Текст
09.12.2025
Көңілді үзіліс Өткізген: Қалдыбек А.
09.12.2025
"Өндіріс ауылының ЖОББМ" КММ-де пән мұғалімдерінің қатысуымен Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) нәтижелерін талдауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында бағалау нәтижелерін саралау, оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары, жиынтық бағалау тапсырмаларын жетілдіру мәселелері талқыланды. Талқылау барысында төмендегі маңызды жайттар анықталды: БЖБ нәтижелерін талдау Оқушылардың тақырыптарды меңгеру деңгейінде айырмашылықтар бар екені байқалды. Қиындық тудырған сұрақтар мен тапсырма түрлері айқындалды. Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін БЖБ тапсыруға дайындықта тиімді қолдану қажеттігі аталды. ТЖБ нәтижелерін талдау Тоқсандық жұмыстың күрделілік деңгейі мен оқушылар дайындығы арасындағы байланыс қарастырылды. Кейбір оқушылардың уақытты тиімді пайдалана алмауы және жоғары деңгей тапсырмаларында қиналуы талқыланды. ТЖБ критерийлерін нақты түсіндіру мен дайындық барысында саралап оқыту әдістерін қолдану қажеттігі атап өтілді. Мұғалімдер пікірі мен ұсыныстар Жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруда саралау тәсілдерін күшейту ұсынылды. Қиындық тудырған тақырыптар бойынша қосымша түсіндіру сабақтарын өткізу. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмаларды көбейту. Қабылданған шешімдер БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес қайта қарап, жетілдіру. Бағалау критерийлерін оқушыларға жүйелі түрде түсіндіріп отыру. Әр бөлім соңында оқушылардың білім олқылықтарын анықтап, түзету жұмыстарын ұйымдастыру. ТЖБ нәтижелері бойынша тоқсандық мониторинг жүргізіп, ата-аналармен кері байланыс орнату. Оқушылардың жоғары деңгейлі тапсырмалар орындау дағдыларын дамыту мақсатында қосымша дайындық сабақтарын өткізу. Қорытынды: Өткізілген дөңгелек үстел мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуды, бағалау сапасын арттыруға бағытталған тиімді ұсыныстар қабылдауды қамтамасыз етті. БЖБ және ТЖБ нәтижелерін жүйелі талдау білім сапасын жақсартуға және оқушылардың оқу жетістігін арттыруға ықпал ететіндігі атап өтілді.
09.12.2025
Психология апталығының екінші күнінде оқушылар үшін қызықты үстел үсті ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойын оқушылардың зейінін арттырып, қызығушылығын оятуға, шапшаңдық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталды. Балалар белсенді қатысып, өз қабілеттерін көрсетіп, көңілді уақыт өткізді!
08.12.2025
Даярлық сыныбының оқушылары байқауға қатысып сертификаттарға ие болды. Тәрбиеші: Мауленова Г.С.
08.12.2025
Мектебімізде "Психолог апталығы" басталды. Психолог: Абдибаева А.Н.
08.12.2025
Цифрлық білім ресурстарын қолдану бойынша практикалық коучинг және IT тәжірибе алмасу іс-шарасының қорытындысы «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ-де қазан айында мектеп мұғалімдері арасында цифрлық білім ресурстарын тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру және заманауи IT құралдарын меңгеру мақсатында практикалық коучинг пен тәжірибе алмасу сабағы өткізілді. Іс-шараға пән мұғалімдері, жас мамандар және әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты. Коучинг барысында төмендегі бағыттар қарастырылды: Цифрлық білім ресурстарын қолдану тәжірибесі Bilimland, Moodle, Classroom, Kahoot, Quizizz сияқты платформалардың мүмкіндіктері таныстырылды. Сабақта интерактивті жаттығуларды, онлайн тесттерді, видео және анимациялық ресурстарды тиімді пайдалану жолдары көрсетілді. Оқушының жеке оқу траекториясын құруда цифрлық платформалардың рөлі талқыланды. Практикалық бөлім Мұғалімдер шағын топтарда жұмыс жасап, цифрлық тапсырмалар дайындап көрді. Интерактивті тақтамен жұмыс істеу, оқу контентін жүктеу және өңдеу бойынша практикалық дағдылар бекітілді. Қашықтан оқыту құралдарын сабақ жоспарына енгізу әдістері пысықталды. IT бағытында тәжірибе алмасу Мұғалімдер өз пәніне қатысты қолданатын жаңа бағдарламалар мен қосымшаларды таныстырды. Әріптестер арасында цифрлық құралдарды қолдану бойынша лайфхактар мен тиімді әдістер бөлісті. Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға арналған ұсыныстар жинақталды. Қабылданған шешімдер ӘБ бойынша цифрлық контент банкін құру. Әр мұғалімге пән бойынша кемінде бір цифрлық тапсырмалар топтамасын әзірлеу. Цифрлық ресурстарды жүйелі түрде сабақ жоспарларына енгізу. Ай сайын IT тәжірибе алмасу отырыстарын өткізу. Қорытынды: Өткізілген практикалық коучинг мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, цифрлық ресурстарды қолдану тиімділігін күшейтуге және IT бағытында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Педагогтер өз сабақтарын цифрландыруға, оқушы қызығушылығын арттыруға және оқу үдерісінің сапасын жақсартуға бағытталған жаңа идеялар мен құралдар алып шықты. ДОІЖО: Рамазан Р.Ә.
08.12.2025
География сабағынан 11-сынып оқушыларымен "Қоршаған ортаның сапасы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім: Холганат Д.
04.12.2025
Физика сабағынан 8-сынып оқушыларымен "Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім: Қалдыбек А.Б.
04.12.2025
#зорлықзомбылыққажолжоқ #досыңдыбейнеле
04.12.2025
"Ой айту емес ойды ояту" ұранын алға тарта отырып оқушылармен түрлі тақырыптарда ой қозғап, оқушыларды шебер сөйлеуге дағдыландыру. Сөздік қорын дамытуға бағытталған шараларды көбейту. ДТІЖО: Холганат Д. #адал_азамат #балаларкітапханасы #абайқарасөздері #сеніменболашақ