«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Химиялық жұмбақтар»

13.04.2017

«Бейорганикалық химия» деген сөзден бірнеше химиялық элементтің атын жазу керек, бір әріпті бірнеше рет пайдалануға болады.

Бор, хлор, калий, бериллий,гелий,аргон, хром, магний барий, галлий, германий, кремний, неон, необий, рений, барий, қалайы.

1.Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім «тілсіз жау» деген мағынада , бірақ өзі химиялық элемент. Бұл қай элемент? (Аз-от)

2.Бірінші бөлігім «алда кел» деген бұйрық рай , екінші бөлігім сан есім, өзі шипалы газ. (Оз-он)

3.Бірінші бөлігі «тасқын су» екінші бөлігі «мал құлағына» салынатын

белгі. Өзі химиялық элемент. ( Сел-ен.)

4.Бірінші буыны «қабылда» деген сөздің мағынасын береді, екінші буыны «шараппен улану» деген мағынада, өзі улы тұз? (Ал-мас)

5.Бірінші бөлігі денеге құйылатын сұрақ, екінші бөлігі сан есім, өзі химиялық элемент? Бұл қай элемент? (Не-он)

6.Өзі химиялық элемент егер «ан» қосымшасын жалғаса қыстың қаһар

лы күндерін есіңе түсіреді Бұл қай элемент? ( Бор – ан)

7.Өзі химиялық элемент, егер алғашқы әрпін алып тастасаң, шаруашылық заттарын салатын ыдысқа айналады. Ойлашы бұл, қай элемент? (Фтор)

8.Жазылуым бойынша оқысаң элементпін, керісінше оқысаң өткізгішпін. (мыс)

9.Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл. (Йод)

10. Тірі ағзалар оңсыз өмір сүре алмайтын газ. (Оттегі )

Химиялық жұмбақтар мектеп дәлізіндегі тақтада ілулі тұрады.

Оған оқушылар жеке- жеке жауап беріп, химия пәні мұғаліміне тапсырады. Бірақ жауаптары апталық мерзімі бойы қабылданады.

«Химиялық жұмбақтар»

«Бейорганикалық химия» деген сөзден бірнеше химиялық элементтің атын жазу керек, бір әріпті бірнеше рет пайдалануға болады.

1.Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім «тілсіз жау» деген мағынада , бірақ өзі химиялық элемент. Бұл қай элемент?

2.Бірінші бөлігім «алда кел» деген бұйрық рай , екінші бөлігім сан есім, өзі шипалы газ?

3.Бірінші бөлігі «тасқын су» екінші бөлігі «мал құлағына» салынатын белгі. Өзі химиялық элемент.

4.Бірінші буыны «қабылда» деген сөздің мағынасын береді, екінші буыны «шараппен улану» деген мағынада, өзі улы тұз?

5.Бірінші бөлігі денеге құйылатын сұрақ, екінші бөлігі сан есім, өзі химиялық элемент? Бұл қай элемент?

6.Өзі химиялық элемент егер «ан» қосымшасын жалғаса қыстың қаһарлы күндерін есіңе түсіреді Бұл қай элемент?

7.Өзі химиялық элемент, егер алғашқы әрпін алып тастасаң, шаруашылық заттарын салатын ыдысқа айналады. Ойлашы бұл, қай элемент?

8.Жазылуым бойынша оқысаң элементпін, керісінше оқысаң өткізгішпін.

9.Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл.

10. Тірі ағзалар оңсыз өмір сүре алмайтын газ.

Химиялық жұмбақтар мектеп дәлізіндегі тақтада ілулі тұрады.

Оған оқушылар жеке- жеке жауап беріп, химия пәні мұғаліміне тапсырады. Бірақ жауаптары апталық мерзімі бойы қабылданады.

Химия пәні мұғалімі: Сатемиров С.К

Просмотров: 8226


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст