1 жүргізуші: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық ит жылын
Ұзатып салып тауықты
2 жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2018 ит жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда жаңа табыс, бақыт тілейміз. Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
1 Жүргізуші:
Балалар, ортамыздағы әсем не нәрсе?
Балалар: Шырша!
2.Жүргізуші:
Шыршамыз қандай әдемі!
1. Жүргізуші:
Достар, біздің шыршамыз алыстан тоңып келді. Ал енді әдемі киініп осы мерекеде бізді қуантып тұр. Шыршаға бір әдемі ән арнайық.
В лесу родилась елочка айналып билеу
2 Жүргізуші:
Достар, өткен жылы қандай жыл болған? (тауык жылы)
1 Жүргізуші: Жарайсыңдар, достарым! Ал енді, тауық жылы біздің мерекемізге қоштасуға келді.
тауық келеді
Сендерді келе жатқан жаңа жылдарыңмен құттықтаймын.Келе жатқан ит жылы сендерге құт-береке,табыс әкелсін.
2. Жүргізуші:
Осы кетіп бара жатқан тауық өнерлерімізді көрсетейік
Ән 6 сынып
5 сынып тақпақтары
5 сынып биі
1 жүргізуші:
Жарайсыңдар! Қандай өнерлерің тамаша..Енді бір ойын ойнайық. Жарайсыңдар!!! Біз мерекеге жиналдық. Қазір ән салып, би билейміз.
1 Жүргізуші:
Ән 8-9 сынып Қошеметпен қарсы алыңыздар!
6 сынып тақпақтары,биі
2 Жүргізуші:
Ал барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты болған секілді. Ал енді біздер осы жерге аяз атаны шақырайық.
1-2 Жүргізуші:
Аяз атамен Ақшақарды шақырайық: Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар
Аяз ата:
Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар:
Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. ит жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Аяз ата:
Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар:
Мен сендермен Жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?
6 сынып өлең,би.
1-жүргізуші:
Көңілді кешімізді әрі қарай ойынмен жалғастырайық.
Ән 8-9 сынып
7 сынып әзілдері
Би 7 сынып
Ән 5 сынып
Аяз ата:
Ойбай, Жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген.Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар.Қане, қайдасыңдар? Ақшақар маған көмектеседі. (Би, тақпақ айтылады.) 6 сынып тақпақтары
6 сынып биі
8-9 сынып әні,әзілдері
1 жүргізуші:
О, халайық, жараңдар.
Қилы-қилы заман бар.
тауық жылы әне алыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық. Қош айтысып қалайық!
2 жүргізуші: Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы болған
тауық жылын шығарып салайық.
тауық:
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2018 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын итке беремін.
(Сахнаға ит шығады.)
ит :
Сәлеметсіздер ме! Кешіккен жоқпын ба?
Мен солай асықтым, солай жүгірдім.
Кешігем деп қатты қорықтым.
тауық:
Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.
Барлығы:
Қош бол, тауық жылы, Қош бол!
Ақшақар:
Қош келдің Жаңа жыл.
2-жүргізуші:
Бар бол, Жаңажыл!
Бар бол, Жаңажыл.
Қадамыңқұттыболсын, Жаңажыл.
Бейбітшілікжылы бол, Жаңажыл.
Құт-берекежылы бол, Жаңажыл.
Ән 6 сынып,би
Кезек 10-11 сыныптарға беріледі.
Әндері,биі,әзілдері
Аяз ата:
- Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
АязАта:
Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар. Алдабарарауыл бар, Жылқуантсынбаршаны.
Ақшақар:Жаңажылдасіздердіңбарлығыңызғажақсылықтілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аязата, Ақшақар! Аязата, Ақшақар!
2-жүргізуші:
Сөз мектеп директоры: Р.Е.Байдаулетоваға беріледі.
1-жүргізуші:
Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!