Текст
31.03.2026
«Өндіріс ауылыныңЖОББМ» 3-сынып оқушысы Келденбек Ақбота демалыста «Қазақ ертегілері» оқып, мазмұнын түсіндіріп берді. Кітап оқығанды ұнататынын айтты.
31.03.2026
«Өндіріс ауылының ЖОББМ» 6-сынып оқушысы Қайрат Айару: Мен көктемгі демалыста «Аспан сыры» кітабын оқыдым. Бұнда Күн, Ай, Шолпан және «Әлемді тану мекеніміз Жерден басталады» демекші Жер туралы, т. б. қызықты мағлұматтармен таныстым. Кітапханашы: Жексембі К. Т.
30.03.2026
30 наурыз күні "Жас маман – жаңашылдықтың жаршысы" атты жас мамандар онкүндігінің ашылуы өткізілді. Онкүндік 30наурыз-10сәуір аралығында өтеді #жасмамандаронкүндігініңашылуы
30.03.2026
Тақырыбы: Кітап-рухани қазына 8-сынып Сынып жетекшісі:Нурдхан А.
30.03.2026
Тәрбие сағаты: "Кітап -рухани қазына" 2 сәуір -Халықаралық балалар кітабы күні. Бұл күн дат жазушысы, әйгілі ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай 1967 жылдан бері атап өтіледі. Мақсаты: Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру,рухани байлығын дамыту және балалар әдебиетінің маңыздылығын дәріптеу. Сынып жетекші:Сатемір А.Қ.
30.03.2026
2 сәуір-Халықаралық балалар кітабы күні! Бұл мереке 1956 жылдан бері Данияның ұлы жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың рухани дамуына ықпал ету.«Кітап-рухани қазына» 2-сынып. Жетекшісі: Жексембі К. Т.
30.03.2026
«Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ 6-сынып оқушылары арасында 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – рухани қазына» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар кітаптың маңыздылығы, оның адам өміріндегі орны туралы ой бөлісіп, өздерінің сүйікті шығармаларын таныстырды. Сонымен қатар, сынып сағаты аясында 10 минуттық қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылып, «Жалған және фейк ақпарат таратқан үшін жауапкершілік» тақырыбы түсіндірілді. Оқушыларға ақпараттың шынайылығын тексеру, жалған мәліметтің зияны және заң алдындағы жауапкершілік туралы мәліметтер берілді. Іс-шара танымдық әрі тәрбиелік мәнге ие болды. Сынып жетекшісі:Жапаров А.Қ #адал_азамат
30.03.2026
Тақырыбы: Кітап – сарқылмас қазына Сыныбы: 10 Күні: 30.03.2026 Сынып жетекшісі: Ахметов Думан Мақсаты: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, білімге деген қызығушылығын арттыру, кітапты қадірлеуге және көп оқуға тәрбиелеу. Міндеттері: • Кітаптың пайдасы туралы түсінік беру • Оқуға деген ынтаны қалыптастыру • Оқушылардың ой-өрісін дамыту • Сөйлеу мәдениетін жетілдіру Сынып жетекшісі: Ахметов Д.С.
30.03.2026
5-сынып Сынып жетекшісі: Тынысбекова Ж.Ө.
30.03.2026
1-сынып оқушылары Сынып жетекшісі Иманжүсүп Б.Т. #адал_азамат