«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ел қорғауға әзірміз»мерекелік кеш

11.05.2017

1-Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отанқорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі «Ел қорғауға әзірміз»мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

2-жүргізуші:Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары,жігіттер! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Р.Е.Байдаулетоваға береміз.

1-жүргізуші:Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

7-9 сынып оқушыларының орындауындағы күйді қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Жете бер аңсап күткен тілегіңе,

Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.

Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,

Алды бол қатарыңның бұл өмірде

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті 9-сынып оқушыларының орындауындағы « Батырлар» биіне береміз.

1-жүргізуші:

Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,

Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.

Ризамыз пейіліңе дархан аға,

Айырмасын шаттықтан қайран өмір

2-жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді

Өмір думан, бақ әкелсін мереке

Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.

Ән Сарбаздар

Флэшмоб

1-жүргізуші:

Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,

Ту тіккен алаулаған арманыңнан.

Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,

Биіктен биіктерге самға, қыран.

Қымбатты біздің ұстаз-азаматтар! ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

2-жүргізуші

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің болашағы

Өмірді алға қарай өрлететін

Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы

,- деп өздеріңізге үлкен сеніммен шәкірттеріңіз «Ұстазым» әнін жолдайды.

1-жүргізуші:

Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын

Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар!

Ән Қазақ жігіттері

2-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!

Просмотров: 488


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст