Текст
Өндіріс орта мектебінде 15.12.2017 ж. күні Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілді. Бұл салтанатты жиында 3-сынып және 7- сынып оқушылары өз Отанын сүюге,құрметтеуге,өз Отанының патриотты азаматы болуға салтанатты түрде ант бере отырып «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» қатарына қабылданды. Салтанатты жиыннан кейін «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік бағдарлама өткізілді. Бұл мерекелік іс-шараға барлық сынып оқушылары қатысты. Олар Қазақстан, Отан, Тәуелсіздік тақырыптарында өлеңдерін оқып, би билеп, әндерін шырқады. Мерекелік бағдарлама талапқа сай өткізілді.