«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ондирис отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жасыл шырша жанында

09.01.2017

Жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар, ардақты Ата –аналар,оқушылар сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.Міне сол күн, сол мереке биылда келіп жетті. Сіздерге жаңа жыл тек қана табыс, береке, бірлік әкелсін дейміз. Жүргізуші : Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға .

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуанышы көп болсын жаңа жылға.

Дей келеліп шырша тойын бастайық.

Балалар қараңдаршы біздің шырша қандай әдемі не жетіспейді,

Балалар:Хормен шам деп айғайлайды.Ендеше шырша туралы тақпақ, ән айтып шыршаны жандырайық.

ӘН:ШЫРША ЖЫРЫ

Балалар:хормен жарқыра, шырша жарқыра 3рет айтып шамды жағады.Ысқырған жел мен дүлей боранның дыбысы естіледі. Сыпырғышқа мініп Мыстан кемпір залға кіреді.

Мыстан кемпір:Балалар мен кешіктім бе? Аяз ата келдіме Балалар жоқ. Ал, ақшақар ше? жоқ

Мыстан кемпір: ? жарайды, ойбой, сендермен амандасуды ұмытып кетіппін ғой. Айналайын амансындарма? -Сәлеметсіңдерме, құрметті қонақтар,

-Қарақтарым-ай таныдыңдарма мені , мен сендердің мейрімді әжелерің боламын.Орманда жалғыз отыруға жалығып,сендерге көңіл көтеруге келдім.

Балалар сендермен көңіл көтерейінші. Балалар: жарайды.

Жүргізуші:Балалар, бізге біреу келе жатыр.Бұл кім екен ән ырғағымен ақшақар келеді.

Сыңғырлашы сырнайым,

Жаңа жылды жырлайын.

Шашбаулы қыз сырғалы,

Ақша қарды тыңдайық.

Ақшақар:Сәлеметсіңдерме ,құрметті балалар мен қонақтар. Мен сіздерді

Осы жылы көргеніме өте қуаныштымын. Балалар жаңа жылымыз көңілсіз ғой, көңілді өту үшін ендеше бір би билеп жіберейік.

Би: ақшақарлар биі 0-сынып

Ақшақар:балалар аяз ата қайда? Аяз атасыз жаңа жыл мерекесін қалай өткіземіз.Қанеки балалар аяз атаны ортамызға шақырайық,қане бәріміз бірге аяз ата ,жаңа жыл деп 3рет шақырады.

Аяз ата:Армысыздар қонақтар,құрметті балалар жаңа жылдарың құтты болсын.Ақшақар:амансызба аяз ата жаңа жылыңыз құтты болсын.

Жүргізуші: Келді жылым бақытым,

Кемелденді уақытым.

Сәлем саған аяз ата ,жаңа жыл

Жаңа бақыт, жаңа думан,жаңа жыр.

Жүргізуші:Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар,

Алға шығып өлең,тақпақ айтыңдар

Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.

Ән:жаңа жыл 0-сынып

Ән: шырша жыры шағын орталық

Жүргізуші:келіңіздер қонақтар

Ертегімді тыңдаңдар

Ертегімде сан қилы

Қызық- қызық сырлар бар.

Үйшік ертегісі: 0-сынып

Жүргізуші: ертеде бір қоян мен түлкі дос болып,бақытты өмір сүреді.

Бір күні кенеттен күн суытып, қоян мен түлкі үйшік жасауға кіріседі.

Қоян ағаштан түлкі мұздан үйшік жасайды,қатты тонған түлкі қоянның үйшігін тартып алады.Қоян жылап қала береді,жылап отырған қоянға қасқыр келеді.

Қасқыр: қоян - қоян неге жылап отырсың дейді, қоян менің үйшігімді түлкі тартып алды мен ағаштан жасадым ол мұздан жасады.

Қасқыр: жылама қоян жүр мен үйшігіңді алып берейін деп, түлкіге барып

Түлкі қоянның үйшігін босат дейді.Түлкі: жоқ босатпаймын менің қолымда мылтық бар сені атып тастаймын.

Жүргізуші: оны естіген қасқыр қаша жөнеледі.Енді аю келеді,

АЮ: қоян- қоян неге жылап отырсың,Қоян менің үйшігімді түлкі тартып алды.

