Текст
30.03.2026
4-сынып оқушыларымен "Кітап – рухани қазына" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру; Кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру; Рухани байлықты бағалай білуге, білімге құштарлыққа тәрбиелеу; Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту. Сынып жетекшісі: Байдаулетова А.И. #адал_азамат
28.03.2026
#көктемгідемалыс Оқушылар тарихи кинолар көрді.
27.03.2026
"ШЖМ-де цифрлық білім беру экожүйесі" тақырыбы бойынша ЖИ жетекшісі Қалдыбек Айсана Бейбітқызы мектеп мұғалімдерімен шеберлік сабағын өткізді. Сабақ мектебіміздің білім сапасын арттыру үшін цифрлық технологияларды жүйелі түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді. Негізгі міндеттер: * Педагогтерді цифрлық экожүйенің құрылымымен таныстыру; * Біріктірілген сыныптарда цифрлық платформаларды қолданудың тиімді әдістерін көрсету; * Мұғалімдердің АКТ-құзыреттілігін арттыру. -Шеберлік сабағы келесі кезеңдерді қамтыды: * Теориялық блок: «Цифрлық экожүйе» түсінігі және оның ШЖМ үшін маңыздылығы (ресурстарды үнемдеу, қолжетімділік). * Практикалық блок: Қатысушылар OnlineMektep, Google Classroom және Canva сияқты сервистерде интерактивті тапсырмалар дайындап, «аралас оқыту» (Blended Learning) моделін ШЖМ форматында сынақтан өткізді. * Тәжірибе алмасу: Біріктірілген сыныптарда оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін цифрлық құралдар арқылы қалай ұйымдастыру керектігі талқыланды.
27.03.2026
Сынып жетекшілер отырысы (жиналысы)ұйымдастырылды. Мектептегі тәрбие жұмысын үйлестіру, тәжірибе алмасу және оқушылардың дамуына бағытталған маңызды жиналыс. Мақсаты Сынып жетекшілер отырысының негізгі мақсаты- оқушылардың тәрбиесі мен білім сапасын арттыруға бағытталған тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру және үйлестіру. Міндеттері Сынып жетекшілер отырысында келесі міндеттер жүзеге асырылады: 1. Тәрбие жұмысын жоспарлау Жылдық немесе тоқсандық тәрбие жоспарын талқылау Мектептің тәрбие бағытына сәйкес жұмыс ұйымдастыру 2. Тәжірибе алмасу Үздік сынып жетекшілердің тәжірибесін бөлісу Жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу 3. Оқушылар мәселелерін талдау Тәртібі, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жолдарын қарастыру Қиын жағдайдағы балаларға қолдау көрсету 4. Ата-анамен жұмыс Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру жолдарын талқылау Мектеп–ата-ана–оқушы байланысын нығайту 5. Құжаттарды реттеу Сынып журналдары, тәрбие папкаларының жүргізілуін тексеру Есеп беру жұмыстарын ұйымдастыру 6. Тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру Мерекелік, патриоттық, мәдени іс-шараларды жоспарлау Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал ететін түрлі жұмыстар мен ата-аналарды мектепке тарта білу. ДТІЖО: Холганат Д. #адал_азамат
26.03.2026
#көктемгідемалыс 8-сынып Сынып жетекшісі: Нурдхан А.
26.03.2026
#көктемгідемалыс 2-сынып Сынып жетекшісі: Жексембі Г.Т.
26.03.2026
#көктемгідемалыс 4-сынып Сынып жетекшісі: Байдаулетова А.И.
26.03.2026
#көктемгідемалыс 7-сынып оқушылары Сынып жетекшісі: Сатемір А.Қ.
26.03.2026
#көктемгідемалыс 2-сынып Сынып жетекшісі: Жексембі Г.Т.
26.03.2026
#көктемгідемалыс 3-сынып Сынып жетекшісі: Байдаулетова Р.Е.