Текст
16.02.2026
МИФ пәндік онкүндігінің аясында оқушылардың сабақ арасындағы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың эмоционалдық жағдайын көтеру, қозғалыс белсенділігін арттыру және ұжымдық ауызбіршілікті нығайту мақсатында көңілді үзіліс өтеізілді. Физика мұғалімі: Қалдыбек А.Б. #мифапталығы
16.02.2026
#өнегелі15минут
16.02.2026
5-сыныпта «Қауіпсіз қоғам» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға қоғамдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және құқықтық сауаттылықтарын арттыру болды. Сабақ барысында оқушылар мектептегі, көшедегі, қоғамдық орындардағы, жол қозғалысы мен интернет қауіпсіздігі ережелері туралы мәлімет алды. Жағдаяттық тапсырмалар мен пікірталас арқылы қауіпсіз мінез-құлық дағдылары қалыптастырылды. Нәтижесінде оқушылар қауіпсіз қоғам ұғымын түсініп, қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын меңгерді. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жауапкершілік құндылықтары нығайтылды. Сынып жетекшісі: Тынысбекова Ж. #адал_азамат
16.02.2026
Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Жол белгілері және олардың мақсаты» тақырыбында 6-сынып оқушыларымен арнайы тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың жол қозғалысы ережелеріне деген саналы көзқарасын қалыптастыру және әрбір жол белгісінің қоғамдағы атқаратын рөлін түсіндіру. Тәрбие сағатынан кейін, теориялық білімді практикалық дағдылармен бекіту мақсатында «Көшедегі қауіпті нысандардан қалай аулақ болуға болады?» атты арнайы қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды. Бұл сабақ ерекше назарды жол бойындағы (және оның маңындағы) кездесетін физикалық қауіптерге аударды. Жол белгілерін білу және көшедегі жасырын қауіптерді тану дағдылары оқушылардың болашақтағы өмірінде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Сынып жетекшісі: Жапаров А.Қ. #адал_азамат
16.02.2026
Тақырыбы: Қауіпсіз қоғам: “Жол белгілері және олардың мақсаты” 2026 жылдың 16.02 күні 7- сыныбында Қауіпсіз қоғам: “Жол белгілері және олардың мақсаты” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды жол белгілерінің топтарымен (ескерту, тыйым салу, нұсқау және т.б.) таныстыру және олардың атқаратын қызметін түсіндіру. Қауіпсіздік сабағы «Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпті сигналдар» Мақсаты: Оқушыларға қауіпті жағдайларды алдын ала тануды үйрету және «жоқ» деп айту дағдысын қалыптастыру. Оқушыларға көшеде, жолда ортадағы қауіпсіздік ережелері туралы түсінік беру. «Балалар, қауіпті адам міндетті түрде кинодағыдай бетперде киген немесе ашулы адам емес. Көбінесе олар өте сыпайы, жылы жүзді көрінуі мүмкін. Негізгі бөлім: Қауіпті сигналдар Оқушыларға бейтаныс адаммен сөйлескенде «қызыл жарық» жағылатын мына белгілерді есте сақтау керек: Көмек сұрау (Ересек адамның баладан көмек сұрауы): Ересек адам ешқашан бейтаныс баладан көмек сұрамауы керек. Егер ол: «Маған мына ауыр жүкті көтеруге көмектесші», «Көлігімнің ішіндегі затымды алып берші» немесе «Жол көрсетіп жіберші» десе — бұл басты қауіп сигналы. Артық жақындық (Жеке шекараны бұзу): Егер бейтаныс адам тым жақын келіп сөйлессе, қолыңнан ұстағысы келсе немесе иығыңнан құшақтаса — бұл қауіпті. Әрқашан «қол созым» қашықтығын сақтау керек. Құпия сақтауды өтіну: «Бұл біздің арамыздағы құпия болсын, анаңа айтпа» немесе «Сен ересексің, мұны ешкім білмесін» десе — бұл алдаудың белгісі. Сыйлық немесе ақша ұсыну: Тегін ойыншық, кәмпит, ақша немесе «жаңа компьютерлік ойынды көрсету» — бұл баланы қызықтырып, оқшау жерге алып кетудің әдісі. Ата-ананың атын жамылу: «Сенің анаң ауырып қалды, мені сені алып кетуге жіберді» десе, сенбеңіз. Алдын ала ата-анаңызбен «құпия сөз» келісіп қойыңыз, оның іс-әрекетіне қарауымыз керек». Сабақ барысында бейнеролик көрсетіліп, жағдаяттық тапсырмалар, сұрақ-жауап, пікір алмасу әдістері қолданылды. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, Қауіпсіз әрекет ету дағдыларын меңгерді. Сыныбы: 7 Сынып жетекшісі: Сатемір Айзира Қаржауқызы #адал_азамат
16.02.2026
«Қауіпсіз қоғам: Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында 8ыныппен сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты: Қауіпсіз қоғам қалыптастыру, құқықтық тәртіпті сақтау және әр азаматтың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру арқылы заң үстемдігін қамтамасыз ету. Нақтырақ айтқанда: Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру. Қоғамдық тәртіпті нығайту. Әр адамның өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауын дамыту Сынып жетекшісі: Нурдхан А. #адал_азамат
16.02.2026
«Қауіпсіз қоғам: Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында 10-сыныппен сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты: Қауіпсіз қоғам қалыптастыру, құқықтық тәртіпті сақтау және әр азаматтың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру арқылы заң үстемдігін қамтамасыз ету. Нақтырақ айтқанда: Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру. Қоғамдық тәртіпті нығайту. Әр адамның өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауын дамыту Сынып жетекшісі: Ахметов Думан #адал_азамат
16.02.2026
Тақырыбы: «Қауіпсіз қоғам. Мен сақ болсам – бәрі қауіпсіз» 16.02.2026 жылы 4 сыныпта «Қауіпсіз қоғам. Мен сақ болсам – бәрі қауіпсіз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға қауіпсіз қоғам ұғымын түсіндіру, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын ұғындыру және әр адамның жауапкершілігі арқылы ортақ қауіпсіз орта қалыптастыруға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушыларға қоғамдық орындардағы, жолдағы, мектептегі және интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілді. Төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету жолдары түсіндірілді. Оқушылармен пікір алмасу, сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар ұйымдастырылды. Сынып сағаты барысында оқушылар қауіпсіздік ережелерін қайталап, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау керектігін түсінді. Белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Қорытындысында оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр адамның міндеті екенін және «Мен сақ болсам – бәрі қауіпсіз» қағидасының маңызын ұғынды. Сынып жетекшісі: Байдаулетова А.И. Күні: 16.02.2026 жыл
16.02.2026
«Қауіпсіз қоғам. Мен сақ болсам – бәрі қауіпсіз» тақырыбында 1-сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, өз өмірі мен айналасындағылардың амандығына жауапкершілікпен қарау туралы түсіндірілді. Сабақ қызықты әңгіме, сұрақ-жауап және жағдаяттық тапсырмалар арқылы ұйымдастырылды. Оқушылар күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын үйреніп, қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін есте сақтаудың маңызын түсінді. Тәрбие сағаты балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Сынып жетекшісі: Иманжүсүп Б.Т. #адал_азамат
16.02.2026
Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ-сі 2026 жылғы 1-31 наурыз аралығында «Ақмола облысы білім басқармасының Өндіріс ауылының» КММ-сі ресми интернет-ресурсында 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерін қоғамдық талқылау өткізілетінін хабарлайды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты барлық ниет білдірушілерді талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз.