«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын

02.09.2017

Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер

Барысы:

Фанфара

1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар,оқушылар. Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.

Мектеп деген білім күні, жыр күні

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

2-жүргізуші:

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!

Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші:

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.

2-жүргізуші:

Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды».

Бүгін біздің мерекемізге құрметті қонақтар келді:

1. _________________________________

2. _________________________________

3. ________________________________

1-жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,

Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттайын деп отырған 1-сынып бүлдіршіндеріне арналады.

2-жүргізуші:

Біраз жылын осында өткізген,

Ұстаздар – ізгі пәк жандар.

Қуана шәкірт қабылдап,

Білімнің көшін жалғаңдар.

Алғашқы әріп үйретер,

БотагөзТемірбекқызын шәкірттерімен

қарсы алыңыздар!

(Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстазы жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)

1-жүргізуші:

Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,-дей отырып, салтанатты жиынымызға мемлекеттік туымызды ендіреміз.

2-жүргізуші:Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін.

1-жүргізуші:

Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиылысымызды ашық деп жариялаймыз!

(әнұран ойналады)

2-жүргізуші: Жаңа оқу жылымен сіздерді мектеп директоры Байдаулетова Раушан Ерубайқызы құттықтайды.

1-жүргізуші: ән «Ұстазым» орындайтын Бақтыбаев Дархан

1-жүргізуші:

Бүгін қандай шаттық тола күн еді,

Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

Балдырған жетектеген ата-ана,

Қуаныштан жарылардай жүрегі,

Білім көзін ашатынын біледі, — деп балаларын мектепке алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін демекпіз.

Би: флэшмоб 6-сынып

2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонақтарына сөз береміз.

1-жүргізуші:

Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

қонақтардың құттықтау сөзі

2-жүргізуші:

Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,

Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.

1-жүргізуші:

Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,

Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

(Тақпақтарымен әндерін айтады )

2-жүргізуші:

Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып шәкірттерін қарсы алды.

Өздеріңе жүрекжарды сөз айтып,

Құттықтайды 11-сынып баршаңды.

11-сынып оқушысы:

Оқыған әпке, ағаңыз,

Қадірлі мектеп – бұл мектеп.

Сендердей біз де болғанбыз,

Есейдік, міне, қараңыз.

Құт болып алғаш қадамың,

Жағарсың білім шырағын.

Биылғы жыл ерекше,

Ұғарсың оның шын мәнін.

11-сынып оқушысы:

Құттықтап білім күнімен,

Сыйланар сізге әліппе.

Бар білімнің бастауы,

Қадірлеп оны дәріпте.

(Музыка әуенімен 11-сынып оқушылары 1-сыныптарға оқулықтар сыйлайды.

2-жүргізуші:

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың, қарағым,

Білімнің кілтін ашатын, — деп сөз кезегін балапандарын ертіп

келген құрметті ата-аналарымызға береміз.

1-жүргізуші: Қағылмақ , міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау,

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау.

2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі

1 сынып оқушысы Иманзадаева Айнұр мен 11 сынып оқушысы Ахметов Нұрбекке беріледі.

Ән: «Алғашқы қоңырау» орындайтын Ақылбаева Аружан

1-жүргізуші:

Адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігі алға қойылып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыдың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетіміздің, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды.

2-жүргізуші:

Елбасымыздың рухани жаңғыртуға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қорғаушы күш.Бұл-тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс.Өйткені,рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам,туған еліміз үшін өте маңызды үдеріс.

Ән: «Атамекен»

1-жүргізуші:

Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын.

2-жүргізуші:

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп, — деп бүгінгі «Білім күніне»

арналған мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Шәкірттеріміз бен ата-аналар мектепке кіріп,

сынып бөлмелері мен мектеппен танысу сәттеріне жол берелік.

(Музыкамен мектепке кіреді)

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст