Текст
16.01.2026
"Ой ояту мақсатында мұғалімдермен тренинг жүргізілді" Мақсаты:тәжірибе алмасу, ынтымақтасу, жағымды орта қалыптастыру Тренинг өткізген мұғалім: Тынысбекова Ж.Ө. #адал_азамат #ойоятайық
13.01.2026
Мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі 10 қаңтар күні Нурдхан Айнагүл мұғалім 60жасқа толды. Құттықтаймыз!
13.01.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Ұлы тұлғалардың өзі ұстазының алдында шәкірт болып қала береді. Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында. Менің мақсатым – ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу», - деп атап өтті. «Ұстаздар туралы даналық сөздер» айдары – педагог мамандығының қоғамдағы ерекше рөлін, оның ұлы миссиясын айшықтайтын ұлы тұлғалардың ой-пікірлерін ұсынады. #ПедагогМәртебесі #СтатусПедагога
13.01.2026
2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындысы
12.01.2026
#заңментәртіп
12.01.2026
#заңжәнетәртіп
12.01.2026
1-сынып оқушыларымен “Бала және заң” және “Жарақаттанған кездегі алғашқы медициналық көмек” тақырыптарында сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат алып, төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді үйреніп, алғашқы көмек көрсету ережелерімен танысты. Сынып сағаты танымды әрі тәрбиелік мәнге толы болды. Сынып жетекші: Иманжүсүп Б.Т. #заңжәнетәртіп #адал_азамат
12.01.2026
«Менің құқықтарым – менің міндеттерім» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат алып, күнделікті өмірде оларды қалай қолдану керектігін талқылады. Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды. Сынып жетекшісі: Байдаулетова А.И. #заңжәнетәртіп
12.01.2026
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Өндіріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 6-сынып оқушылары арасында «Құқықтық мәдениет және оның маңызы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағатын сынып жетекшісі А. Жапаров өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға құқықтық мәдениеттің мәнін түсіндіру, заңды құрметтеуге, тәртіп пен жауапкершілікке баулу, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс ажырата білуге үйрету. Сабақ барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдары, мектеп ережелері, қоғамдағы тәртіпті сақтаудың маңызы туралы түсіндірілді. Түрлі өмірлік жағдайлар мысалға алынып, оқушылардың белсенді қатысуымен пікір алмасу жүргізілді. Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң мен тәртіпті сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды. Сынып жетекші: Жапаров А.Қ. #заңжәнетәртіп #адал_азамат
12.01.2026
Қыс-қауіпсіздік маусымы: бала тәрбиесі мен тәртібі тақырыбында Ата-аналар жиналысы өткізілді. ДТІЖО: Холганат Д. #адал_азамат