызметін ұсыну сапасы және қайырымдылық көмектің жұмсалуы туралы есебі қанағаттанарлық деп танылсын.

ҚК төрағасы_______________________ К.Сатемиров    

Хатшы________________________      А. Байдаулетова

Жаңартылған күні: 17.05.2019 13:56
Құрылған күні: 18.02.2021 16:01

Текст