«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек» ұстаздарға арналған тренинг

20.02.2017

Өткізілу формасы: психологиялық тренинг

Тренингтін мақсаты: Ұстаздар арасындағы қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, өзгелерге құрметпен қарай білу, өзің еркін сезінуге көмек тесу.

«Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса. Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса» - деп Халық даналығы айтқан екен.

Тренингтің барысы:

1. «Амандасу»

2. «Көршіңе жылулық сыйлай біл»

3. «Өз жұбыңды тап»

4. «Табиғат міңезі» жаттығуы

5. «Ойлы болсан, тауып көр» жаттығуы

6. «Май шам» қортынды

1. «Амандасу» жаттығуы.

Бұл біздің алғашқы жаттығуымыз болғандықтан ен бірінші амандасумен бастайық. «Бір күдік амандық, қырық жылға азық демекші» бүгін біз есте қаларлықтай амандасайық. Біз «Бумба – Юмба» тайпасына қоршауға түстік деп елестетеміз. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір біз екі топқа бөлінеміз. Бірінші топ, екінші топқа барып бір - бірлеріңізбен мұрындарыңызбен үйкелейсіздер. Ал екінші топ, бірінші топқа барын бір – бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.

2. «Көршіңе жылулық сыйлай біл»

Бұл жаттығудың мақсаты әр адамға жылулық сыйлай білу. Шеңбер жасап тұрамыз. Мен айтып тұрамын сол бойынша жасайсыздар.

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып күл,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып күл.

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасымыз.

3. «Өз жұбынды тап» жаттығуы

Қатысушылар екі топқа бөлініп отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы: Егер бірінші топта бір кісінің қолында піл деген жазу болса, сол кісі екінші топтан өз жұбын табуы керек. Бұл текшелердегі жазуларды тек өздеріңіз ғана білулеріңіз керек. Бірақ сөйлеспейсіздер, жануарға тән дыбыста шығаруға болмайды, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасап көрсетесіздер. Ал екінші топ, бірінші топтың адамы көрсетіп жатқан қимылы, өзінің қолындағы текшеде жазылған жануардеп ойласа үндемей ғана қасына барып тұруы керек. Бірақ сөйлеспейді. Барлығы өз жұптарын тапқасын ғана мен «Сіз кімсіз» деп сұрап шығамын.

4) «Табиғат міңезі» жаттығуы

Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да, кенеттен, аяқ астынан жеңіл жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жаймен ғана, қолмен жеңіл желдің самалыңдай етіп сипаймыз.

Жел күшейді - енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз. Кенет, боран басталды –енді боран күшіңдей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз. Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей басталды - енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.

Бір кезде қатты жауын жауды - біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақ ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.

Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз. Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам жасайды.

5) «Ойлы болсаң, тауып көр» жаттығуы топтық жұмыс.

Бұл ойының мақсаты ойлау деңгейі мен шығармашылық потенциялын дамыту. Алдарыңызға Т әріпі құрастыруы тиіс. Ал қазір сіздерге Т әрпінің қиынды бөліктері беріледі. Сол бөліктерден Т әріпің құрауымыз керек.

6) Қорытынды бөлім. «Май шам» жаттығуы

Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз әрқашанда ашық, жарқын болсын деген тілектемін.

Әдеп сақтап әманда,

Әрбір адал адамға.

Жасасаң бір жақсылық

Қайтарады саған да.

Ынтымаққа қосыл да,

Ықылас қой досыңа,

Ар - мақсатың нақ болсын,

Ақылыңнан тосылма.

Осымен бүгінгі шағын психологиялық тренингіміз аяқталды. Уақыт бөліп қатысқандарыңызға көп рахмет.

Просмотров: 1073


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст