Мақсаты: Оқушыларды мамандықтың түрлерімен таныстыру, мамандық тандау адам өміріндегі маңызды қадам екенін айту, мамандық туралы түсінік бере отырып, өз қабілетіне сәйкес, кәсібей бағдар беру, мамандық тандауға арналған түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыта түсу, өз ойларын еркін жеткізе білуге, өзгенін пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлай білуге баулу.
Әдісі: тренинг, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілік: Инербесленді тақта, шар, жекелеген карточкалар.
Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар және ұстаздар. Бүгінгі «Жақсы мамандық -сенің болашағын» атты 9-11 сыныптар аралығында өткізгелі отырған психологиялық тренингімізге қош келдіңіздер. Мамандық таңдауда Ж. Аймауытовтың жастарға айтқан ақылы: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ.
Тренинг жоспары:
1. Амандасу.
2. Сұрақ-жауап.
3.Өз ойын жеткізу.
4.Шар жарайық
5. Жағдаяттан шығу.
6. Тізбек ойыны.
7. Қорытынды.
1. Кіріспе бөлім «Амандасу» Тренингке қатысып отырған әр оқушы өз есімдерін атап айтып сонымен бірге өз есімдерінің бас әрпінен басталатын бір мамандық атап айту керек.
2. Сұрақ-жауап «Әл-Фараби өлені»
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз,
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз– деп жырланған өленнің мағынысынаң нені түсінуге болады. Осы өлен арқылы өз ойларынды айтып отырсандар. Мамандық тандау адам өміріндегі манызды қадамдардың бірі.
3. «Өз ойын жеткізу» Бұл жаттығудын мақсаты оқушылардын мамандық жөнінде өз ойларын жеткізуге ықпал жасау. Кортчка арқылы сұрақтар тандап алу.
1-Мамандық дегеніміз не?
2-Мамандық алу үшін сенін ойынша не қажет?
3-Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу
қажет пе?
4. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар
қажет деп ойлайсыңдар?
5. Мамандық тандағанда өз ойын маныздыма әлде ата-ананың ойы мағыздыма?
6. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
7. Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
4. «Шар жарайық» Бұл ойында екі топтанда кезекпен-кезек оқушы шығып, менін алдымдағы шарлардан тандап алады. Осы шарды жарыу арқылы ішіндегі жасырылған мамандықты оқушыларға іс -қимыл арқылы көрсетуі керек. Оқушылар жасырылған мамандықтарының атын атап айтады.
5. Жағдаяаттан шығу. Бұл ойының мақсаты тренингке қатысушыларға болашақта осындай маман иесі болғанда мынада жағдай кездескенде қалай жол табатыны жөнінде ойын білу. Сұрақтар:
Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты.
Сіздің шешіміңіз?
Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата - ана қатысып
отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?
Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады.
Сіз не істейсіз?
Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады,
қорқытты. Не істер едіңіз?
6.«Тізбек» ойыны.
Нұсқауы. Оқушылар топқа бөлінеді. Бірінші топ бір мамандықтың
атын айтады, келесі топ сол мамандықтың соңғы әріпінен басталатын тағы бір
мамандықтың атын айтулары керек. Оқушылар тоқтап қалмайынша жалғаса
береді. Мысалы: Бухгалтер – режиссер – ревизор – радиотехник – конструктор.
7. Қорытынды.Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоя отырып, жауап таба білу керек. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
Осымен бүгінгі тренинг - сабағымыз өз шегіне жетті, қатысқандарыңызға, тыңдағандарыңызға, рахмет!
Мамандық дегеніміз не?
Мамандық алу үшін сенін ойынша не қажет?
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу
қажет пе?
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар
қажет деп ойлайсыңдар?
Мамандық тандағанда өз ойын маныздыма әлде ата-ананың ойы мағыздыма?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
Мұғалім. Дәрігер. Бухгалтер. Жол патрулы. Сварщик