«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебіміздің барлық оқушыларына "Жұқа мұзда " қауіпсіздік ережесін сақтау туралы ақпарат берілді Жұқа мұз дегеніміз не Жұқа мұз — әлі толық қата қоймаған немесе адам мен жануардың салмағын көтере алмайтын мұз қабаты. Мұндай мұз көбіне күздің соңында немесе көктемнің басында болады. Жұқа мұздың қауіпті белгілері 1. Мұздың түсі – көгілдір немесе ашық көк мұз мықты болады, ал: Сұр, сары, ақ немесе жасыл түсті мұз – жұқа және әлсіз. 2. Мұздың қалыңдығы: 5 см-ден аз болса – өтуге болмайды. 7–10 см – жаяу адамға ғана қауіпсіз. 12–15 см – шаңғы тебуге болады. 20 см және одан қалың – шағын техникаға жарайды. 3. Су ағысы бар жерлерде (өзен, бұлақ, су шығатын орындар) мұз әрқашан жұқалау болады. 4. Ауа райы жылып, күн жылыған кезде мұздың беріктігі күрт төмендейді. Жұқа мұз үстінде өзін ұстау ережелері Бейтаныс жерде мұзға шықпаңыз. Мұздың қалыңдығын таяқпен тексеріңіз, бірақ қатты соқпаңыз. Топпен жүргенде бір-бірінен 5–6 м арақашықтық сақтаңыз. Егер мұз жарылса – жүгірмей, жатып, сырғып қауіпсіз жерге шығыңыз. Мұз жарылып, адам суға түсіп кетсе 1. Қатты айқайлап көмек шақырыңыз. 2. Егер жанында адам болса: Өзіңіз мұзға бармаңыз, Ұзын зат (таяқ, белбеу, шарф, бұтақ) лақтырыңыз. 3. Құтқарылған адамды жылы жерге апарып, киімін шешіп, жылы жамылғымен ораңыз. Қай кезде мұз ең қауіпті болады Қараша–желтоқсан айларының басында – жаңа қатқан кезде. Наурыз–сәуір айларында – еріген, сулы мұз кезінде. ДТІЖО: Холганат Д. #қауіпсіздіксақтайық

11.11.2025
Просмотров: 483


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст