«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурызнама онкүндігіне орай "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жұмысын жандандыру мақсатында ата-аналарымыз ұлттық қолөнерді жаңғыртуға белсене атсалысты. Олар өз қолдарымен түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, соның ішінде ұмыт болып бара жатқан сүйектен жасалатын бұйымдарды қайта жандандырып, көпшілікке тарту етті. Бұйымдарды бастап жасаған Омарова Гүлімжан ханым және мектептің ата-аналары осы іске мұрындық болды.Оқушыларға ерекше көрме дайындап мерекелік көңіл -күйді әсерлі етті. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды білім беру үдерісіне тарту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа ата-баба мұрасын насихаттау, қолөнерге деген қызығушылықты арттыру және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Сонымен қатар, бұл шара арқылы балаларға ұлттық өнердің маңызын түсіндіру, еңбекке баулу және шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделді. Осындай игі бастамалар ұлттық мәдениетіміздің сақталуына және келер ұрпаққа жеткізілуіне үлкен үлес қосады. ДТІЖО: Холганат Д. #наурызнама2026

20.03.2026
Просмотров: 1


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст