Текст
20.10.2025
«Еңбегі адал жас өрен» (Күзгі «Асар» қайырымдылық жәрмеңкесі аясында) Мақсаты: Оқушыларды адал еңбекке, ұжымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу; «Асар» дәстүрі арқылы бір-біріне көмек көрсету рухын жандандыру; Еңбек пен ізгі амалдың қоғамдағы орнын түсіндіру; Өз қолымен өнім жасап, сатуды үйрету арқылы кәсіпкерлікке баулу. Міндеттері: 1. Оқушылар еңбегінің жемісін көрсету (қолөнер, тағам, көкөніс, т.б.); 2. Табиғи өнімдерді пайдаланып экологиялық сана қалыптастыру; 3. Жиналған қаражатты мұқтаж отбасыларға немесе мектепке қажетті жабдықтарға жұмсау; 4. «Асар» дәстүрінің мәнін сахналық қойылым, өлең, көрме арқылы таныту. Іс-шара форматы: Күзгі асар жәрмеңкесі Оқушылар өз қолдарымен жасаған тағамдар, тосаптар, бұйымдар, суреттер сатады; «Адал еңбек – береке бастауы» атты бұрыш ұйымдастырылады; Қайырымдылық қорына үлес қосу. Ұйымдастыру кезеңдері: 1. Дайындық — топтарға бөлу, өнім түрлерін анықтау, жарнама жасау. 2. Жәрмеңке күні — киіз үй, күзгі безендіру, ұлттық тағамдар, қолөнер. 3. Қорытындылау — есеп беру, белсенді қатысушыларды марапаттау. ДТІЖО: ХОЛГАНАТ Д. #адал_азамат
20.10.2025
2025 жылғы 17 қазан «Жасыл әлем!» экологиялық шығармалар онлайн байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға Астрахан ауданының 14 білім беру ұйымынан 44 оқушы қатысты. 3 жас топтары бойынша жұмыстар қаралды. 1 топ: 5-6 сыныптар; 2 топ: 7-8 сыныптар: 3 топ: 9 -11 сыныптар. Мақсаты: қоршаған ортаның құндылығын түсіну, табиғатты сақтау жауапкершілігі, үнемді тұтыну және экология мәселелері туралы хабардар болу. "Жасыл әлем"конкурсы бойынша Аманбай Ерсін 5-сынып оқушысы 3-орын,Мұратжан Еркеназ 6-сынып оқушысы 2-орын Тәрбиелік мәні бар тағылымы терең шараларға қатысып содан ғибрат алайық оқушылар! ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН
17.10.2025
Қарттарға қамқорлық айлық жоспарына сәйкес мектебіміздің "Өзін-өзі басқару ұйымы"қарттарға көмектесті. Тәлімгер: Иманжүсіп Б.Т. #қамқоржобасы
17.10.2025
Алтын түлек олимпиадасына 11-сынып оқушысы Омар Жанель қатысты. ДОІЖО: Рамазан Р.Ә.
17.10.2025
Құтқарушылар күніне орай құттықтау челленджіге қатысамыз! ДТІЖО: ХОЛГАНАТ Д. #ҚұтқарушыКүні, #ДеньСпасателя, #ҚұтқарушыларғаРахмет, #СпасибоСпасателям, #ҚазақстанҚұтқарушылары, #СпасателиКазахстана, #БізСіздерменМақтанамыз, #МыГордимсяВами.
17.10.2025
"Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша" Диктант өткізілді.9,10,11-сыныптар қатысты. ДОІЖО Рамазан Р.Ә.
17.10.2025
Мектебімізде "Тіл-қазына"тақырыбында "Ұлттық диктант өткізілді.8,9,10,11-сыныптар қатысты. ДОІЖО Рамазан Р.Ә.
17.10.2025
17.04 күні жоспар бойынша 1-4 сынып оқушылары "Күзгі сый" тақырыбында көрме ұйымдастырып,алтын күзге арналған тақпақтарын айтты
17.10.2025
17-қазан күні шахматтан мектепішілік жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және спортқа деген қызығушылығын арттыру. Сайысқа 6-9 сынып оқушылары қатысып, тартысты ойындар көрсетті.
17.10.2025
2025 жылдың 17 қазан күні өткізілген «Shadow Day – Дублёр күні» жалпы республикалық жобасы аясында мектебіміздің оқушылары түрлі мамандық иелерінің рөлін сомдап, олардың қыр-сырымен танысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға кәсіптік бағдар беру, еңбек адамын құрметтеуге, түрлі салалардағы мамандардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу болды. Оқушылар дәрігер, аспаз, ұстаз, балабақша тәрбиешісі және мектеп директоры сияқты мамандық иелерін бейнелеп, әр мамандықтың маңызын түсініп, қызығушылықтарын арттырды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, болашақ мамандық таңдауда үлкен серпін береді. Кәсіптік бағдар беруші: Кабдрахманова Г.О