«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабырлылық пен ұстамдылық

20.02.2017

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп  ӨОМ  Мерзiмі:                                         № 22

сабақ

Тақырып:  Сабырлылық пен ұстамдылық

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: ашуланбайды,

сыпайы, тыныштықта отыру

Мұғалiм:Холганат Д.

Сынып  5

Сабақ мақсаты:Сабырлылық пен ұстамдылықты түсіндіре отырып, жан тыныштығы құндылығының

мағынасын ашу

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік: тыныштықта отыра білу, сабырлы, ұстамды

мінез-құлық туралы түсінік беру

2. Дамытушылық: сыпайылық қасиетін дамыту

3. Тәрбиелік: ашуланбауға тәрбиелеу

Ресурстар: (Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, үнтаспа)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, топқа бөлу

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

2.Тыныштық сәтi. №3 «Ойша су

асты патшалығына саяхат» 3 мин.

3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

«Сенім-менің серігім» оқушылардың

жинаған материалдарымен үй жұмыстарын қорғайды.

Оқушылар көңіл -күйін көтеру мақсатында

4.Дәйек сөз.

«Ұстамдылық - әдептің ұстазы,

Ұстамсыздық - әлектің нұсқасы»

Халық нақыл сөзі

 

Дәйексөздің мағынасын қалай

түсінесіңдер?

1 рет ұлдар,

1 рет қыздар, бәрі бірігіп айтады Дәптерлеріне жазып

алады.

5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Мұғалімнің сыйы:

      «Жан жарасы жазылмайды» аңыз әңгімесі.

Ертеде қарияның ашушаң, ұстамсыз баласы болыпты. Бір

күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:

- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде,

суырып аларсың, - дейді.

Бала бірінші күні - ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін - өзі

ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая

бастады. Бала бағанға шеге қағылғаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін

түсінді. 

Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті.

Сонда әкесі баласын бағанға жетелеп келіп:

- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың?

Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның

көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады.

Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан - жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға

жеңгізе біл, балам,- дейді.

Талданатын сұрақтар:

ü Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?

ü «Ашуды ақылға жеңгізе біл» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

ü Ашуланған кезде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?

Видео-ролик

«Шегенің ізі»

талдау жасау, сұрақтарға

жауап алу

Ойын-жаттығу.

Балалар, ашуланып тұрған адамды

неге ұқсатасыңдар?

-Ашуланған адамның

бет-жүзін-найзағайға

-түнерген бұлтқа

-қызып тұрған үтікке

-айдаhарға

-дауылға

2. Әріптер сөйлейді ойыны

Мұғалім қойған сұрақтарға,

әріптер арқылы жауап беру

А,Б,Ы,С,Р,Ә

1.Қалжыңды көтересің бе?

2.Құртты қалай жасайды?

3.Қалай ашуланасың?

4. Уақытқа бағынасың ба?

5.Қалай сабыр сақтайсың?

6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12  мин.                                    

1-топ:Мақалды құрастыр.

Сабын «кірді» ашады,

Сабырсыз «сырды»ашады.

Сабыр тасты да талқандайды.

Сабыр «түбі сары» алтын

«Іздеген» жетер мұратқа,

Сабырсыз қалар  «ұятқа»

Сабырлы адам сақтанып «сөйлер»,

Сабырсыз адам «мақтанып» сөйлер

Сапырыстырып, ақтарып «сөйлер»

2-топ: Балалар сурет салады. «Әйнекке»      

 

7.Топпен ән айту. 3 мин.

Бала тілегі  

Сөзі:С.Молдасанұлы        

Әні: Ф.Лұқпанова

Бал-балалық, балдырған шақ сан

арман,

Барлық бала армандауға

жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер

билеңдер,

Гүлденсін деп ата-мекен қара

орман. (2 рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер

нәріміз.

Алтын бесік – ұлан –байтақ

елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар

әніміз.(2 рет)

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің

де.(2 рет

 

8.Үй тапсырмасы. 2 мин. Аңыз әңгіме оқу

Қосымша дәптерде 49 бет 1,2 тапсырманы орындау

Күнделіктеріне жазып алады.

9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин. Мұғалімнің сөзі:

 (Баяу әуен қойылады. Оқушылар

денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.) 

Балалар, енді бір сәт

тынышталып, көзімізді жұмайықшы.

 Енді бүгінгі өткен сабағымыздан

нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол

жөнінде ойланайық. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан

дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге

түйіп алайық. Бүгінгі сабақтан алған

әсерлеріңізді өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойыңдар. Сабақ

үшін рахмет.

 

 

 

 

Просмотров: 846


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст