Текст
22.10.2025
Бүгін мектебімізде бастауыш сынып апталығы аясында ерекше әсерлі, қызықты ашық сабақ өтті. 3-сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен "My Feelings" (Менің сезімдерім) тақырыбында сабақты Қабдрахманова Гүлзат өткізді. Сабақтың мақсаты — оқушылардың эмоциялар мен сезімдерді ағылшын тілінде дұрыс білдіруін қалыптастыру, сөздік қорын байыту және коммуникативтік дағдыларын дамыту болды. Мұғалім түрлі көрнекіліктер, сергіту сәттері, интерактивті әдіс-тәсілдер мен ойын элементтерін тиімді пайдалана отырып, балалардың қызығушылығын арттырды. Сабақ барысында оқушылар өз сезімдерін еркін жеткізіп, диалог құруда белсенділік танытты. Топтық жұмыс, сергіту жаттығулары және шығармашылық тапсырмалар оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға ықпал етті. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағаға ие болды. Мұғалімнің шеберлігі мен оқушылардың белсенділігі — сабақтың сәтті өтуінің айқын дәлелі. Осындай мазмұнды сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ағылшын тілін меңгеруге деген ынтасын оятады.
22.10.2025
6–8, 9–11 сыныптар арасында ұлттық ойындар жарысы өткізілді. Жарыс барысында оқушылар асық ату, бес асық ұлттық ойындар бойынша өзара бақ сынасты. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, дәстүрлі ойындар арқылы ұйымшылдық пен ептілікті дамыту болды.
22.10.2025
1-сынып оқушылары Жетекшісі: Иманжүсүп Б.Т. #республикакүніне челлендж #өзін_өзі_басқару
22.10.2025
"Үнемді тұтыну" 8-сынып оқушысы Сакенова Балауса Жетекшісі: Нурдхан А. #адал_азамат
22.10.2025
Дене шынықтыру онкүндігі аясында оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 5–7, 8–11 сыныптар арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.
22.10.2025
#ЖелідегіҚауіпсіздік2025 #БезопасностьВСети2025 #ЦифрлықСауаттылық #ҚауіпсізИнтернет @orken_instituty
22.10.2025
#ЖелідегіҚауіпсіздік2025 #БезопасностьВСети2025 #ЦифрлықСауаттылық #ҚауіпсізИнтернет @orken_instituty #Жас_Ұрпақ
21.10.2025
Республика күніне орай сынып сағаттары ұйымдастырылып, оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыру, елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында түрлі танымдық және тәрбиелік шаралар өткізілді. Сынып: 1 Сынып жетекшісі: Иманжүсіп Б.Т. #республикакүні
21.10.2025
Тақырыбы: "Қазақ елі менің- Отаным" Мақсаты: Оқушыларға туған елге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, ұлттық рухты көтеру, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Нурдхан А. #республикакүніқұттыболсын
21.10.2025
Эссе тақырыбы: Менің Қазақстаным “Менің Қазақстаным” эссе байқауының мақсаттары: 1. Отансүйгіштікке тәрбиелеу – Қатысушылардың туған жеріне, еліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру. – Қазақстанның тарихы мен жетістіктерін мақтан тұтуға баулу. Мектепішілік байқау ұйымдастырылды.Эссенің мазмұны мен қатесіз жазылуына мән берілді. Қорытынды бойынша 1-орынды 9-сынып оқушысы Иманзада Айнур, 2-орын 8-сынып оқушылары Сакенова Балауса, Аманбаева Амина, 3-орын 6-сынып оқушылары Келденбек Алихан,Мұратжан Еркеназ,Қайрат Айару иеленді. Оқушылар мадақтамалармен марапатталды. Қазақ тілі пәні мен әдебиеті мұғалімі: Рамазан Р.Ә. ДТІЖО: Холганат Д.