Мен үйшікті ағаштан жасадым ол мұздан жасады.Қоян жылама жүр мен үйшігіңді алып берейін деп түлкіге барып , түлкі қоянның үйшігін босат дейді.

Түлкі: мен үйшікті босатпаймын менің қолымда от шашу бар сені жағып жіберемін.

Жүргізуші: оны естіген аю қаша жөнеледі,енді Әтеш келеді.

Әтеш: қоян- қоян неге жылап отырсың ,қоян менің үйшігімді түлкі тартып алды дейді.

Әтеш: жылама қоян мен үйшігіңді алып берейін деп әтеш түлкіге барып,түлкі қоянның үйшігін босат ауылдың шетінен ит ерткен аңшыларым келе жатыр дейді.

Жүргізуші: оны естіген түлкі үйшіктен шығып қаша жөнеледі.Сөйтіп әтеш қоянға үйшігін алып беріп екеуі дос болады.

Би: ёлка биі: шағын орталық

Жүргізуші:Әншіде құс үні бар,

Кірсең кештің сәні бар

Салайықшы шарықтап

Жаңа жылдың аніне.

Ән: мен ауылға барамын 0-сынып

Тақпақтар: 0-сынып

Медина: Жаңа жылға сәніміз,

Біздің айтар әніміз.

Келдіңбе аман алыстан,

Сәлем,аяз атамыз.

Дамир: Шыршамызда керемет

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған

Айнұр: Ақ қырауға малынған

Сақалы да,мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Нұриден: Кезектесіп балалар

Тақпақ айтып береміз

Сұрақ қойса ақшақар

Ойланып жауап береміз.

Балауса: жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылға ,жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Амина: тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Жұлдыз: әкелді жыл ырыс –құт

Әлемде той, тыныштық

Жарқын өмір жаңаша

Жаңа жылым –тамаша.

Бекжан: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй

ӘН: қошақаным 0-сынып

Жүргізуш: Би билейік бұралып,

балалар тұр сұранып.

Менде тұрмын құр қалып,

Шаттанайық қуанып.

Би: шөжелерим 0-сынып

Тақпақтар: шағын орталық

Жүргізуші: жаңа күнде ән қылып,

Тек жүрмеңіз сән құрып

Көңілдердей қартаймай

Шырша тұрар мәңгілік

Жүргізуші: Дөңгеленіп тұрайық ,

Ойын сауық құрайық

Биші қызым билесін

Жаңа жылға ылайық

Би: үнді биі 0-сынып

ӘН: шағын орталық

Ұлдар биі: шағын орталық

Ән: Мен талапты баламын 0-сынып

Аяз ата: жарайсыңдар балаларым мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер рахмет енді біз қайтайық.

Жүргізуші: Аяз ата, ақшақар сіздер біздің балаларымыздың сыилығын қашан бересіздер?

АЯЗ ата иә балаларға әкелген сыилығымыз бар еді деп сыилықтарын үлестіріп береді. Аяз ата мен ақшақар балаларға рахметін айтып қол бұлғап шығып кетеді.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар жаңа жыл кеші осымен аяқталды,осындай керемет өтуге ат салысқан ата- аналарға, әріптестерім сіздерге көп- көп рахмет.Жаңа жыл құтты болсын отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш әкелсін.

Келесі сөз кезегі мектеп директоры Байдаулетова Раушан Ерубайқызына беріледі.

Аяз ата:Жарайсыңдар балаларым мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер рахмет енді біз қайтайық.

Жүргізуші:Аяз ата, ақшақар сіздер біздің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер.Аяз ата иә балаларға әкелген сыйлығымыз бар еді деп үлестіріп береді. Аяз ата,ақшақар балаларға рахметін айтып ,қол бұлғап шығып кетеді.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар жаңа жыл кешіміз осымен аяқталды ,осындай керемет өтуге ат салысқан ата-аналарға,әріптестерім сіздерге көп-көп рахмет. Жаңа жыл құтты болсын,отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш әкелсін.

Келесі сөз кезегі мектеп басшысы Байдаулетова Раушан Ерубайқызына беріледі.

Просмотров: 799


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст