«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

10.02.2026ж «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММде «Жасанды интеллектке негізделген ынтымақтастық пен көшбасшылық: шағын жинақталған мектептерде білім алушылар мен педагогтердің әл-ауқатын арттыру» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты – шағын жинақталған мектеп жағдайында білім алушылар мен педагогтердің физикалық, психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату, мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық пен көшбасшылық қабілеттерді дамыту. Семинарда өткізілген сабақтың тақырыптары мен жауапты мұғалімдер: «Басқалармен ынтымақтастық және көшбасшылық. Эстафеталық ойындар» Дене шынықтыру пәнінен 4-сынып Ильдебаев Темірлан, “Weather conditions” ағылшын тілі пәнінен 6-сынып оқушыларымен Жапаров Арман, «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту» Математика пәнінен 5-сынып оқушыларымен Тынысбекова Жансая, «Заманауи геосаяси үдерістер» география пәнінен 11-сынып оқушылармен Холганат Данекер,«Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу» физика пәнінен 7-сынып оқушыларымен Қалдыбек Айсана, «Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың алдын-алу» Биология пәнінен 8-сынып оқушылары Сатемиров Серік,«Келтіру формуласы» алгебра пәнінен 9-сынып оқушыларымен Келденбек Досбол ашық сабақтар өткізді. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері және аудан бойынша қазақ тілді 7 мектептен 20 шақты ұстаз қатысып, семинардың мазмұны мен өткізілу деңгейіне талдау жасап, өте жоғары дәрежеде өткені туралы ойларын білдіріп, кері байланыс жасап кетті. Семинар өз мақсатына жетіп, қатысушыларға кәсіби тұрғыда үлкен әсер қалдырды. Семинардың соңында өткізілген психологтың жұмысы да өте жоғары дәрежеде өтіп, келген қонақтарға жақсы көңіл күй сыйлады. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

10.02.2026
Просмотров: 748

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст