«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әже тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты салтанатты отырыс ұйымдастырылды. Іс-шара жеңгелер клубының қатысуымен дайындалған қазақтың ұлттық киімдерінің дефилесі мен концерттік бағдарламадан бастау алды. Көрермендер назарына ұлттық нақыштағы көркем көйлектер, сәукелелер және зергерлік бұйымдар ұсынылды. Қазақ халқы үшін әже – тек отбасының үлкені емес, ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығы, тәлім-тәрбиенің тұнық бұлағы екені белгілі. Сол себепті отырыс әжелер клубының шебер сағатымен жалғасты. Шебер сағатта асыл әжелер қазақтың ұлттық тағамдарын – бауырсақ, қымыз, құрт, жент сынды асыл қазыналарын көрсетіп, киіз үй жасаудағы жүнді түту кезеңдерін тәжірибелік түрде нақтылап берді. Іс-шара соңында қатысушылар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, әжелерге шынайы ризашылықтарын жеткізді. Астрахан ауданы білім бөлімі басшысының м.а. М.Мамраимовтың атынан алғыс хаттар табысталды. Аталмыш іс-шараға аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Орман Жаңбырбай Аубайұлы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сулейменов Құралбек Сагынтайұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қарасаева Гүлнұр Оралқызы қатысты. Олар өз сөздерінде әжелер тәрбиесінің ұрпақ бойындағы орны ерекше екенін тілге тиек етіп, жас ұрпақты тәрбиелеудегі мұндай бастамаларға қолдау білдірді. Шара мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындарының жылы ықыласына бөленіп, жоғары деңгейде өтті. ДТІЖО: Холганат Д.

15.05.2026
Просмотров: 0


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст