«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жасанды интеллект: ChatGPT көмегімен шығармашылық жазу» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Іс-шараны мектебіміздің ұстаздары Тынысбекова Жансая және Қабдрахманова Гүлзат Оразбековна ұйымдастырып, жүргізді. Шеберлік сабағы барысында қатысушыларға ChatGPT платформасының мүмкіндіктері жан-жақты таныстырылып, оны оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдары түсіндірілді. Мұғалімдерге дұрыс сұраныс (prompt) құрастыру, мәтіндерді өңдеу, шығармашылық тапсырмалар дайындау және сабақ жоспарын әзірлеу тәсілдері көрсетілді. Практикалық бөлімде ұстаздар екі топқа бөлініп, бір топ тапсырмаларды өз идеяларымен орындаса, екінші топ ChatGPT көмегімен жұмыс жасады. Нәтижесінде креативтілік, жылдамдық және құрылымдылық тұрғысынан салыстыру жүргізіліп, жасанды интеллектіні орынды әрі саналы қолданудың маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар түрлі ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Шара соңында заманауи технологияларды білім беру саласында тиімді пайдалану – уақыт талабы екені атап өтіліп, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты. Осындай мазмұнды әрі пайдалы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

27.02.2026
Просмотров: 3

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст