«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 6-сынып оқушыларымен «Буллингке жол берме» тақырыбында маңызды тәрбие сағаты өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, сыныптағы достық қарым-қатынасты нығайту және әрбір оқушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Тәрбие сағаты барысында буллингтің анықтамасы мен түрлері талқыланды (физикалық, вербалдық, әлеуметтік және кибербуллинг).Оқушыларға буллингтің құрбаны немесе куәгері болған жағдайда қалай әрекет ету керектігі бойынша нақты кеңестер берілді.Өз-өзіне деген сенімділікті арттыру және агрессияға ұшыраған жағдайда қорғану жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, тәрбие сағатынан кейін оқушылармен қауіпсіздік сабағы өткізілді. Бұл сабақ оқушыларға төтенше жағдайда немесе көмек қажет болған кезде хабарласуға болатын маңызды байланыс нөмірлері туралы хабардар етті. Осы іс-шаралар оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылығын арттыруға және мектептегі қолайлы, қауіпсіз ортаны қалыптастыруға үлкен үлес қосты. #адал_азамат #булингкежолжоқ

19.01.2026
Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст