Текст
14.03.2026
Наурызнама онкүндігі аясындағы “Қайырымдылық күніне” орай ардагер ұстазбен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге көп жыл білім саласында еңбек еткен ардагер ұстаз Нарбай Бөгенбай Ертайұлының шаңырағына бардық.Іс-шара барысында ұстаз өзінің еңбек жолы, ұстаздық қызметтің қиындығы мен қызығы, оқушыларға білім мен тәрбие берудегі тәжірибесі туралы әсерлі әңгіме айтып берді. Оқушылар ардагер ұстазға сұрақтар қойып, еркін пікір алмасты. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ардагер ұстазға алғыстарын айтты. Кездесу барысында ұстаздық мамандықтың қадір-қасиеті, білімнің маңызы және адамгершілік құндылықтар туралы тағылымды ойлар айтылды. Іс-шара соңында оқушылар ардагер ұстазға құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдірді. ДТІЖО: Холганат Д. #наурызнама2026
13.03.2026
Көрісу күні- қазақ халқының ежелден сақталған дәстүрі. Бұл күнді «Амал мерекесі» деп те атайды. Адамның адаммен, жылдың жылмен, қауышқан шағы. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Көрісу күні қазақ халқы бір- бірінің үйіне барып, өкпе- реніштерін ұмыт қалдырып, бір- біріне жақсы, жылы лебіздерін білдіріп жатады. Хакім Абайдың өзі «Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып» деп жырлаған. Жауапты мұғалім: Сатемір А.Қ. #nauryz2026
08.03.2026
8-наурыз Аналарымыздың мерекесі құтты болсын Балақай шағын орталығы және даярлық тобы.
07.03.2026
“Әлемді сұлулық құтқарады» десек, сол сұлулықтың, парасаттылық пен нәзіктіктің бастауы — Сіздерсіздер. Осы Өз анама алғыс айтамын» челленджі аясында оқушылар, ұстаздар өз аналарына жүрекжарды тілектерін арнайды.Мерекелеріңіз құтты болсын! ДТІЖО: Холганат Д. #челлендж
06.03.2026
#8наурызаналаркүніқұттыболсын
06.03.2026
Аналармен бірлескен жұмыс Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту мақсатында аналарға арналған мастер-класс ұйымдастыру жоспарланды. Осы іс-шараға дайындық барысында оқушылармен бірлесе жұмыс жүргізілді. Оқушылар аналарға арналған қолөнер бұйымдарын дайындауға, безендіру жұмыстарын ұйымдастыруға және мастер-класс барысында көрсетілетін жұмыстарды алдын ала жасап көруге белсенді қатысты. Бірлескен жұмыс барысында оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жылы әрі пайдалы орта қалыптасты. Бұл мастер-класс аналардың мектеп өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беріп, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді. ДТІЖО: Холганат Д. #адал_азамат
05.03.2026
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Петровка ауылының Мәдениет үйінде аналар арасында «Ару ана» атты аудандық байқау өтті. Бұл ерекше шараның басты мақсаты – аналардың өнерін, шеберлігін, парасаты мен жан-жақтылығын насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу. Байқауға ауданымыздың әр ауылынан келген 5 команда қатысып (Петровка, Жамбыл, Первомайка, Өндіріс және Каменка ауылдары), өзара бақ сынасты. Қатысушылар 5 кезең бойынша өнер көрсетіп, өздерінің шығармашылығын, тапқырлығын, қолөнерін және сахна мәдениетін жоғары деңгейде көрсете білді. Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған байқау өте тартысты әрі әсерлі өтті. Аналардың өнері мен белсенділігі көпшілікке үлгі болып, шара мерекелік көңіл-күйге толы болды. Осындай игі шаралар ананың қоғамдағы ерекше орнын айқындап, ұлттық дәстүр мен отбасы құндылықтарын насихаттауға өз үлесін қосатыны сөзсіз. Барлық қатысушыларға, көрермендерге, байқау демеушілеріне алғыс білдіріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! В честь праздника 8 марта – Международного женского дня в Доме культуры с.Петровка прошёл районный конкурс среди матерей «Ару ана». Главной целью мероприятия стало раскрытие таланта, мастерства, мудрости и многогранности матерей, а также популяризация семейных ценностей. В конкурсе приняли участие 5 команд из населённых пунктов района (Петровка, Жамбыл, Первомайка, Ондирис и Каменка). Участницы соревновались в 5 этапах, где продемонстрировали своё творчество, находчивость, мастерство рукоделия и культуру выступления на сцене. Конкурс прошёл в тёплой и праздничной атмосфере, подарив зрителям яркие эмоции и хорошее настроение. Активность, талант и жизненная мудррость матерей стали прекрасным примером для всех присутствующих. Подобные мероприятия ещё раз подчёркивают особую роль матери в обществе и способствуют укреплению семейных и национальных ценностей. Выражаем благодарность всем участницам, зрителям, а также спонсорам данного конкурса и искренне поздравляем победителей и призеров! #8наурыз #Аруана #8марта #АруАна #КонкурсМатерей
03.03.2026
“Алғыс айту - рухани байлық” тақырыбында 11-сыныппен сынып сағаты өткізілді. Негізгі мақсат — оқушылардың бойында ризашылық, рақмет айту мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді нығайту және рухани-адамгершілік құндылықтарды (мейірімділік, сыйластық, кеңпейілділік) дәріптеу. Сынып жетекші: Қалдыбек А.Б. #адал_азамат
03.03.2026
#адал_азамат
03.03.2026
Бүгін “Өндіріс ауылының ЖОББМ” КММ 9-сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Астрахан аудандық агротехникалық колледжі-не барды. Сапар барысында оқушыларға колледж мамандықтары туралы жан-жақты ақпарат беріліп, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Колледж өкілдері білім беру бағыттары, қабылдау талаптары, оқу мерзімі және болашақ мамандықтардың ерекшеліктері туралы түсіндірме жасады. Сонымен қатар, оқушылар оқу кабинеттерін, зертханаларды және өндірістік шеберханаларды аралап көрді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беріп, кәсіби көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Кәсіби бағдар беруші маман-Кабдрахманова Гүлзат