Мақсаты:
Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау, тақырыпты меңгеру әрежесін тексеру, химия әлеміне саяхат арқылы білімдерін жинақтау, пәнге қызығуын, логикалық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, формулалар, Менделеев кестесі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Көңілді апқыштар ,білімділер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күні жеңімпазы болады.
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар.
Біреуінің қатты істейтін миы бар.
Сайысқа түсушілерге сабырлық пен жеңіс тілеймін.
Бүгінгі «Химия әлеміне саяхат» сайысында алған білімдеріңізді мына бөлімдерде көрсете аласыздар.
І – бөлім « Кім жылдам»
II- бөлім «Формула сөйлейді»
III- Мақалдарды аяқта»
IV- Жұмбақ аралы»
V-Зертханалық жұмыс»
Сайысқа 6-оқушы қатысады. Сайыскерлерді бағалайтын қазылар алқасы таныстырылады. Әр сайыстан кейін қазылар алқасы әділ бағасын беріп отырады.
І – бөлім « Кім жылдам»
Ең қиын жарыстың түрі келді.
Мықтылары ортада, шықсын енді.
Тез жауап бер ,ойланып тұрып қалма,
Осы сайыстан көрейік ерен ерді.
«Менен сұрақ сіздерден жылдам жауап.
Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
І- бөлім
« Кім жылдам»
1.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлігі (атом)
2.Ең жеңіл металл ( Li)
3.Химиялық таңбаның алдына қойылатын сан (коэффицент)
4.Күкірт неше валентті ( 2/4/6)
5.Валенттілік қалай бөлінеді ( тұрақты айнымалы)
6.Оттектің салыстырмалы атомдық массасы ( 16)
7.Период нешеге бөлінеді кіші және үлкен
8.Периодтық жүйе неше топтан тұрады ( 8)
9.Топтар қалай бөлінеді ( негізгі және қосымша)
10.Атом молекулалық ілімді ашқан кім ( Ломоносов)
11.Көмір қышқыл тұзының аты ( карбонат)
12.Алашқы көмекке пайдаланатын бейметалл ( I)
13.Сұйық металл ( Hg)
14.Ең ауыр тығыз металл (Os)
15.Менделеев құрметіне берілген элемент (Md)
16.Оттек латынша қалай аталады оксегениум
17.Ток желісінде қолданылатым металдар (Cu / Al)
18.Аккумулятор ішіндегі металл ( Pb)
19.Аккумуляторға құятын қышқыл ( H2SO4)
20.Сүйекті қатайтатын элемент ( Ca)
II- бөлім « Формула
сөйлейді»
Бұл бөлімде тақтадағы тор көздерде 9-жасырын формула тұр.
O3, H2O, H3PO4, NH3, H2SO4, NaCl, KMnO2, NaBr,… және қара жәшік.
Сұрағы: Бұл заттың құрамында 93-95 % темір қалғаны
C, Si, Mn, P, S болады және бұл заттың бір ерекшелігі қыздарғанда кішіриеді. ОЛ НЕ?
Жауабы: ШОЙЫН
1-қатар 10 ұпай
2-қатар 20 ұпай
3- қатар 30 ұпай
Берілген формуланың атын, және халықаралық жүйеде атау керек. Бұл бөлімнен кейін ұпай саны аз оқушымен қоштасамыз. (5) оқушы қалады.
III-бөлім. Мақалдарды
аяқта»
Бұл мақалдарымыз металдармен тығыз байланысты. (8) мақал оқылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
«Мақалдарды аяқта»
ІІІ-бөлім
1.Ескі мата сөз болмас, ескі ТЕМІР біз болмас.
2.Қойдың сүті- ҚОРҒАСЫН
3.От көмір жейді, тот ТЕМІР жейді.
4.Арпа бидай ас екен, АЛТЫН –КҮМІС тас екен.
5.Шебердің қолы алтын, шешеннің сөзі АЛТЫН.
6.Аз сөз алтын, көп сөз КӨМІР.
7.ТЕМІР тоттанып тозар.
8.Ағаш кессең ұзын кес қысқартуың оңай, ТЕМІР
кессең қысқартуың оңай.
Ұпай саны аз бір оқушымен қоштасамыз.
IV- Жұмбақ аралы»
Бұл бөлімде химия элементтеріне байланысты жұмбақтар оқимын. Соның жауабын қазақша, орысша, латынша және формуласын айту керек. Толық жауап берілсе 30 ұпай беріледі.
Жұмбақ аралы.
IV-бөлім.
1.Өзім газбын,менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей
қиналасың.
ОТТЕК, КИСЛОРОД, ОКСИГЕНИУМ -O2
2.Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.
СУ, ВОДА,
АКВА - H2O
3.Ең жеңіл элемент саналады, периодтық жүйе осыдан басталады.
СУТЕК, ВОДОРОД, АШ – H
4.Ол болмаса астың дәмі кірмес,кім бар екен ортада оны білмес.
АС ТҰЗЫ,
СОЛЬ,- NaCL
Бұл бөлімде ұпай саны аз 2-оқушымен қоштасамыз.
V- Зертханалық жұмыс»
2-оқушы қалады.
Әрбір оқушы жеке-жеке зертханалық жұмыс жасайды.
Жұмыстың барысы қоспа заттарды бір- бірінен ажырату керек. Жұмыс нәтежиесіне қарай, жеңімпаз анықталады.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер .
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Жастықтың оты қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай.
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай,-деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
-Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.
-Сау болыңыздар!