«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тренинг. Тақырыбы: «Менің балам қандай?» (ата-аналарға арналған тренинг)

13.02.2018

Мақсаты: ата-аналардың көңіл – күйді жақсарту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғату, әдістемелік көмектер беру. Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерің жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату.

Көрнекіліктер: түрлі-түсті қағаздармен қиылған қолдардың суреттері, доп.

Түрі: сұрақ-жауап, ойын

Барысы:

Кіріспе.

1. Жаттығу «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»

2. Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем»

3. Жаттығу «Менің балам қандай?»

4. Қорытынды бөлім.

І. Кіріспе

Сәлеметсіздер ме! Қымбатты ата – аналар! Бүгінгі «Менің балам қандай?» атты психологиялық тренингімізге қош келдіңіздер. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.

Отбасы – Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке – шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата – ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата – аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!

1. Жаттығу «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»

Мақсаты: Ата – анамен баланың ортасындағы қарым – қатынасты анықтау.

Әр қатысушыға доп лақтырып, төмендегідей сұрақ қойылады.

Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?

2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?

3. Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз?

4. Балаңыздың ең жақын досының есімі кім?

5. Сүйіп оқитын пәні?

6. Балаңыз мектепте нешінші кабинетте оқиды?

Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді?

Балаңыздың сынып жетекшінің толық аты-жөні?

Балаңыз қай жылдан бастап мектепке келді?

Балаңыздың сыныбында неше бала оқиды?

Директордың толық аты-жөні?

Балаңыздың жақсы көретін киім үлгісі?

Балаңыз сыныпта кімнің жанында отырады?

Күніне балаңыз қанша ақша жұмсайды?

Балаңыз кітапханаға неше рет барды?

2. Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем»

5 – 6 қатысушы үлестірмелі қағаз таңдап алады. Берілген сөйлемді аяқтау қажет.

Сәби бақыты, ол – ата-анасының қасында балып, махаббатына бөлену.

Ата – ана бақыты, ол – балаларының амандығы.

Әйел бақыты, ол – сүйікті жар, аяулы ана атану.

Ер – азамат бақты, ол – үйленіп, үй болу.

Ұстаз бақыты, ол – жақсы шәкірт тәрбиелеу.

3. Жаттығу «Менің балам қандай?» ойыны

Ата-ана баласын қалай жақсы көретінің көрсету.

Ойынның мақсаты: ата-ана баласын қалай жақсы көретінің көрсету. Әр қатысушы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерің жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерің айтуы керек. Саусақтың ортасына баланы жанұяда кімге теңейтінің салса болды.

4. Қорытынды

Психологтың қорытынды сөзі.

Ардақты ата – аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата – ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала – ұрпақ деген мағынаны білдіреді.

Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата – ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата – аналар іс – жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық – қатыгездікке, жомарттық – тоғышарлыққа, адалдық – арамдыққа, парасаттылық – парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл – қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық.

Просмотров: 3498


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст