Өткізуілу формасы: тренинг
Тренингтін мақсаты: Жеткіншектердің есірткі мәселесі бойынша ақпараттылық деңгейін жоғарлату, психикалық белсенді заттарды қолдануға қарсы дағдыларын дамыту. Салауатты өмір сүруге, еңбекке, спортқа баулу, зиянды заттарды қолданудың жеке басының игілігіне қалайша әсер ететінің түсінуге үйрету және өзінің қадір қасиетінің жағымды сезімін дамыту.
«Жастай берген тәрбие, жас ағашты игендей», демекші, мектеп қабырғасынан жас ұрпаққа темекі, ішімдік, анашаның қандай зиян екенін айтып, оны пайдаланбауды үйрету - ата-ананың, ұстаздың негізгі міндеті.
Денсаулыққа зор кесел,
Үйрене көрме шылымға.
Насыбай, арақ, анаша,
Қайшы келер ғылымға.
Тренингтің барысы:
1. «Амандасу»
2. «Миға шабуыл»
3. «Боямасыз өмір астарындағы шындық»
4. «Менің досым –нашақор, есірткіден бас тарт» жаттығуы
5. «Ойға шабуыл» жаттығуы
6. «Қорытынды»
1. «Амандасу» жаттығуы.
«Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей, біз бүгін бір-бірімізбен амандасып алайық. Оқушылар шеңберге тұру арқылы, қасында тұрған көршісіне гүл сыйлау арқылы өзінің жылы лебізімен, тілегін білдіреді.
2. «Миға шабуыл» жаттығуы. Сұрақ-жауап.
1) Ресейге темекі қай ғасырда, кім әкелді?
А) 16 ғасырда шетел саудагері Б) 15 ғасырда Ресей азаматы
В) 18 ғасырда қазақ азаматы
2) Адамдардың ортақ ісі, қарым-қатынасын оңайлатуға, пікірлесуге жеткізетін ермек әрекеті бұл не?
А) темекі Б) шахмат В) сурет
3) Жүйке жұқарып, шаршағанда темекі шегу көмектеседі дейді, дұрыспа?
А) жоқ Б ) иа В) білмеймін
4) Темекі тарытқаннан кейін ең бірінші ауыратын адамның қай мүшесі?
А) жүрегі Б) асқазаны В) басы
5) Темекі құрамындағы улы затты не деп атайды?
А) Никотин Б) смола В) полоный
6) Еуропада темекі қалай аталады?
А) табаго, табақ Б) шылым В) насыбай
7) Темекіде қанша никотин бар?
А) 0,7%-3% ға дейін Б) 0,8%-3% ға дейін В) 0,8%-4% ға дейін
8) Салмағы 16-20 кг итке қанша тамшы никотин берсе сеспей қатады?
А) 0,5 тамшы Б) 1 тамшы В) 2 тамшы
9) Тамекіден туындайтын аурулардын түрлері қандай?
А) Қолқа демікпесі, асқазан, бүйрек
Б) Сүйек сырқырауы, бас ауырулары, жүрек
В) Қолқа демікпесі, өкпе, жүрек, бауыр
10) Қай елде темекі тартушылардың басын кесіп, дарға асқан?
А) Ресейде Б) Англяда В) Қазақсатанда
3. «Боямасыз өмір астарындағы шындық» жаттығуы
1-ші және 2-ші топтар тақырып бойынша мақал-мәтел айтып жарысады
1) Жасында темекісін будақтатқан,
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан
2) Шылымшы өзін көрге тығушы
3) Шылымды әр тартқаның,
Табытыңа темір шеге қаққаның
4) Темекі тартқан бір кісі
Уланған бүкіл үй іші
5) Тәні саудың-жаны сау
6) «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»
4) «Менің досым-нашақор» жаттығуы
Жүргізуші ортаға өз қалауы бойынша екі оқушыны шақырады. Қатысушылардың біреуі - нашақор, екіншісі оның есірткі қолданбайтын досы болады. Нашақор - досына есірткіні қабылдап көруді ұсынады, ал досының міндеті - бас тартудың әр түрлі жолдарын келтіруі керек. Бас тарту сыпайы және нақтылы болуы қажет.
5) «Ойға шабуыл» жаттығуы топтық жұмыс.
Оқушылар екі топқа бөлінеді, орталарына сұрақ беріледі. Сол сұрақты талдайды
1-топқа. Есірткінің қолдану жолдарын, себептерін жаз
2-топқа. Есірткінің нәтижелері, емделу жолдарын жазып, схемасын көрсет.
6)Қорытынды бөлім. «Тілек шамы»
Қатысушылар бір-біріне тілектер жазып, осы өмірде неге қол жеткізуге, қандай өмір жолын тілер еді. Сол тілектерін қорапқа салады. Әр оқушы тілек қағаздарын кезекпен келіп алады.