1 - жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Ұлт бірлігі-ұлы байлық» атты мерекелік бағдарламаға қош келіпсіздер!
Әнұран
2-жүргізуші
1 - мамыр - Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!Бүгінгі күн ерекше ,өйткені 1-Мамыр халықтарының бірлігі күні.Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен.Олардың салт-дәстүрлері,тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалынған.Сіздерді бүгінгі Халықаралық ынтымақ күні 1-Мамыр мерекесімен құттықтау үшін сөз мектебіміздің директоры Байдаулетова Раушан Ерубайқызына беріледі.
1 - жүргізуші
Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.
2 - жүргізуші
Ата бабам ежелден ақ дос қылған
Татар қазақ болашақты тосты алдан
Сол достығын тағы міне дәріптеп
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған
Татар биі
Ән «Қазақстан»
1 - жүргізуші
Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық
2 – жүргізуші:
Бүл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
6-сынып тақпақтары
Өзбек биі
1 – жүргізуші
Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін - дей келе әнге кезек берейік.
Ән: Атамекен
2 – жүргізуші
Адамзаттың арманын ұғып бірден
Сенім құйып үнінен үміт күлген
Сан халықты биік тудың аясына
Бір әнмен біріктірген
1 - жүргізуші
Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?
Оқушы: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол. Елдегі тыныштықты халық «береке - бейбітшілік» дейді.
2 - жүргізуші
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін.
Биік ұшып, самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын. - дей келе
«Ақ көгершін» әніне кезек берейік.
1 - жүргізуші
Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдансын.
2 – жүргізуші
Би: Қыз Жібек
Ән: Мы друзья
1 - Жүргізуші:
Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні.
Міне, осыған сәйкес «Тапқыр достар» ойынын ұйымдастырмақшымыз. Ол ойынның шарты ортадан 3 оқушы шығады. Жүргізуші ынтымақ, бірлік, достық жөнінде мақал-мәтелдердің басы айтылады, жалғасын жаңағы 3 оқушылар айтады, осылай ұпай санымен есептеліп жеңімпаз анықталады.
1. Ырыс алды – (ынтымақ)
2. Бірлік болмай – (тірлік болмас)
3. Бірлік, ынтымақ - (байлық, бақ)
4. Тірлік, тірлік түбі - (бірлік)
5. Біршілік болмай (Тіршілік болмайды)
6. Дос басыңа қарайды (Дұшпан аяғыңа қарайды)
7. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан (көзіңе мақтар)
8. Ағаш тамырымен мықты, Адам (дос –жарымен мықты)
9. Дос-егіз, (дұшпан-сегіз)
10. Досыңды мақтағаның - (өзіңді жақтағаның)
11. Досы жоқ адам- (Тұзы жоқ тағам)
12. Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды)
13. Теңге тиыннан, (Ынтымақ – ұйымнан).
2-Жүргізуші:
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!
Хор: Қазақстан
1 - жүргізуші
«Ұлт бірлігі-ұлы байлық» атты мерекелік іс – бағдарламамыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар!