Текст
07.04.2026
Тәрбие сағаты тақырыбы:"Салауатты өмір салтын сақтайық" #адал_азамат
07.04.2026
“Өмірге салауатты қадам” тақырыбында 3-сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты: Оқушылардың денсаулықтың маңызын түсінуіне, салауатты өмір салтын ұстануға деген көзқарасын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік іс-шара. Бұл тәрбие сағаты барысында оқушыларға дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, дене шынықтыру, зиянды әдеттерден аулақ болу туралы түсінік беру. Сынып жетекшісі:Байдаулетова Р.Е. #адал_азамат
07.04.2026
#адал_азамат
07.04.2026
5-сынып оқушыларымен 7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған тәрбие сағаты өтілді.Тәрбие сағатында басты денсаулық сақтау үшін не істеу керек әр оқушы өз жеке пікірін айта отырып пікір алмастық. Бүгінгі тәрбие сағатында біз денсаулықтың адам өміріндегі ең басты байлық екенін түсіндік. Денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, спортпен айналысу және зиянды әдеттерден аулақ болу қажет. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қараса, болашағы да жарқын болады. Есімізде болсын: Денсаулық – біздің қолымызда! деген ұранмен сабақты қорытындыладық. Сынып жетекшісі: Тынысбекова Ж.Ө. #адал_азамат
07.04.2026
"Өмірге салауатты көзқарас" 1-сынып Сынып жетекшісі: Иманжүсүп Б.Т #адал_азамат
07.04.2026
"Өмірге салауатты қадам" 4-сынып Сынып жетекшісі: Байдаулетова А.И. #адал_азамат
07.04.2026
8-сынып тәрбие сағаты тақырыбы: "Өмірге салауатты қадам" Сынып жетекшісі: Нурдхан А. #адал_азамат
07.04.2026
Өнідіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушыларына арналған «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар салауатты өмір салтының маңыздылығы, дұрыс әдеттер мен болашаққа жауапкершілік туралы ой бөлісті. Сонымен қатар «Заманауи көлік – жоғары қауіптілік аймағы» тақырыбы бойынша қауіпсіздік сабағы қозғалып, жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Осындай тәрбие сағаттары оқушылардың өмірге деген саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Сынып жетекшісі: Жапаров А.Қ. #адал_азамат
03.04.2026
3 сәуір “Жас маман” онкүндігінің жұмыс жоспарына сай PODCAST жүргізілді. Бұл подкаст — мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас маманның тәжірибелі, кәсіби ұстазбен емен-жарқын сұхбаты. Мұнда құрғақ теория емес, жылдар бойы жинақталған нақты тәжірибе, мектеп өмірінің "ішкі барысы" және оқушы жүрегіне жол табудың сырлары талқыланады. Тәжірибелі ұстаз өз жолындағы қиындықтары мен жетістіктерін бөлісе отырып, жас әріптесіне кәсіби тұрғыда "жанып кетпеудің" және алғашқы күннен бастап бедел жинаудың жолдарын көрсетеді. Мұғалім болу — тек диплом алу емес, ол — үлкен мектептің өміріне ену. Бұл сұхбат — жай ғана әңгіме емес, бұл екі буынның арасындағы рухани көпір. Тәжірибелі ұстаздың әрбір кеңесі — жас маманның болашақ жетістігінің іргетасы. Білім берудегі сабақтастық осылай жалғасады. Жауапты: Қалдыбек Айсана Бейбітқызы
03.04.2026
4-сынып ата-аналар мен жиналыс өткізілді. Сынып жетекшісі: Байдаулетова А.И.