Текст
" />

Құрметті қонақтар!
Біз сіздерді біздің мектептің сайтында қарсы алуға қуаныштымыз. Мұнда сіз біздің мектеп туралы біле аласыз және көп ақпарат ала аласыз. Егер сіз біздің сайттың тұрақты келушілері болсаңыз, біз қуаныштымыз.
Құрметпен, мектеп директоры: Сатемиров Серік Кәрібайұлы
19.12.2025
«Жаңашыл ұстаз» республикалық конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы ІІІ орын - Холганат Дәнекер - «Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, география пәні мұғалімі; Ерекшеленген қатысушыларға келесі номинациялар бойынша сертификаттар берілді: Қалдыбек Айсана Бейбітқызы – «Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі; ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!
19.12.2025
Өндіріс ауылының ЖОББ мектебінде оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында "Зерттеу жұмыстары апталығы" ұйымдастырылды. Апталық барысында пән мұғалімдері тарапынан бағыт-бағдар беру, тақырып таңдауда көмек көрсету, материал жинақтау, зерттеу әдістерін түсіндіру және жобаны рәсімдеу бойынша жүйелі жетекшілік пен кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, өзекті және практикалық маңызы бар зерттеу тақырыптарын ұсынды. Әр оқушыға жеке жоспар жасалып, жұмыс кезеңдері (мақсат, міндет, болжам, әдістер, тәжірибе, қорытынды) нақты айқындалды. Ғылыми әдебиеттерді іздеу жолдары, деректерді сараптау, сұрыптау дағдылары түсіндірілді. Табиғаттану, биология, физика, химия пәндері бойынша қажетті құралдармен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Жазбаша мәтінді ғылыми стильге сәйкестендіру, презентация жасау, нәтижелерді график, кесте түрінде көрсету бойынша нұсқаулық берілді. Белгіленген кесте бойынша әр пән мұғалімі оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, туындаған қиындықтарды талқылады. Дарынды әрі белсенді оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді. Топтық кеңестерде ортақ мәселелер бірге талданып, тиімді шешу жолдары ұсынылды. Ғылыми мақалалар, онлайн кітапханалар, дереккөздер бойынша ақпарат ұсынылды. Жұмыстарын қорғау үшін сөйлеу мәдениеті, уақытты тиімді бөлу, визуалды материалдар таңдау бойынша кеңестер берілді.
19.12.2025
Аптаның әр жұма күні ұстаздарымыз бір-бірімен тәжірибе алмасып, мастер класс, көңілді ойындар өткізіп ой бөліседі. Даярлық сынып мұғалімі: Мауленова Гульжанат
16.12.2025
Сіздерді еліміз үшін ең қастерлі де қасиетті мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы, азаттық жолында төгілген тер мен қанның жемісі. Бұл күн – халқымыздың рухы биік, болашағы айқын ел екенін айқындайтын ұлы мереке. Еліміздің ертеңі – бүгінгі білім алып жатқан жас ұрпақ. Сіздердің бойларыңызға білім мен тәрбие беріп, елжандылық пен жауапкершілікті қалыптастыру – біздің басты міндетіміз. Тәуелсіз елдің тірегі – білімді, саналы, отаншыл азаматтар. Осы жарқын мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Еліміз тыныш, көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Құрметпен, "Өндіріс ауылының ЖОББМ" КММ директоры С.К.Сатемиров
16.12.2025
#тәуелсіздіккүніқұттыболсын #адал_азамат
16.12.2025
#тәуелсіздіккүні
15.12.2025
15желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай лездеме өтті! ДТІЖО ХОЛГАНАТ Д.
