«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Полиглот» зияткерлік ойыны Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, 9 қыркүйек күні Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі тілдер апталығы аясында ағылшын және орыс тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 6-8 сынып оқушылары арасында «Полиглот» атты зияткерлік ойын өтті. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың тілге деген қызығушылығын арттыру, үштілділікті насихаттау, оқушылардың ой-өрісін кеңейту және танымдық қабілеттерін дамыту болды. Ойын барысында оқушылар бірнеше топқа бөлініп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қойылған сұрақтарға жауап берді, сөздердің аудармасын тапты және жұмбақ шешті. Балалар белсенділік танытып, бір-бірімен ой бөлісіп, топтық жұмыс дағдыларын көрсетті. Зияткерлік сайыс жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың білімге деген құштарлығы мен тапқырлығы ерекше байқалды. Мұндай шаралар жас жеткіншектерді көптілділікке баулып қана қоймай, достық пен ынтымақтастықты да нығайтады.

09.09.2025
Просмотров: 2


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст