«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мерекелік іс-шаралар

                         Отбасы-бақыт мекені


1 - жүргізуші:

- Қайырлы күн, ата - аналар, ұстаздар мен оқушылар!:

Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде
Үлкен - кіші жасымыз кәрімізде
Төрлетіңдер қадірлі қоңақтарым
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.
2-жүргізуші:
Отбасы қоғамдық құрылымның тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты. Бүгінгі біздің «Отбасы-бақыт мекені»атты мерекелік шараға қош келдіңіздер!

ӘН: Ана туралы жыр
1 – жүргізуші
Әке асқар тау,
Ана мөлдір бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімі мен құрышын қаңдырып, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы – бұл қоғамның негізі.
2– жүргізуші
Ойын: «Мен сән әлеміндемін» (3 ата - ана және балалалары шығады. Алдарыңызға қағаз беріледі. Сол қағаздардан 5 мин ішінде балаларыңызды әсемдеп киіндірулеріңіз қажет)

 


1 – жүргізуші
Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді..

Оқушылар тақпақтарын тыңдайық

Ал қазіргі кезекте сұрақ-жауап арқылы қызықты сұрақтарға жауап беріп көрейік.
Жанұя» ойыны
1 Балаңыздың туған күні?
2 Сынып жетекшінің толық аты жөні?
3 Балаңыздың парталас көршісі кім?
4 Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
5Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6 Балаңыздың сүйікті мультфильімі?
7 Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8 Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
9 Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
10 Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
11 Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
12 Балаңыздың ең жақын досы кім?

 


Балаларға:
1. Ата - анаңның туған күні, айы, жылы
2. Ата - анаңның сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?
3. Ата - анаңның ізгі қасиеттері
4. Анаңның сүйікті түсі?
5. Анаңның сүйікті тағамы?
6. Анаң сені қалай еркелетеді
7. Анаңның сүйікті телесериалы
8. Анаң қандай тамақ пісіргенді ұнатады
9. Ата - анаңның арманы
10. Анаңның сүйікті көйлегі

Флешмоб
1 – жүргізуші
Тұрғандай ана сөзі тербеп мені,
Өмірім өнеріммен өрнектелді.
Тілейді әр ізіме ақ жол менің,
Әрқашан әке үні жебеп мені. Осымен отбасы күніне арналған сазды бағдарламамыз аяқталды. Баршаңызға отбасында бақыт, ырыс - дәулет, жақсылық пен шаттық болсын деп тілейміз!

 

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:49
Құрылған күні: 04.03.2020 09:47

Текст