11.12.2025
2025 жылдың 11 желтоқсан күні "Жол картасы" жоспары аясында "«Астрахан ауылының №1 мектеп - гимназиясы» КММ-де бекітілген тірек мектептеріне көмек көрсету мақсатында "Табысты шешімдердіжалпылау, бейімдеужәнетаныстыру" тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Семинарға «Өндіріс ауылының ЖОББМ" КММ, «Караколь НББМ», «Петровка ауылының ЖОББМ» КММ мектептері қатысты. Мақсаты: Мұғалімдерге тиімді тәжірибені жинақтап, бейімдеп, өз іс-тәжірибесіне енгізу жолдарын үйрету, зертхана-кейс форматымен таныстыру. Күтілетін нәтиже: - Мұғалімдер табысты шешімді талдайды, бейімдейді - «Үздік практикалық зертхана-кейс» форматын меңгереді - Өз пәнінде қолдануға дайын жоба әзірлейді Семинар бағдарламасы: 1. Семинардың ашылуы. Құттықтау сөз. Мектеп директоры Шонгалова Г.Б. 2. «Тірек мектеп пен бекітілген мектептердің нәтижелі өзара әрекеттесу формалары: бірге жоспарлаймыз» семинар сабақ . ДОІЖО Отениязова А.А. 3. «Зерде ғылыми жобалар» байқауы . Шебер сынып Казанбаева А.А. 4. «Мектептегі ғылыми жобаларды сүйемелдеу моделі: идеядан жобаға» баяндама Ищанова Зарина Тайпаковна. «Петровка ауылының ЖОББМ» КММ 5. «Бастауыш сынып сабақтарында табысқа жеткізудің тиімді әдіс-тәсілдері» шебер сынып «Караколь НББМ». Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Асемгуль Тлековна 6. «Ата-аналармен серіктестік форумы», «ШЖМ: шығармашылық және ізденіс мектебі» педагогі іс - тәжірибемен бөлісу. Холғанат Дәнекер «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ-нің ДТІЖО 7. «Авторлық бағдарламалар» іс-тәжірибемен бөлісу. ДОІЖО. Оспанов Дулат Кенжебекович 8. Семинар қорытындысы Семинар соңында білім бөлімінің әдіскері Қ.С.Атишева қатысушыларға сертификат табыстады.
09.12.2025
Көңілді үзіліс Өткізген: Қалдыбек А.
09.12.2025
"Өндіріс ауылының ЖОББМ" КММ-де пән мұғалімдерінің қатысуымен Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) нәтижелерін талдауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында бағалау нәтижелерін саралау, оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары, жиынтық бағалау тапсырмаларын жетілдіру мәселелері талқыланды. Талқылау барысында төмендегі маңызды жайттар анықталды: БЖБ нәтижелерін талдау Оқушылардың тақырыптарды меңгеру деңгейінде айырмашылықтар бар екені байқалды. Қиындық тудырған сұрақтар мен тапсырма түрлері айқындалды. Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін БЖБ тапсыруға дайындықта тиімді қолдану қажеттігі аталды. ТЖБ нәтижелерін талдау Тоқсандық жұмыстың күрделілік деңгейі мен оқушылар дайындығы арасындағы байланыс қарастырылды. Кейбір оқушылардың уақытты тиімді пайдалана алмауы және жоғары деңгей тапсырмаларында қиналуы талқыланды. ТЖБ критерийлерін нақты түсіндіру мен дайындық барысында саралап оқыту әдістерін қолдану қажеттігі атап өтілді. Мұғалімдер пікірі мен ұсыныстар Жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруда саралау тәсілдерін күшейту ұсынылды. Қиындық тудырған тақырыптар бойынша қосымша түсіндіру сабақтарын өткізу. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмаларды көбейту. Қабылданған шешімдер БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес қайта қарап, жетілдіру. Бағалау критерийлерін оқушыларға жүйелі түрде түсіндіріп отыру. Әр бөлім соңында оқушылардың білім олқылықтарын анықтап, түзету жұмыстарын ұйымдастыру. ТЖБ нәтижелері бойынша тоқсандық мониторинг жүргізіп, ата-аналармен кері байланыс орнату. Оқушылардың жоғары деңгейлі тапсырмалар орындау дағдыларын дамыту мақсатында қосымша дайындық сабақтарын өткізу. Қорытынды: Өткізілген дөңгелек үстел мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуды, бағалау сапасын арттыруға бағытталған тиімді ұсыныстар қабылдауды қамтамасыз етті. БЖБ және ТЖБ нәтижелерін жүйелі талдау білім сапасын жақсартуға және оқушылардың оқу жетістігін арттыруға ықпал ететіндігі атап өтілді.