Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп ,тыңдап,жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі:Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің
көпшілігін дұрыс қайталай алады.Нақты сөйлеу арқылы,мәселені түсінгенін көрсете
алады.
Құндылықтарды дарыту:Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер,ана тілі сабағы.
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба,таныстырылым
Тілдік құзіреттілік
Кофе –кофе-
Сабақ барысы
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Шаттық шеңбері
Қол алысып ,кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
-Балалар,бір-біріміздің
қолымыздан ұстап,алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай
тамаша,қандай қуаныш!
Тренинг:
«Жаман қасиеттерден арылайық!»( Балалардың қолында адам бойында кездесетін
жаман қасиеттер жазылған қағаздарды жинап алып тасталады.)
Сабақтың ортасы
№1. Оқылым.
(Тақтадағы жазылған кофе, кафе, ферма, фирма, фото, факс, телефон, телеграф, футбол, Африка сияқты сөздер оқылады)
-Балалар,осы оқылған сөздерде қандай дыбыс қайта-қайта айтылып тұр?
-Ф дыбысы.
-Дұрыс айтасыңдар.Ф дыбысы –қатаң дауыссыз дыбыс.
Осы сөздермен қатыстыра отырып сөйлемдер құрастырылады.
Футбол,кино,ертегі
– Қуат ұзақ елтеді ,
Бірі қызық бірінен ,
Айнымай сол күйінен.
Қуаттың қылығы дұрыс, дұрыс еместігін
талқылап көріңдер.
-Балалар, ең бірінші оқыған кофе туралы не білесіңдер?
Балалардың ойы тыңдалады.
Ендеше, балалар, сол кофенің пайдасы мен зияны туралы видеобейне көрейік.
Кофе туралы мәлімет.
Кофе - сусынның бір түрі.Кофенің зиянынан
пайдасы басымырақ екенін ғалымдар зерттеген.Кофені ішіп отырған дұрыс.
Ирандық мамандардың айтуынша кофе
антибиотиктердің әсерін күшейтеді. Алты жыл зерттеудің нәтижесінде кофенің
бауыр церозынан сақтандыратыны,бүйректі тазартатынын анықтаған.
Дегенмен Британдық ғалымдар таңертең аш қарында
ішкен кофенің денені сергітіп,ұйқы ашады деген аңызды жоққа шығарды.Аш қарынға
ішкен кофе ми жұмысын бәсеңдетеді,жүректің соғуын жиілетіп,қан қысымының
көтерілуіне әкеп соқтыратынын айтады.Зәр айдағыш әсерімен танымал болғандықтан
бүйрек ауруларын асқындырады делінген.
Кофе
дақылдарын косметологияда крем жасау үшін қолданылады.
Зерттеу жүргізу.
Екі топқа екі ыдыс беріледі.Бір қасық
майонезге бір қасық кофені араластырып скраб жасалады.
№2. Мәтінді әрі қарай жалғастырыңдар.
Бірде Қожанасыр келе жатып,жолдан ұялы телефон тауып алды...
( Балалардың топпен құрастырған ойлары тыңдалады.)
Алдар көсе, Қожанасыр –ұлттық кейіпкерлер. Аңыздарда олар ақылды, әділ,тапқыр,аңғал кейіпкерлер ретінде танылады. |
Сергіту сәті
«Кім қалай дыбыстайды?» домбырамен сүйемелдеп төлдердің дауысымен әндету.
Сабақтың аяқталуы.
«Алдар көсе мен ұры» мультфильмін естеріңе түсіріңдер.
Берілген суреттер бойынша әңгімелеп көріңдер.
Бірінші топқа екі сурет бойынша екінші топқа оны әрі қарай жалғастырып айту
тапсырылады.
Қызықты тапсырма.
Сандар орнына әріптерді қоя отырып,жасырын сөздерді табу.
3- а 2- д
5- л 7- р
6- к 9- с
10-ө 4-е
3 |
5 |
2 |
3 |
7 |
6 |
10 |
9 |
4 |
13- қ 12- ж 15-о 17- а
18- р 11- н
14- с 16-ы
13 |
15 |
12 |
17 |
11 |
17 |
14 |
16 |
18 |
Сабақтың соңы.
Рефлексия.
-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Бүгінгі
сабақ ұнаса,алдарыңда тұрған смайликтерді көрсетейік.
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды қошеметтеу,мадақтау.