Текст
28.04.2026
28 сәуір күні Астрахан N1 мектебінде семинар өтті .Семинарға біз магнитті мектептер болғандықтан семинарда өз тәжірибемізбен бөлістік.Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Холганат Данекер "Ата-ана мен тиімді қарым-қатынас орнату" тақырыбында мастер класс өткізді.Семинар соңында тәжірибесін бөліскені үшін аудан білім бөлімі басшысының сертификатымен марапатталды.
28.04.2026
27.04.2026 ж 5-сыныпта өткізілген тәрбие сағатында 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні тақырыбы айтылды.Бұл мереке еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің татулығы мен достығын, ынтымағы мен бірлігін дәріптейтін маңызды күн екенін. Қазақстан – көпұлтты мемлекет, онда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келетіні туралы мәлімет айтылды. Бұл мереке 1996 жылдан бастап ресми түрде атап өтіледі. 1 Мамыр күні еліміздің барлық өңірлерінде мерекелік концерттер, көрмелер, достық фестивальдері және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылатыны белгілі. Қазақстан халқының бірлігі күні – бейбітшілік пен келісімнің, өзара сыйластық пен құрметтің символы. Бұл күн әр азаматты Отанды сүюге, ел бірлігін сақтауға және достықты нығайтуға деген ынтасын өзге ұлтқа деген сыйластығын арттырады. Сынып жетекшісі: Тынысбекова Ж.
28.04.2026
"Бірлігі жарасқан ел - мәңгі ел"
28.04.2026
"Біз әртүрліміз, бір теңбіз"
28.04.2026
1-мамыр "Қазақстан халықтарының бірлігі" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып жетекшісі: Нурдхан А.
28.04.2026
27.04.2026 жылы 3-сынып оқушыларымен «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға адамдар арасындағы теңдік, өзара құрмет, достық пен татулық ұғымдарын түсіндіру, әр адамның ерекшелігін сыйлауға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылармен әртүрлі тапсырмалар мен ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар «әртүрлілік» ұғымы туралы өз ойларын айтып, пікір алмасты. Сонымен қатар, түрлі жағдаяттар арқылы бір-бірін түсіну, көмектесу, сыйлау сияқты қасиеттердің маңызы түсіндірілді. Сынып жетекшісі:Байдаулетова Р.Е.
27.04.2026
"Ынтымақ - достық кепілі" тақырыбында Қалдыбек Айсана Бейбітқызы сынып сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: • Көпұлтты еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу; • Болашақ түлектердің бойында төзімділік (толеранттылық) пен достық құндылықтарын нығайту.
27.04.2026
Көктемгі мейірімділік акциясында 7-сынып оқушысы Сакенов Әділжан өз құсына қамқорлық жасады
27.04.2026
Біздің мектеп оқушылары «Ізгілік толқыны» челленджіне қатысты. Оқушылар құстарға ұя жасап, іліп қойды #izgilik_tolqyny #QamqorBol @qazvolunteer.kz @cisc_official @madeniet_aqparat_ministrligi
27.04.2026
Біздің мектеп оқушылары «Ізгілік толқыны» челленджіне қатысты.Мектеп ауласын арамшөптерден тазартты. #izgilik_tolqyny #QamqorBol @qazvolunteer.kz @cisc_official @madeniet_aqparat_ministrligi