Текст
03.02.2026
"Ана-отбасының тірегі, қоғамның жүрегі"
Астрахан ауданында "Ана-отбасының тірегі, қоғамның жүрегі" атты аудандық семинар өткізілді.
Семинардың жалпы мақсаты:
Қоғам дамуының негізгі қозғаушы күші ретінде ана мен отбасының рөлін көтере отырып, отбасылық құндылықтарды нығайту, аналардың...
03.02.2026
#көңілдіүзіліс
03.02.2026
Жолда жүру ережесін бірге жаттайық, шағын орталық тобындағы оқушылармен ойын ұйымдастырылды. #жолдажүрудіүйренейік
03.02.2026
Көңілді үзіліс #өзін_өзібасқару
03.02.2026
Кел досым, жол ережелерін бірге жаттайық! Көңілді үзілісте оқушылармен ойын ұйымдастырылды. 1-сынып Сынып жетекшісі: Иманжүсүп Б.Т. #жолережесінбілейік
03.02.2026
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында сынып сағаты #адал_азамат
03.02.2026
Тақырыбы: «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» Мақсаты: Оқушыларға цифрлық ортадағы қауіпсіздік ережелері туралы түсінік беру, интернет пен әлеуметтік желілерді дұрыс әрі жауапкершілікпен пайдалануға үйрету. Киберқауіптер, кибербуллинг, алаяқтық, жеке деректерді қорғау жолдары туралы ақпарат беру арқылы оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру. Қауіп төнген жағдайда дұрыс әрекет етуге, өз қауіпсіздігін сақтауға және саналы қолданушы болуға тәрбиелеу. 2026 жылдың 2.02 күні 7- сыныбында «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында интернеттегі қауіпсіздік ережелері, жеке мәліметтерді қорғаудың маңыздылығы, белгісіз сілтемелер мен күмәнді хабарламалардан сақтану жолдары түсіндірілді. Оқушыларға кибербуллингтің алдын алу, әлеуметтік желілердегі мәдени қарым-қатынас нормалары туралы мәліметтер берілді.Сабақ барысында бейнеролик көрсетіліп, жағдаяттық тапсырмалар, сұрақ-жауап, пікір алмасу әдістері қолданылды. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету дағдыларын меңгерді. Сыныбы: 7 Сынып жетекшісі: Сатемір Айзира Қаржауқызы #адал_азамат
03.02.2026
"Қауіпсіз интернет" сынып сағаты #адал_азамат
03.02.2026
8-сынып тәрбие сағаты Тақырыбы"Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" #адал_азамат
03.02.2026
Өндіріс ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында 6-сынып оқушыларымен арнайы тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушыларға мынадай тақырыптар қамтылды: Жеке деректердің құпиялылығы: Интернетте қандай ақпаратты жариялауға болмайтыны және парольдерді қорғаудың маңыздылығы. Кибербуллингтің алдын алу: Онлайн қысым көрсетудің түрлері және оған қарсы тұру жолдары. Сенімсіз ақпаратты анықтау: Фейк жаңалықтардан және зиянды сілтемелерден қалай аулақ болу керек екендігі. Тәрбие сағатынан кейін, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында, «Жасанды интеллект, оған сөзсіз сенуге болады ма?» атты қауіпсіздік сабағы өтті. Бұл сабақта жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланды. Оқушылар ЖИ генерациялаған ақпаратты тексерудің қажеттілігі, алгоритмдердің қателіктері және ЖИ қолданудағы этикалық мәселелер туралы пікір алмасты. #адал_азамат