“Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Холганат Данекер,психолог Абдибаева Ақсымбат,медбике Ахметова Мақпал ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел барысында қыз баланың тәрбиесі туралы айтып, жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтарға жауап алды. Жұқпалардың алдын-алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. Ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі жайлы айтылды.
Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы — жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланған жүктіліктің 90 пайызы отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді.Ерте жүктіліктің қалай алдын алуға болады? Ата-ана баласымен жиі әңгімелесу керек. Оқушылар берілген сұрақтар маңында өз ойларын айтып,осы тақырыпты талқылады